ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі. 1 страницаСыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды. Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады. 1. Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер.Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады. 2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін"(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер"жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды. 3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады. А. Көру туйсіктері. Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады. Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жа-сыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сүр түстері) болып екіге бөлінеді. Ә. Есту түйсіктері Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ В. Дәм туйсіктері Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің үшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды. Г. Тері туйсіктері Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес. Ғ. Сипай сезу туйсіктері Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады. 2 Органикалық туйсіктер Түйсіктердің екінші тобына — органикалық туйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатыы сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, деыі сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді. Е. Кинестезиялық туйсіктер Кинестезиялық туйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары. Ж. Тең басу шуйсіктері Мұндай — туйсіктерді статикалық туйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. 3. Вибрациялық туйсікте Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.
9. Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз А. Сезгіштік және табалдырық Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Ә. Адаптация Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді. Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана керсетстін қүбылыс болып табылады. В.Синестезия Г. Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес) Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жүмса (көзді жүмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізігі айқын көре алады.
10. Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз Түйсіктің модалдылығы бойынша жіктелуі кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөледі: көру, есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодалды түйсіну де бар – синестезия. Ч. Шерингтонның түйсікті жіктеуі де танымал, ол келесі түрлерге бөледі: · Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады; · Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді; · Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу процесін бейнелеу кезінде пайда болады. Түйсіктің барлық түрлері ортақ психофизиологиялық заңдылықтарға бағынышты. Қандай да бір түйсінудің пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір көлемдегі қарқындылыққа ие болуы керек. Әлсіз байқалатын түйсінуді шақыратын тітіркендіргіштің минималды көлемі түйсінудің абсолютті төменгі табалдырығы деп аталады. Бұл әлсіз тітіркендіргіштерді сезіну қабілеттілігі абсолютті сезгіштік деп аталады. Ол әрқашан абсолюттік сандарда көрінеді. Мысалы, түйсінудің пайда болуы үшін 1 кв.мм денеге 2 мг-дық әсер ету болса жеткілікті. Абсолютті сезгіштікпен қатар айырма сезгіштікті де бөліп көрсетуге болады - әр түрлі интенсивтегі әсер етуге сезімталдылық. Айырма сезгіштік түйсіктің болар-болмас айырмашылығын тудыратын екі тітіркендіргіштің минималдық айырмасын шақыратын айырма табалдырықпен сипатталады. Айырма табалдырық – бұл берілген тітіркендіргіш күшіндегі түйсінудің әлсіз өзгеруін алу үшін алғашқы тітіркендіргіш күшін қосу (немесе төмендету) керек. Мысалы, 1 кг жүктің үстіне 10 гр қосса, айырмашылығын ешкім сезбейді; салмақтың артқанын сезу үшін алғашқы салмақтың 1/3 бөлігін қосу қажет, яғни 33 г. Сонымен жүк ауырлығына қатысты айырма табалдырық алғашқы тітіркендіргіш күшінің 1/30 бөлігіне тең. Айырма табалдырыққа қатысты сауленің жарықтығы 1/100-ге; дауыс күші 1/10-ға; дәм сезу 1/5-ке тең. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан Бугер мен Вебер болды. Бугер-Вебер заңы тітіркендіргіш қарқындылығының ортақ аймағына қатысты. Басқаша айтқанда, бұл табалдырықтар өте әлсіз және өте күшті тітіркендіргіштер болғанда өз мәнін жояды. Мұны Фехнер айтқан. Бұл заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен арта түседі. Түйсіктің төменгі және жоғарғы абсолюттік табалдырықтары (абсолюттік сезгіштік) адамзат сезгіштігінің шегін сипаттайды. Бірақ әрбір адамның сезімталдылығы әр түрлі жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы, қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашында заттарды айыра алмаймыз, бірақ біртіндеп жағдайдың әсерінен анализатор сезгіштігі артады. Темекі шеккен немесе басқадай иісі бар бөлмеде тұрып, біз біраз уақыттан кейін осы иістерді сезбей қаламыз (анализатор сезгіштігі төмендейді). Қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда көру анализаторының сезгіштігі төмендейді. Қоршаған орта тітіркендіргіштеріне бейімделу нәтижесіндегі анализаторлар сезгіштігінің өзгеруі адаптация (бейімделу) деп аталады. Әр анализаторлардың бейімделу диапазоны және жылдамдығы әр түрлі. Кейбір тітіркендіргіштерге жылдам, ал кейбіреулеріне баяу бейімделеді. Жылдам бейімделетін сипап сезу және тактильді анализаторлар. Йодтың иісіне толығымен бейімделу бір минуттан кейін болады. Үш секундтан кейін тітіркендіргіш күшінің 1/5 түйсінуге болады. Тағып тұрған көзәйнекті орнынан қозғалту. Есту, көру, дәм сезу анализаторлары баяу бейімделеді. Қараңғыға толығымен бейімделу үшін 45 мин керек. Осы уақыттан кейін көру сезгіштігі 200 000 есе үлкейеді (бейімделудің ең жоғарғы диапазоны). Адаптация жағдайы мақсат-бағдарлы биологиялық мәнге ие. Ол әлсіз тітіркендіргіштердің сезілуіне көмектеседі және анализаторларды өте күшті тітіркендіргіштерден қорғайды. Сезгіштік тек сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана емес, сонымен қатар ішкі жағдайға да байланысты. Ішкі (психикалық) факторлардың әсерінен анализаторлар сезгіштігінің жоғарылауы сенсибилизация деп аталады. Мысалы, әлсіз дәм сезу түйсігі көру сезімталдылығын жақсартады. Бұл анализаторлардың өзара байланысымен, олардың жүйелі жұмысымен түсіндіріледі. Сенсибилизация, сезгіштіктің асқынуы тек түйсіктердің өзара әрекетімен ғана емес, сонымен қатар ағзаға кірген физиологиялық факторлардың әсерімен де шақырылуы мүмкін. Мысалы, көру сезгіштігін жоғарылату үшін А витаминінің маңызы зор. Адам қандай да бір әлсіз тітіркендіргішті күткенде, тітіркендіргіштерді айыру сияқты арнайы тапсырма берілген кезде сезгіштік жоғарылайды. Жеке адамның сезгіштігі жаттығу нәтижесінде ширайды. Мысалы, дегустаторлар иіс сезу және дәм сезу сезгіштіктерін арнайы жаттықтыра отырып, әр түрлі шарап, шай сорттарының айырмашылықтарын, қайда және қашан жасалғанын анықтай алады. Қандай да бір сезгіштіктен айырылған адамдарда осы кемшілігінің орнына басқа мүшелерінің сезгіштігі артып, компенсация жүреді (мысалы, соқыр адамдарда есту және иіс сезу сезгіштіктері жоғары болады). Түйсіктердің өзара әрекеті кейбір жағдайда сезгіштіктің жоғарылауына, сенсибилизацияға, ал кей жағдайда сезгіштіктің төмендеуіне, десенсибилизацияға әкеледі. Бір анализаторлардың күшті қозуы әрқашан басқа анализаторлар сезгіштігінің төмендеуіне әкеледі. Мысалы, шулы цехтағы шудың жоғары деңгейі көру сезгіштігін төмендетеді. 11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз Қабылдау - түсінігі мен қабылдау табиғаты. Заттар мен күбылыстардың өз қасиеті мен бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі түтас түрде бейнеленуі. Белгілі бір заіты сезіп түйсіну қабылдаудың айрықша қасиеті болып табылады. Қабылдау мүмкіндіктері тек сезім тітіркендіргішке жауап беру ғана емес, сонымен қоса белгілі бір заттың сипаты ретінде сезімтал түйсіну болып табылады. Ол сенсорлық жэне қозғалыс аппараттарыньщ жете дамуын болжамдайды. Оның эрекетпен осы байланысы адамда қабылдаудың даму тарихының жолын анықтайды. Бүл ерекше таным әрекеті болып табылады. Мұнда жеке санада пайда болатын бейнені затпен сальтстыру, беттестіру болып табылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|