ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақтың тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, оқушылардың жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге үйрету, көшеде дұрыс жүруін ескерту. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету. Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, жұмбақтар. Сабақтың барысы: Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. -Балалар, біздің жолда жүру ережелеріне арналған сабағымызға Шипагүл апай қатысып отыр. Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе, Жан сая қиналған жандардаң бәріне. Шипагүл апайды біз жақсы білеміз, Өйткені ол үлкен Дәрігер. - Апай қараңыз мына сұмдыққа, Маймаққа не болған, кім оны жаралаған? Шипагүл: Маймағым не болды, жасырмай айтшы өзің, Неліктен көкпеңбек ісінген бас-көзің? Маймақ аю: Айтайын жасырмай шынымды, Сақтаңыз шыбындай жанымды. Жармасып, бал тасыр машина қадаққа Домалап түстім де, тап болдым азапқа. Шипагүл: Бір сәттік қарының тоятын күн үшін, Жол жүру ережесін де бұзыпсың. Маймақ: Шипагүл апай, енді ұрлық та жасамаспын, Жол жүру ережесін де бұзбаспын. (Қоян құлағын ұстап, түлкі шойнаңдай ақсап келе жатады) Түлкі: Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ. Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап. Түлкі: Ал, қоян көшеге зып беріп жөнелді Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді. Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным Құйрықты әрең деп сақтадым. Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде, Құлақты бір темір зақымдап кеткені. Шипагүл: Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар. (Ем көрсетеді)
Шипагүл: Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік, балалар! Көрдіңдер ме, ойнағанның кесірін? Жол жүру ережелерін бұзбауын естеріңде қалатындай сабақ өткізуді тапсырамын. Ал қанекей, үйренейік біз де жүру тәртібін, Ережесін жақсы білер бар кімің? Кім айтады, жол белгісі неше түрден тұрады? Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым. Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|