ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан жастарының мәдени дамуы мен бірлігі
Біздің мақсатымыз көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді де тиімді тыныс-тіршілік етуге қабілетті, басқа мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін жете түсінетін, ұлты, нанымы мен сенімі әртүрлі жастармен бейбіт және келісімді өмір сүре алатын жасты қалыптастыру болып табылады. Біз қазақстандық мәдениетті нығайтуды, тарихи және рухани мұраға ұқыптылыққа тәрбиелеуді байыпты жақтаушылармыз. Біз Қазақстанның тілдік байлығы жалпыұлттық мәдениетті байытатынын және ол Қазақстан жастарының бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде болатынын түсінеміз. Осы басымдықтарды іске асыруда «Жас Отан» ЖҚ мыналарға бағыттала топталады: - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық жалпыұлттық келісім моделін нығайтуға арналған стратегиялық бағыты төңірегіне жастарды топтастыруға бағытталған саясат жүргізу. Мұндай топтасу Елбасы мен Қазақстан жастарының бірлігін танытуға мүмкіндік береді; - конфессиялық толеранттылық пен жоғары азаматтық жауапкершілікті нығайту, жан-жақты жетілген, үйлесімді, саламатты, көпмәдениетті тұлғаны дамыту, жастарда жоғары азаматтылық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; - Қазақстан жастарының бірлігін нығайту ісінде «Жас Отан» белсенділері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктіру; - тарихи-мәдени мұра объектілерін реставрациялауға ақпараттық қолдау көрсету, ескерткіштер мен монументтер құрылысын салу, тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша жастардың ғылыми-қолданбалы зерттеулерін жүргізуге конкурстар ұйымдастыру; - «Жас Отанның» Қазақстан жастарының мәдени дамуы мен бірлігі жөніндегі жұмысына мүмкіндігі шектеулі жастарды толыққанды тартуға жәрдемдесу; - мемлекеттік тілдің қазіргі заманғы коммуникациялар саласында белсенді қолданылу аясын кеңейту, оны заң, ғылым мен жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту. Біз жастар арасында мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыруға, оны отбасылық құндылық ретінде дәріптеуге ұмтылатын боламыз; - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында көзделгендей, мектеп түлектерінің мемлекеттік тілді дербес пайдалану деңгейінде меңгеруіне қол жеткізуге ұмтылу. Азақстан жастарының мәдени дамуы мен бірлігі қазақстандық жалпыұлттық келісім моделін нығайтуға ықпал ететін болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|