Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз 2 страница




Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Ал магистранттар болашақ педагогтер болғандықтан, олар аталмыш салада кәсіби маман болуы үшін төмендегідей қабілеттіктерге ие болуы шарт:

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұймыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

 

49. Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз

Қарым-қатынаста комплимент айтудың маңызы зор. Комплимент пен жағымпаздыққа ортақ ешнәрсе жоқ, себебі кез-келген адамда мақтауға тұрарлықтай қасиеттер болады. Соны байқап, бағалап ашық түрде жеткізе білу – комплимент айту шеберлігі б.т. Комплимент адамға деген жылы қарым-қатынастың көрінісі. Ол басқа адамдардың жақсы жақтары мен қабілеттерін тауып, оны ары қарай дамытуға ықпал жасайды. Адамның өз-өзіне деген сенімі мен өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. Адамдар комплимент сияқты мақтау сөздерді әрқашан қажет етеді. Т.Пейн «Бір-екі жылы сөз адамды бақытты етсе, оны бұндай бақыттан бас тартқызу үшін оңбаған болу керек» деген.

Комплимент екідайлы мағынасыз болу керек. Асыра айту, ақыл айту, түзетуді комплимент айту кезінде қолданбаған жөн. Комплиментті ұялмай, жасанды көрінбес үшін сенімді тонмен айту керек. Оны айтудың уақытын дұрыс таңдаңған жөн. Сонымен қатар қайталанбайтындай оригиналды болғаны жөн, жаттанды сөздер адамда теріс эмоция туындатуы мүмкін. Әрқашан комплимент пен жағымпаздықты ажырата біліңіз.

Сонымен комплимент айтудың мақсаты – әңгімелесушінің көңілін көтеру, ары-қарайғы сізбен серіктестікке жол ашу. Мақтау – әңгімелесушінің қасиеттеріне жағымды баға беру. Әр адам мақтауды қажет етеді.

Комплимент айтудың психологиялық ережелері: сұхбаттасушының ішкі жан дүниесіне назар аударыңыз; сұхбаттасушының жасырын артықшылықтарына назар аударыңыз; комплименттің шынайылығы; комплимент жалпы емес барынша нақты болуы керек;

Комплименттің көптеген функциялары бар:

1. Комплимент айтылатын адамның көңілін көтеру. Кез-келген адам жасы да кәрісі де, әйел адам да ер адам да оларға сүйсініп қарағанды ұнатады. Комплимент бағытталып тұрған адамның ғана емес, айтып тұрған адамның да көңіл-күйін көтереді.

2.Комплименттің көмегімен адамға кейбір жоқ немесе әлсіз көрінетін қасиеттердің бар екенін сендіруге болады, немесе кейбір кемшілігін жөндеуге болады, мысалы ұқыпсыздық. Ол үшін оны осы бағыттағы кіші болса да жақсы нәтижелері үшін мақтау керек.

3. Жалпы алғанда комплимент – қарым-қатынас элементі. Комплименттің көмегімен қарым-қатынасты түзетуге, дұшпанмен достасуға болады. Егер күйеуі әйеліне жиі комплимент айтып отырса бұндай отбасында ұрыс-керіс ықтималдығы өте төмен болады.

50. Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз

Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.). Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).

Тоқтамға келгіштік. Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.

Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жӛнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады. Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді.

Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Табанды адам алған бетінен қайтпай, кӛздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды.

Ұстамдылық. Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады

Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.

Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре

бермейді. Ол ӛзінше ойлайтын, ӛздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың

айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын

кӛзбен қарап, ӛз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша

сипаты.

Шыдамдылық. Адам ӛзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың

кӛптігіне, не болмаса ӛзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан

алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып

қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық

кӛрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз__

51. «Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз

Психология грек тілінен аударғанда «жан туралы ғылым». Адам мен жануарлардың іс – әрекетінің құрылымын және үдерістерін түсіндіру психология ғылымының негізгі мақсаты болмақ. Психологияның негізгі үш түрі бар:

- фундаменталды – психологиялық қызметтінің заңдылықтары, қызметтерін көрсетеді;

- қолданбалы - фундаменталды психологияға сүйене отырып, психикалық қызметтерді шынайы жағдайларда зерттейді;

- практикалық – психологиялық білімдерді практикада қолданады.

Психология көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Психологияның ғылым салаларымен байланысы (смежный) араласқан түрінің пайда болуына байланысты. Яғни психологияның аталмыш салалары оның заңдылықтарын қолдана отырып, белгілі бір кәсіп ерекшеліктерін зерттейді. Мысалы, жеке тұлға психологиясы психологияның антропологиямен байланысына алып келсе, оның психиатриямен байланысы патопсихология, клиникалық психология, психосоматика, аномалды даму психологиясы, нейробиология, анатомия, орталық жүйке жүйесі физиологиясымен байланыс нейропсихология, психофизиология салалары арқылы, генетикамен психогенетика, дефектологиямен арнайы психология, лингвистикамен психолингвистика арқылы, криминалистикамен жәбірленуші психологиясы салалары арқылы байланыс орнатады.

Химия пәнімен психология да ұқсас ғылымдар. Себебі, химия қоршаған орта құбылыстарын түсіндірсе, ал психология адам, жануарлар іс – әрекетін түсіндіреді. Мысалы, адам у беру арқылы өлтірілген делік. Психолог мамандар, не себепті қылмыскер ондайға барды, не итермеледі, оның қылмыскер болып қалыптасуына қандай себеп (ата – ана тәрбиесі, достар, ұстазы) секілді мәселелерді зерттесе. Ал химиктер, өліктің өлген уақытын ағзадағы өткен түрлі биохимиялық үдерітердің нәтижесінде түзілетін заттар мөлшері арқылы, удың құрамын (мышьяк болса, оған тән сапалық реакция арқылы анықтау) зерттеу мәселелерін зерттейді.

 

52. Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендіреді, Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді (1 кестеде көрсетілген).

Э. Эриксонның тұлға даму концепциясы.

1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.

2.Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.

3.Ерте балалық шақ ( 3-5 жас шамасында)Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.

4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы.

6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.

7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.

8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.

 

53. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз

Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады.

Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.

Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады.

Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады.

Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды.

Ұстамдылық. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады.

Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады.

Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысты болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды.Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi.Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен

54. «XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз

Бүгінгі қоғам ағымдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар заманында өмір сүріп жатыр. Бұл адамның психологиясына да өз әсерін тигізуде. Адамдардың бойында ашушаңдық, бойкүйездік, зейіннің төмендеуі сияқты кері мінез-құлықтың пайда болуын тудыруда. Бұл ересектермен қатар мектеп жасындағы, тіпті кішкентай балалардың бойында да байқалады. Балалардың бойындағы агрессивтілікті түсінбей ата-ана да, ұстаз да дабыл қағуда

Бүгінгі студент технократ, яғни ақпаратты көбіне компьютер, телевизор сынды жедел ақпарат көзінен жинақтайды. Бүгінгі қоғамда болып жатқан экономикалық дағдарыс, экономикалық тұрақсыздық, ақпараттық технологиялардың жедел дамуы тікелей баланың психологиясына ісер етеді. Баланың дене бітімі жасына қарай өзгереді. Ал психасының дамуы әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бала жеке тұлға ретінде қоғамдық ортада қалыптасады. Осы ортада болыпжатқан құбылыстардың барлығы-баланың шарықтап өсуі, экономикалық тұрақсыздық, қаладық жердегі халықтың тығыз орналасуы, адамдардың күнкөріс мақсатында бір-біріне көңіл бөлуге уақыттың жеткіліксіздігі, жүйке жүйесінің тұрақсыздығы, кептелістер, айналадағы шу ересектермен бірге балалардың да психикасына кері ықпал етуде.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных