Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Волонтерлік қозғалыс




 

«Жас Отан» ЖҚ Қазақстандағы волонтерлік қозғалысқа жан-жақты қолдау көрсетеді, оның мақсаты әлеуметтік белсенді адамды қоғамдық тұрғыдан тану, жастардың оң азаматтық бастамаларына қолдау көрсету болып табылады.

«Жас Отан» ЖҚ көпшілігі жас қазақстандықтар болып табылатын еріктілердің мәртебесін арттыру үшін волонтерлік туралы заң әзірлеу қажет деп есептейді. Волонтерлікті мектеп жасынан бастап насихаттау және оған үздік волонтерлік ҮЕҰ-дың қолдауы қажет. Бұл азаматтық қоғам тарапынан назар аударылуын, мемлекет пен бизнестің қолдауын қажет етеді.

«Жас Отан» ЖҚ Қазақстанда волонтерлікті дамыту және нығайту мақсатында:

- волонтерлік ұйымдар қызметінің құқықтық нормалары реттелетін волонтерлік туралы заң жобасын әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстанда Еріктілікті дамыту бойынша ұлттық кеңес құруға бастамашы болады;

- Ұлттық волонтерлік желіні нығайтады, қолдайды және кеңейтеді, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары арасындағы байланыстарды жолға қойып, тереңдетеді, азаматтық бастамаларды дамытады;

- жастар ұйымдарының өкілдерін Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қозғалысты дамытуға белсенді қатыстыруға жәрдемдеседі, оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тартады;

- қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін жастардың волонтерлік ұйымдарына жан-жақты қолдау көрсетеді;

- қызметі қамау орындарынан шыққан жастардың бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған жастардың волонтерлік ұйымдарына көмек көрсетеді;

- мүмкіндігі шектеулі жастарды волонтерлік қызметке белсенді түрде тарта отырып, сол арқылы оларды қазіргі өмірге бейімдейді;

- волонтерлік мектептен өткен жастардың әлеуетін олардың одан арғы кәсіби өсуі үшін әлеуметтік лифт ретінде белсенді түрде пайдаланады;

- елдің бытыраңқы волонтерлік ұйымдарын топтастыруға, мемлекеттік органдар тарапынан волонтерлік қозғалысты одан әрі дамытуға қызығушылықты арттыруға және белсенді, әлеуметтік жауапты жастарды тартуға ықпал етеді.

Біз бүкіл қоғамның назарын белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленетін жастарға бұруға ниеттіміз. Бұл жастар өз еңбегіне сыйақы алуды көздемейді және сондықтан олар қоғам тарапынан ең жоғары деңгейде мойындалуға лайықты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных