Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз 4 страница




Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.

Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.

58. Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз

Бәрімізге белгілі адамдар темпераменті бойынша 4 типке бөлінеді:

- сангвиник;

- холерик;

- флегматик;

- меланхолик.

Сангвиник (группадағы осы типке сәйкес келетін группаластардың атын жазу):

Артықшылықтары:

- көңілді;

- адамдармен жылдам тіл табысады;

- жаңа жерге жылдам бейімделеді;

- сөйлеу барысы айқын, ыммен (жест) мимиканы қолданады;

Кемшіліктері:

- біртектілікті ұнатпайды (однообразие);

- көңіл – күйі қоршаған ортаға тәуелді, құбылмалы.

Флегматик (группадағы осы типке сәйкес келетін группаластардың атын жазу):

Артықшылықтары:

- салмақты;

- қолға алған істі ойланып, аяғына дейін жеткізеді;

- жігерлі;

- көңіл – күйі бір қалыпты;

- қоршаған орта жағдайларына салқынқанды қарайды.

Кемшілігі:

- белсенділігі төмен;

- өзіне немесе өзге деген енжарлық таныту.

Холерик (группадағы осы типке сәйкес келетін группаластардың атын жазу):

Артықшылықтары:

- қолға алған істі жылдам, қызығушылықпен орындайды;

Кемшіліктері:

- бірбеткей;

- күйгелек;

- қызба;

- салмақты емес;

- төзімді емес.

Меланхолик (группадағы осы типке сәйкес келетін группаластардың атын жазу):

Артықшылықтары:

- өздері үйренген орталарда жемісті қызмет атқарады;

- өздері үйренген орталарда салмақты;

- сезімдері тұрақты.

Кемшіліктері:

- ұялшақ;

- тұйық;

- жалғыздықты жақсы көреді

59. Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады. Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланың білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды.

Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.

Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады. Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық.

60. Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. Тұлға даму деңгейлеріне мән беріп, тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар.
Эриксонның ұсынған даму деңгейлерін қарастырайық.
Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)

Өмірлік жолдың деңгейлері Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапалары Прогрессивтік даму нәтижесі
1. Ерте нәрестелік шақ (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам Сенімділік-сенімсіздік Энергия және өмірлік қуаныш
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1-3 жас) Ата-аналар Автономия-қобалжу, ұялу Тәуелсіздік
3. Ерте балалық шақ (3-6 жас) Ата-аналар, ағалары мен апалары Инициативтілік-кінә сезімі Мақсаттылық
4. Орта балалык шақ (6-12 жас) Мектеп, көршілер Қолжеткізу-толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру
5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар Топтары Біртектілік-біртектілік диффузиясы Өзін-өзі анықтау, жанқиярлық пен берілгендік
6. Жастық шақ (20-25 жас) Достары, жақсы көретін адамдары Интимділік-изоляциясы Қызметтестік, махаббат
7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі Шығармашылық-тоқырау Шығармашылық пен қамқорлық
8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат, жақын Адамдары Интеграция-өмірге көңіл қалу Данышпандылық

Өмірлік циклдің әрбір кезеңі үшін қоғаммен берілетін негізгі специикалық мәселе тән. Бұл мәселенің шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейінде, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның жалпы қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды бектуге негізделеді. Тұлға дамуын – дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі. Дамудың бірінші дегейінде (оральды-сенсорлық) Эго біртектілік бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, жалпы қысым, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс оңайрақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас бірінші жаққа қарай құрылса. Бұл қатынас балаға деген күтім сапасымен, оған деген махаббат пен нәзіктіліктің бар болуымен анықталады.

Екінші деңгей (бұлшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәкес келеді. Ол кезде баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бұл кезде дербестілік (самостоятельности) сезімі арта түседі.Және де осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Мұндағы дағдарыс - күмән мен үят.

Үшінші деңгей (локомоторлы - генитальді)бала қоршаған әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің дамуына әсер етеді.

Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді және бала ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрысының белгілі бір формасын меңгереді

Төртінші деңгей (латентті) инфантильді сексуальдылықтың белгілі бір ұйқышылдығы және генитальді ересектің артқа шегінуімен сипатталады. Бұл деңей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты.

Бесінші деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго – біртектілік бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жас өспірімдік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады.

Эго-біртектіліктің (идентичность) қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу. Бұл деңгейдің қауіпті жағы – жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу.

Жетінші деңгей адамның өмірлік жолында ересек кезеңде орталық, центрлік ретінде қарастырылады. Бұл деңгейдегі тұлғаның басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпақтың жалғасуы шығармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы тұлғаның баий түсуіне әкеледі.

Өмірлік жолдың сегізінші деңгейі эго –біртектіліктің жаңа аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталынады. Дамудың бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды. Өткенге көз жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді. Балалар және шығармашылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабылданады және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э.Эриксон бұны өлім алдындағы өмірге қызығушылықтың шетте қалуы деген.

Э. Эриксон жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның қатынасатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных