Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?




Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.

 

Ал енді ортамызға келе жатқан бағдаршамды қарсы алайық

Бағдаршам: Менің атым Бағдаршам мекен- жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан.

Жол сілтеймін, белгі біткен бөлінеді бес топқа,

Адастырмай ап барады жақын етіп жырақты.

(Осы кезде жол белгілері бес топқа бөлініп, сап түзеп қаз- қатар тұра қалады.)

 

Ескерту белгісі:

Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам,

«Қауіптен сақ бол» деп сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

 

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,

Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,

Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.

 

Қорытынды:

Біздің қаламызда сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных