ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақтың тақырыбы: Жүргіншілер өтпелеріСабақтың мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру; оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, көрініс Көрнекілік: жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер, Сабақтың барысы: Кіріспе. Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат арба, пәуеске кезінде-ақ талпыныс жасалған еді. 1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке жарлығы басылып, онда атты божымен басқаруға тыйым салынды. Ат айдаушы жақсы көріну үшін салт мінуі керек болды. 1730 жылы жаңа указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. 1742 жылы қайта шығып, онда «Кімде кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді. 1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды. 1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жұру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді. Сыныпты үш топқа бөліп тапсырмалар беріледі. Үш топ сәлемдесіп өздерін таныстырады. 1-топ «Руль» тобы. «Бұрамын оңға, солға» 2-топ «Бағдаршам» тобы. «Тоқта, Сақтан, Жол ашық», «Жүрме жолға таласып» 3-топ. «Радар тобы». «Жол ережесін сақта, Тоқта, Байқап жүр» деп жарысты бастайды. «Руль» тобының сұрақтары: -Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (Бағдаршам) -Көше қиылыстарынан қалай өту керек? (Мысал келтіре жауап береді) -Қанша жасқа дейін көшеде велосипедпен жүруге болмайды?(Он төрт жасқа дейін) «Бағдаршам» тобының сұрақтары: -Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз? (Алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз) -Жолда жүру ережесіндегі ескерту белгілерді бейнеле және түсіндір. -Балалар қай жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда) «Радар» тобының сұрақтары: -Тротуар деген не? -Көше қиылысына келген жаяу жүргінші не істеу керек? -Біздің адал досымыз не, оның әрбір түсін түсіндір. Үш топ бір біріне жұмбақтар айтады. Жұмбақтар Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) Үзеңгңсңн тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) Үш топтан бір оқушыдан шығып өлең жолдарын, әндер айтады. Орытынды. Көңілді жарыс сағатының қорытындысын хабарлап, жарысқа белсене қатысқан оқушыларға «Озат жүргінші» төсбелгілері тапсырылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|