Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі. 6 страница




Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.

Ми біріншіден, барлық мүшелер мен ұлпалардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да осыған орай өз қызметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.

 

 

39. Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Темпераментіне қарай адамдар белгіл бір нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан оқу-тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді. (Р.М.Грановская) Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың, боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемеленбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер болу кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерешеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады. Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетке сылбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик тіпті де шыдамайды.

 

40. Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз

көп жағдайда мінез бен темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипаты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент-мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық-ұстамсыздық, қозғалғыштық-салғырттық тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біркелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін.Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиянға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиникке ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с. Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістерінің сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшелкітерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін құрайды. Мінез-бұл тұлғаның адамдарға тұрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән құлық ерекшелігін белдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе ұстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана ба ланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәлеуді

41. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?

Мінездің дамуы мен қалыптасуы Шетел психологтарының көптеген өкілдері мінез туа бітіп, оның дамып қалыптасуы нәсілдік заңдылыққа тәуелді болады дейді.Психолог Маслсу А.: “Адамның тағдыры оның ата тегімен болады, ешкім өзінің жаратылыс үкімін өзгерте алмайды” – дейді. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға ж/е өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне ж/е ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi.Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi ж/е оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яки бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп ж/е белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады ж/е өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады д.а. Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ж/е обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных