Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек: жастардың әлеуметтік бейімделуінің маңызды факторы




Елдегі ауқымды өзгерістер жағдайында жастарды инновациялық және өндірістік еңбекке араластыру басымдығы алдыңғы орынға шығады. Тек еңбек қана жастардың әлеуметтік бейімделуінің шешуші факторы болып табылады.

Барлық экономикалық және мәдени байлық адам еңбегімен жасалады. Сондықтан «Жас Отан» ЖҚ жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен олардың еңбек нарығына интеграциялануына қолайлы жағдай жасау үшін әрекет етеді.

Жастардың еңбектік әлеуметтенуі қорғаншылық пен патернализмге емес, жастардың белсенділігін ынталандыруға, тиімді және өндірістік еңбекке деген ұмтылысқа құрылуға тиіс.

Біз жастардың еңбектік әлеуметтенуін бірнеше бағыт бойынша жүргізетін боламыз, олар:

- кадрларды тегін кәсіптік даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау арқылы жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

- жастардың кәсіптік өсуі мен табысты болашағының басты көзі ретінде еңбекке қатысты рухани-имандылық құндылықтарын қалыптастыру;

- ауыл жастарын қосымша әлеуметтік қолдау және жұмыссыздар санын азайту ретінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға тартуға жәрдемдесу;

- жоғары оқу орындарында оқу кезінде студент қалашықтарында жұмыс орындарын құру арқылы студенттерде еңбекке құрметпен қарауды енгізу, сондай-ақ студенттер еңбек жасақтарын құруға бастамашылық жасау;

- жер-жерде жас мамандар мен жұмысшыларға тәжірибелі жетекшілер тарапынан шефтік жасау мектебін қайта туындату және енгізу;

- жастаардың кәсіби және аумақтық тұтастылығына жәрдемдесу;

- ауыл жастары арасында еңбек ұжымдарын дамытуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға арналған колониялардың бұрынғы тұтқындарын жұмысқа орналастыру арқылы оларды әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасауға жәрдемдесу;

- мүмкіндігі шектеулі жастарға еңбекті сертификаттау жүйесіне бейімделуге жәрдем көрсету;

- өзіне жұмыс таңдап алу және жұмыс берушімен тікелей сөйлесу барысында жұмысқа орналасу жолдары мен жағдайларын анықтау мүмкіндігін беретін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Біз жастарды қазіргі қазақстандық қоғамға әлеуметтік бейімдеудің негізі болып табылатын кәсіптік еңбекке қалайша араластыру керек екенін білеміз. Бұл біздің Қазақстандағы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға қосар сүбелі үлесіміз болмақ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных