ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі. 2 страницаҚабылдау түрлері. Қабылдауды топтастырудың бірнеше түрі бар. Алғашқы топтастыру рецсптор модальдыгынан шығады. Мүнда есту, көру, сипап сезу қабылдауы болып бөлінеді. Екіншісі материяның өмір сүру формаларына негізделген. Бү_ған заттарды, уақытты, қарым-қатынасты, қозғалысты, кеңістікті жэне адамды кабылдау жатады. Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін. Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы). Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану. Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді. Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да). Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз. Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз. Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі. Қабылдау тұрақтылығы заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді. 12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру. Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы). Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Ерекшеліктері. 1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз. 2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады 4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын, түрін, көлемін қате қабылдау. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады. Уақытша қабылдау. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады. Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді. 13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сөйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны көру 2 анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мысалы: заттың көлемі мен түрін қабылдау – көру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікте орналасқан заттың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (биноқулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (моноқулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады. Биноқулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сөзі, қазақша жақындату деген мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды (Аккомадация – латынның аккомадатио деген сөзі, қазақша көз үйрету деген мағынаны білдіреді). Көздің аккомадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі. Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса да, өзі соқтығысып қалатындай көрінеді. Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам өмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды. Ал адамның уақыты мағыналы, қызықты істерге толы болса, уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Сол сияқты балалар үшін болашақ алыс, өтпейтін болады да, ересектер үшін тез өтіп кеткендей болады. Қабылдау ойластырылған (ықтиярлы) және ойластырылмаған (ықтиярсыз) деп бөлінеді. Ойластырмай қабылдау айналадағы заттардың ерекшеліктерін қабылдау. Мысалы: көшеде келе жатып машинаның гүрілін, адамдардың сөзін естиді. Осы қабылдауда алдын – ала мақсат болмайды. Ойластырып қабылдауда адам алдына мақсат қояды. Объектіні таңдап алады. Мысалы: концерт тыңдау, баяндама тыңдау т.б. 14. Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты. 1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады. 2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады. 3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу. 4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан болады. 5. Материалдың керексіз болуы. 6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады. Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі. Мектепте мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек. 15. Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Ес мынадай түрге бөлінеді. 1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. 2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан өткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда өтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды. 3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады. 4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған. Адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді. Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады. Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады. Ұзақ, мерзімдік ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады. Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану - бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы көргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|