ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жастар патриотизмі: мемлекетті нығайту факторыБіз жастардың бойына патриотизм сезімін енгізу мен тәрбиелеу қазақстандық мемлекетті нығайтудың аса маңызды факторы болып табылатынына сенеміз. Жастарда патриотизм сезімін сақтау мен нығайту әлеуметтік мәртебесіне, саяси көзқарастарына, этникалық тиесілілігіне, діни сеніміне қарамастан, елдің барлық жас азаматтары үшін бұлжымас құндылық, ортақ тұғырнама болып қалуға тиіс. Жастардың азаматтық сана-сезімін көтермей, олардың жоғары саяси мәдениеті, патриоттық әлеуеті болмай елдің ауқымды жаңғыртылуында табысқа иек арту мүмкін емес. Біз Қазақстан Республикасының жас азаматы мен патриоты тұлғасын қалыптастыруда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу маңызды буын болып табылады деп есептейміз. Бұл үшін біз: - жастарда аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген маңызды рухани-имандылық және әлеуметтік құндылық ретінде азаматтылықты, патриотизмді дамытуға; - жастардың санасы мен сезімінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, елдің мәдени және тарихи өткеніне деген құрметті орнықтыруға; - жастарды, оның ішінде әскери қызметті өткеріп жүрген жастарды біртұтас әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тетіктің жасалуына жәрдемдесуге; - жас ұрпақтың Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – туға, елтаңбаға, әнұранға деген құрмет сезімін орнықтыруға; - әрбір жас азамат пен оның Отаны – Қазақстан Республикасының тағдыры ортақ екенін сезінуді өзіміздің басымдығымыз ретінде жариялауға; - жастардың тәуелсіздікті қорғау және ұлттық мемлекеттілікті нығайту жөніндегі барлық күш-жігеріне жан-жақты қолдау көрсетуге; - біздің басты байлығымыз – тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен руханилыққа ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуге; - елдің экономикалық, саяси қауіпсіздігі мен рухани егемендігін одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге; - этникалық немесе өзге де шығу тегіне, діни сеніміне және әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық жас қазақстандықтар үшін әділетті де тең жағдай жасауға; - жастарды өз білімін, дағдыларын, қабілетін, кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілігін ұдайы жетілдіріп отыруға бағдарлауға ниеттіміз. Жас Отан» ЖҚ жас ұрпақтың бойында олардың сана-сезімінің ажырағысыз бөлігі болуға тиіс туған өлкесіне, мәдени және тарихи өткеніне, мемлекеттік рәміздерге деген іңкәрлікті қалыптастыратын болады. Біз өз Отанын қорғауға қабілетті Отанының шынайы патриоттарын тәрбиелеп шығаруға қолдан келер үлесімізді іс жүзінде қосамыз.
Жастар дауысы
Қазақстан жастарының күші – бірлікте. «Жас Отан» жастар ұйымдарын ортақ мақсат – күшті әрі көркейген Қазақстан құру мақсаты аясында топтастыру идеясын ілгері жылжытуды өзінің міндеті санайды. Біз жастардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігін арттыру жолында әрекет етеміз. «Жас Отан» жастар қозғалысының басты ядросы ретінде саяси көзқарастарына қарамастан, бүкіл Қазақстан жастарының мүдделерін қорғап, білдіретін болады. Сондықтан біз: - идеялық көзқарастарына қарамастан, елдің барлық жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге; - жастардың қазіргі Қазақстан қоғамындағы жағдайына әсер ететін қоғамдық маңызды және әлеуметтік маңызды жобаларға жастарды тартуға; - ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауына кедергі келтіретін, әлеуметтік-экономикалық және саяси салалардағы шиеленістерді шешетін табысты жас қазақстандық бейнесін қалыптастыруға, жоғары деңгейлі патриотизмді, азаматтылықты, толеранттылықты тәрбиелеуге қатысуға; - елді жаңғыртудың ауқымды міндеттерін шешуге жастарды топтастыруға бағытталған сұхбаттың одан әрі дамуына ықпал етуге; - мемлекеттік органдармен және қоғамдық институттармен арадағы кері байланыс және өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру арқылы жастардың проблемаларына ден қоюдың бірыңғай және пәрменді жүйесін қалыптастыруға; - билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын жетілдіруге барынша белсенді түрде қатысуға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал етуге; - әлеуметтік-саяси қауіпсіздік саласындағы қатерлердің, жастар арасында діни экстремизм мен халықаралық терроризм таралуының профилактикасы бойынша шараларды әзірлеуге және талқылауға қатысуға; - барлық жастар үшін сұхбат алаңын ұйымдастыруға, жасқырандықтар мен жасұландықтарды «Жас Отан» ЖҚ-ның қызметіне тартуға ниеттіміз.
Жастар ұйымдарын топтастыру елдің бүкіл жастар қозғалысына қосымша қуат-күш береді және ол қазақстандықтардың жас буыны алдында тұрған міндеттерді тиімді түрде шешуге ықпал етеді.
Жас отбасы
«Жас Отан» ЖҚ жас отбасыларды және отбасылық құндылықтарды нығайтудың жақтаушысы болып табылады. Біз отбасыны, ана мен баланы қолдау бойынша қабылданатын мемлекеттік шараларды жетілдіру үшін әрекет етеміз. Біз біртіндеп және жүйелі түрде: - жас азаматтың тыныс-тіршілік табысының негізі ретінде отбасылық құндылықтарды тарататын боламыз; - «Табысты жас отбасы» конкурстарын өткізу, отбасы беделін арттыруға бағытталған өзге де жастар акцияларын ұйымдастыру арқылы отбасы-неке қатынастырын дәріптеуді жүзеге асырамыз; - жас отбасының моральдық-психологиялық климаты, әлеуметтенуі мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу үшін ғылыми-педагогтік қауымдастықты, үкіметтік емес ұйымдарды тартатын боламыз; - отбасы-неке қатынастарын, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін нығайту үшін әке институтының мәртебесін арттыруға жәрдемдесеміз; - жас аналар мен жүкті әйелдердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын боламыз; - ерте неке құрудың кері салдары, темекі тартудың, алкоголь тұтынудың кесірлі зияны туралы «Саламатты отбасы – саламатты ұлт» атты жүйелі ақпараттық-түсіндіру науқандарын өткіземіз; - «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасын түсіндіру, сондай-ақ оның орындалуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру арқылы көрсетілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде жас отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қол жеткізетін боламыз; - жас ата-аналар үшін қашықтан жұмыс істеу элементтерін енгізуге бастамашылық жасаймыз; - «Балапан», «Балдырған» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жас отбасылардың бала бақшаларда орынмен қамтамасыз етілуін бақылайтын боламыз. Жас Отан» отбасы – қоғамның басты институты екенін және жалпы қоғам мен мемлекеттің берекелі өмірі мен серпінді дамуы әрбір жеке отбасының берекелі өміріне тікелей тәуелді екенін жете сезінеді. Біз өз күш-жігерімізді отбасының әлеуметтік мәртебесін және абырой-беделін нығайтуға жұмсайтын боламыз. 5. ЖАҢА ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАН» «Жас отан» Жастар қанаты Елбасының жаңғыртуға арнаған стратегиялық бағыты төңірегіне жастарды топтастыруға бар күшін салатын болады, бұл Елбасы мен Қазақстан жастарының бірлігін танытады. Қазақстанның болашаққа серпін жасауында жастарға үлкен үміт артылып отыр. Бүгінгі күні ел жастары алдында өсу, өз ойын білдіру және шығармашылық үшін жаңа перспективалар ашылуда. «Жас Отан» көпшілік жастардың тұтынушы және масылдық идеологиясынан бас тартуына көмектесуге ниет білдіреді. Осындай көңіл-күйдің болуы біздің өз қоғамымыздың барынша белсенді әрі мобильді бөлігі болуымызға мүмкіндік береді. Біз бар күш-жігерімізді Қазақстанның жас азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді, біртұтас жүйесін қалыптастыруға жұмсауға ниет білдіреміз. Бұл жұмысқа біз өзіміздің өңірлік бөлімшелерімізді, жастар парламенттерін, үкіметтерін, мәслихаттарын, белсенділер мен студенттерді кеңінен тартамыз. Біз «Нұр Отан» партиясынан сайланған жас депутаттарға ерекше үміт артамыз. Біз жастардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты заң жобаларын талқылауға және олардың қоғамдық сараптамасына барынша белсене қатысамыз. Жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыс істейтін жастардың құқықтарын сақтау мәселелері біздің жіті назарымызда тұрады. Біз жастар саясаты жөніндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге белсене қатысамыз, ол Қазақстан жастарының мүдделеріне жауап беруге және елді жаңғырту бағытына сай келуге тиіс. Біз мемлекет мүддесіне, елдің жас ұрпағының мүддесіне орай жұмыс істейтінімізді нақты іспен дәлелдедік. Біз жастардың сеніміне сүйене отырып, сенімді пікірлестердің, елдің шынайы патриоттарының біріккен одағы болып табыламыз. Бізді ортақ мақсат – көркейген Қазақстан құру мақсаты біріктіреді.
6. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ «ЖАС ОТАН» Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған 2020 жылға дейінгі инновациялық күн тәртібі ел жастары тарапынан қолдау тапты. Ол Қазақстан жастарының мүдделері мен талпыныстарына жауап береді, оның жаңа бет-бейнесі мен бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. «Жас Отан» ел Президентінің Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бастамаларын толықтай қолдайды, оның негізін Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы құрайды. Біз ел Президентінің қазақстандықтардың жас ұрпағы бойында еңбекке құрмет, патернализм мен масылдық инерциясынан арылу сезімін тәрбиелеу жөніндегі үндеуін қолдаймыз. Біз жас қазақстандықтар үшін жастардың өзін-өзі толық танытуына ықпал ететін тиімді әлеуметтік-еңбек қатынастары моделін қалыптастыру, «әлеуметтік лифтілер» тетіктерін жасау үшін әрекет етеміз. Біз Елбасының тірегі ретінде Қазақстан қоғамының базалық құндылықтарын одан әрі дамыту, «Жас Отан» ЖҚ жақтастары бірлестіктерінің кең желісін құру үшін әрекет етеміз, елдің басқа да жастар қоғамдық бірлестіктерімен сындарлы өзара іс-қимыл жасасу бағытын жүргіземіз. Елдің әрбір жас азаматы үшін нық әлеуметтік кепілдіктері бар экономикалық көркейген мемлекет құруға арналған стратегиялық бағытқа көрсететін қолдауымыз өзгеріссіз қала бермек. Біздің басымдықтарымыз демократияны, көппартиялылық пен азаматтық қоғам институттарын дамытуға байланысты. Ел ішіндегі идеялардың жарыспалылығы жастарды топтастыруға және әріптестік қатынастар орнатуға ықпал етеді. Біз әрбір жас қазақстандықтың болашақ кәсібін сенімді түрде өзі таңдай алуы, өз қабілетіне сай келетін лайықты жұмыс орнын табуы, өз денсаулығы мен білімінің қамын ойлауы үшін әрекет етеміз. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін қалыптастыруға, жаңа идеялар ұсынуға және жаңғыртудың қозғаушы күші болуға тиіс.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|