Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі. 5 страница




 

31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз

Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

· Бейнелеу қызметі;

· Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

· Қолдаушы Қызметі;

· Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

· Коммуникативтік қызметі;

· Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады.

32 Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз

Жоғары деңгейдегі сезімдер - акыл-ой (интеллектілік), эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер.

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

· оқуға деген қабілеттілік;

· қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.

Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:

· абстрактылы интеллект,

· ересектер зияты,

· нақты интеллект,

· кристалданғая интеллект,

· қарапайым интеллект,

· жануарлардың зияты,

· жасанды интеллект.

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея).

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

· Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;

· Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;

· Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;

· Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.

Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.

Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы, ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.

Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады.

Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Мәселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс және қажеттi шешiмдер қабылдайды делiк. Алайда, сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап, жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын игеруде дәрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға қойған iстi практика жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай қалды. Оларды жүзеге асыруға ерiк күшi жетпей қалды. Демек, бiр нәрсенi саналы ұғыну дегенiңiз әрекет жасаумен барабар емес. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда - сезiмнiң әрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады. Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-құлықты ұстамды ету құралы да бола алады. Мәселен, ұят сезiмi жағымсыз қылық жасауға тыйым салғандай болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге берiлмей әрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы, түнде далаға шығу қорқынышты-ақ, әйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi нәрсенi алып келедi. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi.

34 Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз

Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив- оның түрлі қажеттері.
«Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның
Орыс ғалымдары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі
Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына
И.П.Павлов «... еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз – еріктің ең қарапайым
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның ЕРІКТІК АМАЛДЫ ТАЛДАУ
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің орындалу
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның
Мотивтер күресін Н.В.Гоголь «Үйлену» комедиясында жақсы көрсеткен. Некесі
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі- қандай болмасын тоқтамды
ЕРІК САПАЛАРЫ
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу,
Тоқтамға келгіштік
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті
Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісін аздыкөпті
Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге
Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да
Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе
Баланы коллективтегі ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу,
Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы,
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін
Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу
Ерлік.
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол
Осы айтылған ерік сапаларымен әр адам өз басын
Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу
Сөз бен істе әділ болу.
Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы.
Тоқтамға келе алу.
Өзін жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау
Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге
Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсе
Әр кеш өзің істеген іске мұқият есеп беріп
Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда
10. Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу.
Балалардың бойына кез келген ерік сапаларын қалыптастыра беруге
Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылықтарды жеңуде барлық күш-жігерін,
Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан
ЕРІКТІҢДАМУЖӘНЕОНЫТӘРБИЕЛЕУ
Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түріндегі ырықты қозғалыстар
Баланың еркін тәрбиелеуді неғұрлым жас кезінен бастау қажет.
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі-қыңылық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында (әсіресе, бөбектерде) кездесетін
Мектеп жасына дейінгі балаларда қасарыспалық та жиі ұшырайды.
Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз ойлағанын
Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса,
Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу,
Ерікті шыңдау имандылық тәрбиесінің басты мәселелерінің бірі.

35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз

Сыртқы бейнесі мен тұр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі – осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, “красис” деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері.Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.

Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.

Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы – табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.

36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
Гуморальді теориялар; Конституционалды теориялар;
Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.
«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик(chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент -sanguis (қан), флегмативтік темперамент — рһlegma (шырын), меланхоликтік темперамент — melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных