ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ақпараттық технологиялар ғасырындағы жастар
Инновациялық экономика, электрондық үкімет және ақпараттық қоғам құру жағдайында «Жас Отан» желілік технологияларды қоса алғанда, қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация құралдарының сөзсіз құнды екенін және олардың прогрессивтілігін таниды. Жастар қазіргі заманғы барлық коммуникациялар мен технологияларды басты қолданушы болып табылады. Сондықтан «Жас Отан» ЖҚ жастардың әлеуметтік желілер мен ақпараттық технологиялардың барлық игіліктерін пайдалануға сындарлы көзқараспен қарауын қалыптастыруды өзіне міндет санайды. Бұл үшін біз өз күш-жігерімізді мына бағыттарға топтаймыз, олар: - Қазақстан жастарын жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясаты туралы жан-жақты хабардар етуге бағытталған бірыңғай ғаламтор порталын құруға бастамашы болу; - әлеуметтік желілер мен желілік технологиялар артықшылықтарын жастардың азаматтық-құқықтық белсенділігін арттыру тұрғысынан сауатты әрі дұрыс пайдалануға жәрдемдесу; - желілік технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану арқылы жастарда азаматтық, патриотизм, рухани-имандылық құндылықтар сезімдерін қалыптастыру; - «Жас Отан» ЖҚ-ның жастардың аса маңызды проблемалары бойынша қолданып жатқан шараларын кеңінен талқылау үшін әлеуметтік желілерде жеке алаңдар құру; - жастардың барынша өзекті проблемаларын анықтау және оларды одан әрі сарапшылардың, ғалымдар мен мамандардың қатысуымен талқылау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу; - компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жастарды қоғамдық маңызды және әлеуметтік маңызды жобаларды жасауға және талқылауға тарту; - әлеуметтік желілерді реттеу бойынша жастардың шығармашылық әлеуетін толықтай ашуға және олардың күш-жігерін жаңғырту міндеттерін іске асыру тұрғысынан біріктіруге мүмкіндік беретін қосымша құқықтық шаралар қабылдауға бастамашылық жасау. Біз елде жүріп жатқан өзгерістерге ортақ қызығушылық пен оларға белсене қатысу тілегі негізінде Желіде бірігуді ұсынамыз. Бұл үшін жастар ұйымдарының қолда бар коммуникациялық ресурстары, танымал сайттар мен жаңа ғаламтор-алаңдары пайдаланылатын болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|