ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақтың тақырыбы: Жолдан тағы қай жерден өтуге болады?Сабақтың мақсаты: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой өрісін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыс ұстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету. Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, еденге арнайы салынған жол,үнтаспа. Сабақтың барысы: Тазша бала мен Буратино келе жатады. Тазша бала: Сен білесің бе, астанада бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиын өтеді. Бірақ оған қатысу үшін жол ережесін өте жақсы білу керек. Буратино: (сасқалақтап): Ой, ой, мен білмеймін ғой. Тазша бала: Сен қорықпа. Бар болғаны мына сызбадағы сандар белгіленген жерге жол белгілерін дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орындасаң,екеуміз де сол жиынға қатыса аламыз. Буратино түсіндіре отырып жол белгілерін орналастырады. 1.Еее! Мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол өтпесі ғой. Оған мына белгіні қояйын. Мен бағана осыған байланысты бір қате жіберіп едім. (ұялады). 2. Ал бұл жерге мына белгіні қоямын. Бұл белгі, жақын жерде тамақтануға арналған орын бар деген сөз. Бұл ақпараттық белгіге жатады. 3. Мына жерде мектеп бар деген. Ендеше осы белгіні орналастырамын. 4. Ал бұл пойыз жүретін жол екен. Оған мына белгіні қоямын. Бұл-ескертпе белгісі. 5.Мына жерде демалыс орны бар, ендеше бұған мына белгіні қоямын. Бұл да ақпараттық белгілердің бірі. Мен мектепте мұғалімдерді тыңдап, жол ережелерін біліп жүрсем, мынадай қателіктерге жолықпас ем. Бірақ сендер, балалар, мұғалімдеріңді тыңдап, жол ережесін қатаң сақтаңдар!
Қорытынды: - Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік? Не білдік? Не үйрендік? Басталар әр қадамың аттауменен, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|