ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІЕл дамуының сапалық тұрғыдан жаңа кезеңі басталып жатыр. Қазақстанды жаңғыртудың ауқымды міндеттерін іске асыру мақсатында біздің жаңа Стратегиямызда алдағы онжылдыққа арналған негізгі басымдықтар мен міндеттер белгіленген, перспективаға арналған мақсаттар бекітілген. Сондықтан біз жас қазақстандықтарды жаңғырту міндеттерін шешуге жұмылдыру мен топтастыруға бар күшімізді салатын боламыз. Біз мыналарға: - жастарда кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырудың қажеттілігіне; - жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» барынша тиімді тетіктерін іздестіру маңыздылығына; - жастар арасында масылдық және салғырттық көңіл-күйге әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарас қалыптастырудың маңызды екеніне; - жастар арасында жұмыспен қамту бойынша қолданып жатқан шараларды жетілдіруге; - жастар арасында дәстүрлі имандылық құндылықтар жүйесін күшейту маңыздылығына; - жастардың тәни дамуына қолайлы жағдайлар жасауға; - жас отбасыларды жүйелі түрде қолдау көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, қолжетімді баспана алудың нақты тетіктерін жасап шығаруға; - жастар арасындағы, әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігі деңгейін төмендету қажеттігіне; - нашақорлық пен маскүнемдіктің таралуын алдын алу мен оған қарсы тұруға; - жастар арасында экстремистік идеялардың таралуына, сондай-ақ кейіннен саяси реңк бере отырып, этносаралық қақтығыстарды қоздыру әрекеттеріне жол бермеуге; - жастардың рухани-имандылық құндылықтарын қалыптастыруда қазіргі заманғы желілік технологиялардың жетістіктері мен артықшылықтарын кеңінен пайдалану қажеттігіне; - жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы заманауи желілік технологиялар мен коммуникациялардың бүкіләлемдік жетістіктері мен басымдықтарын қолданудың қажеттілігіне; - жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігінің даму деңгейін көтеруге; - жастар арасында волонтерлік инстиутын қолдау қажеттілігіне; - ауылдық жерлерде жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту деңгей жөніндегі бастамаларды қолдау маңыздылығына; - белсенді экологиялық білім беруді өткізе отырып, жастар арасында экологиялық мәдениетін дамытуға назар аудартқымыз келеді.
Осы мәселелердің барлығы бізді алаңдатады. Біз жастардың базалық әлеуметтік проблемаларын жоспарлы түрде шешуге көңіл қойып отырмыз, оларға: сапалы білімнің қолжетімділігіне қол жеткізу, жұмысқа орналасу проблемалары және материалдық қамсыздандырылу деңгейін арттыру, денсаулық жағдайы, тұрғын үй проблемалары және әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі кіреді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|