ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ-жауап кезеңі.- Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе? - Жолдардан да өтеміз. - Жолдардан қалай өтеміз? - Бағдаршам арқылы өтеміз. Бағдаршам: Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ жол сілтер өзіңе. Кідірме абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Көшеде ортаға жеткенше Әуелі көзің сал сол жаққа. Көшеде ортадан өткен соң, Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа. - Балалар, біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, шеңер, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар? Ескерту белгісі -қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш Тыйым салу белгісі - қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек. Анықтама белгісі - көк түсті дөңгелек. Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш.
- Сонымен белгілер неше топтан тұрады екен? - Жол белгілері төрт топтан тұрады екен. Ендеше осы белгілерге байланысты өлеңдерді еске түсірейік. Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш. Ескерту белгісі мен болам, «Қауіптен сақ бол» деп сәт сапар жолдаған. Аман-сау жүреді жаяу да көлік те, Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберңм аумақты, Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты. Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа. Анықтама белгісі: Белгімін көрсетер жылдасдық бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті. Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол, шартымды міндетті орында! Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын. Күндіз де, түнде де о болып жанады, Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Төрт топтан құралған белгілер туыстай, Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай. Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз, Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.
Қорытынды: Біздің қаламызда сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|