ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақтың тақырыбы: Реттелмейтін көше қиылыстары. БағдаршамСабақтың мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру; оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, көрініс Көрнекілік: жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер, Сабақтың барысы: Кіріспе. - Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар? Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз-жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.
Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз! Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен. Сұрақ-жауап кезеңі. - Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе? - Жолдардан да өтеміз. - Жолдардан қалай өтеміз? - Бағдаршам арқылы өтеміз. Бағдаршам: Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ жол сілтер өзіңе. Кідірме абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Көшеде ортаға жеткенше Әуелі көзің сал сол жаққа. Көшеде ортадан өткен соң, Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|