Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз 1 страница




Мінез иесі болып табылатын жеке адам - қоғамның мүшесі, ол қоғамда түрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда - таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болды. Мұндай жағдайлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар мен нақты адам мінезіндегі типтік бітістер - дәуір мен таптың әлеуметтік өміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді. Олай болса, типтік мінезді белгілі адамдар ортақ басты-басты бітістер деп ұғынған дұрыс. Мұндай негізгі бітістер өмірдің жалпы жақтарын бейнелендіреді және сол топтағы адамдарда кай-қайсында болмасын азды-көпті көрініс береді. Сӛйтіп, типтілік бір жағынан, нақты адамның даралығын, екінші жағынан, сол адам экономикалық, саяси және мәдени байланысқа түсетін басқа адамдарды да сипаттайды. Мәселен белгілі бір ұлттың адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ӛмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерінен нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды. Сондықтан да бір ұлттың адамдары өздерінің түрмыс салты, әдет ғұрпы, мінез бітістері жагынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленіп тұрады. Бірақ ұлттың өмір сүру жағдайлары өзгерген кездерде - ұлттық мінездегі типтік бітістер де өзгеріске түсіп отырады. Типтік мінез бітістерінің ұлттық ӛзгешеліктерімен катар тап ӛкілдерінің күресі мен ӛмірін бейнелейтін типтік мінездің ерекшеліктері туралы да айтылуы қажет. Ӛмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен қатар адамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын да естен шығармауымыз тиіс. Осы айтылғандармен катар адамның табиғи құрылымында да мәселен, жоғары жүйке қызметінің де типтік ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі. Типтік және мінез типтері. Адам ӛмірінің типтік жағдайларын бейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды. Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Мінез типтерінің қай-қайсы да қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына карай ӛзгеріске түсіп отырады Мінез типі - біршама тұрақты құрылым, бірақ ол сонымең ӛзгермелі де келеді. Адамның ӛзіне-ӛзінің талап қоя білу деңгейі, қоғам қажеті мен тәрбие, ӛмір жағдайларының ықпалымен мінез типтері дамып және ӛзгеріп жатады. Мінез типтерін зерттеу оларды жіктеуге, олардың қалыптасуы мен кӛріністерінің белгілі бір заңды байланыстарына әкеледі. Мұндай жіктеудің болмауы - жеке типтерді сипаттаудың кездейсоқтығына, үстірт кӛзқарасқа соқтырады да оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады. Психологияда мінезді жіктеуге талай рет талпыныс жасалды. Мәселен, осындай бір жіктеуде мінез типтері адамның ақыл-парасаты, еркі мен эмоциясының басымдығына қарай анықтаған. Жеке адамның ішкі және сыртқы дүниеге деген бағытын негізге алған жіктеу кеңірек тараған. Бұл тұрғыдан мінез екі типке - интраверттелген (тұйық, ӛзімен ӛзі болып жүретін ойшыл), экстраверттелген (аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам) болып бӛлінеді. Бұл типтер де шындықты бейнелендіреді, бірақ бұл жіктеулер де бір жақты. Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар. Мұнда типтер конформды және дербес болып бӛлінеді. Мұның біріншісіне - басқа біреудің ой-пікірімен санасқыш, жұрттың айтқанына тез иланып, кӛне қоятын, айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделе алмайтын адамдар жатады. Екінші типке - ӛзіндік нанымы бар дербес пікір және нақтылы шешімге келе алатын адамдар кіреді. Осы типтің ӛкілдері белсенді, қажырлы, қиын жағдайларда асып-саспайтын, ӛз пікірін басқаларға тыңдата алатын, стрестік жағдайларда еңсесі түспейтін кісілер болып табылады. Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығы да бір жақты, бұларда адамның адамгершіліктік қасиеттері ескерілмеген.

 

43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?

  Анықтамасы Ұқсастығы мен айырмашылығы
Мінез Адамнаң ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы орта әсері мен өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді. Мінез бен темпераменттің байланысы өте тығыз. Темперементтер жүйке саласының типтерімен, тума биологиялық ерекшеліктерімен байланысты болуы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық тәжірибенің жемісі. Бірақ мінез бен темпераменттің байланысы оның темпераментке әсер етіп, ықпалын тигізіп отыратындығы, темперамент те адам мінезінің әр түрлі көріністеріне өзінше әсер етеді. Мінез адамның ерік-жігерімен тығыз байланысты.
Темперамент Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен көңіл-күйдің түрлі деңгейінде адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темпераменттің 4 түрі бар. Сангвиник адамның жан қуатының ағымы ширақ, дене қимылдары мен бет қимылдары өзгермелі, эмоциялық қозулары әлсәз, көңіл-күйі құбылмалы, жүрі-тұрысы жылдам, ашуланып-қуануы тез, онша кек сақтамайтын болады. Холерик адамның псих-лық әрекеттің ағысы тез және еүшті болып келеді, дене, бет қимылдары тез, жігерлі және қызба келеді. Көтеріңкі көңілді, сөзшең, ұстамсыз, құйындай адам. Флегматикадам психикасы жай, жайбарақат болды. Дене қимылы, бет бет қимылы шабан, көрнексіз. Тежеулері бірқалыпты, қимыл-қозғалысы баяу, көңілі тұрақты, сабырлы адамдар. Меланхоликадамның психикасы жай, аса сылбыр, қимыл- қозғалыстары көрнексіз, ажарсыз, ойын-күлкіні жақтырмайтын, көпшіліктен аулақ, уайым-қайғысы көп адам. Темпераменттіі эксперименттік әдіс арқылы зерттеуге болады. Мұндайда адамның түрлі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауаптары есерілмей, яғни оның түрлі әсерлерге жауап беруі қандай екендігі (тез, баяу) ажыратылады. Ал Мінезді лабораториялық жағдай негізінде зерттеу қиын. Оның сан түрлі бітістері мен көріністерін табиғи жағдайда танып-білуге болады. Мінез-құлықты зерттеуде кісінің түрлі жазба жұмыстарынан талдау арқылы ажыратуға болады. Темпераментте көбіне сыртқы жүріс-тұрысын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

44. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?

Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке адам,соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген,ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән. Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды.У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды: 1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.

2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз ке»де агрессивті мінез-құлық байқалады.

3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.

У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.

45. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?

Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.1)Гипертимдi тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады. Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi. Көптеген нәрселерге қызығады, бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi шектен тыс өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады, мақтаншақ болып келедi.2)Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады. 3)Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi төмен болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.4)Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.5)Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады. Ортаға бейiмделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi қалыптасып, өзiне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көредi.6)Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.

7)Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.8)Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге тырысады. 9)Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.10)Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.11)Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.

 

46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?

К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:1)Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi. 2)Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.3)Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.4)Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi. 5)Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.6)Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ. 7)Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш. 8)Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.9)Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi. 10)Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.11)Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар. 12)Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.

 

47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

 

 

48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.

 

Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.

Қабілеттілікті жіктеу:
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білімді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных