Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылымды дамыту: елдің зияткерлік әлеуеті




 

«Жас Отан» ЖҚ жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға назар аударып, ғылыми негізделген бағдарламалар мен инновациялық жобаларды әзірлеуге қолдау көрсетеді.

Осы міндетті шешу үшін біз өз қызметімізді мына бағыттарға топтайтын боламыз, олар:

- ғылымды дамытуға және дәріптеуге бағытталған арнаулы жобаларды әзірлеу, жас ғалымдар деректері банкін құруға жәрдемдесу;

- «Назарбаев Университетінің» ғылыми зерттеулер тәжірибесін жас ғалымдар арасында кеңінен таратуға жәрдемдесу;

- «Назарбаев Университетін» зияткерлік - инновациялық кластер ретінде дамытуға қатысу;

- жас ғалымдардың кейіннен өз білімін практикада қолдануы үшін тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуіне жәрдемдесу;

- жаңа білімдерімен алмасу, жастар қызметінің барлық салаларында әлеуетті дамыту мақсатында жас ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту;

- ел университеттері базасында ғылымды дамыту үшін осы жұмысқа жалпы білім беру мектептерінің талантты оқушыларын тарта отырып, шығармашылық зертханалар құруға көмек көрсету;

- әртүрлі халықаралық және республикалық жастар ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту;

- жас ғалымдардың инновациялық жобаларын практикада қолдануы үшін старттық алаңдар құру;

- белсенді жас ғалымдарды елді әлеуметтік-экономикалық өзгертуге тарту;

- жас ғалымдардың жетістіктерін БАҚ-та дәріптеу, «Жылдың жас ғалымы» конкурсын құру.

Біз қазақстандық жастардың ғылыми әлеуетін дамыту арқылы ғана Мемлекет басшысының зияткер ұлт құру туралы идеясын іске асыра аламыз деп есептейміз.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных