Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сапалы білім – берекеліктің негізі




 

Егемендік жылдары ішінде елдің білім беру саласы жаңа даму орамынан өтті, өйткені сапалы білім – жастардың басты капиталы болып табылады.

«Жас Отан» ЖҚ қазақстандық білім беру жүйесін одан әрі дамыту, студент жастарға, елдің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосуға дайын талантты ғалымдарға қолдау көрсету үшін әрекет етеді.

Оны іске асыру үшін мынадай негізгі қызмет бағытарын іске асыру қажет:

- техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің колледждер мен жоғары оқу орындарының білікті түлектеріне деген сұранысы арасында теңгерімге қол жеткізуге қатысамыз;

- дуальдық және қашықтан оқыту жүйелерін іске асыруға қатысатын боламыз, студент, оқу орны және жұмыс беруші арасында үшжақты шарт енгізуді ұсынамыз;

- талапкерлердің жоғары оқу орындарына оқуға түсуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес бойынша студент комитеттерімен және жастар істері жөніндегі кеңестермен тығыз ынтымақтастықты жолға қоямыз;

- елдің барлық орта оқу орындарында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының ақпарат-насихат жұмысы арқылы осы нысаналы топтың әрбір өкілімен жоспарлы жұмыс жүргізетін боламыз;

- жас талантты ғалымдардың, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған қазақстандықтар арасынан ұлттық ғылыми және инженерлік кадрлардың пулын құруға бастамашылық жасаймыз;

- көп балалы, аз қамтылған отбасылардан, жетім балалар арасынан шыққан дарынды жастарға жоғары оқу орнында немесе колледжде оқу үшін ақы төлеуде жеңілдік алуға көмек көрсететін боламыз;

- студенттердің оқыту бейініне сай келетін ұйымдар мен мекемелерде өндірістік практикасын ұйымдастыруға көмек көрсететін боламыз.

Біз құрылатын білім жүйесі елдің табысты дамуының маңызды факторы болатынына сенімдіміз. Білімді жастарға сүйену елді жаңғыртуға ықпал ететін болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных