Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Німді өткізу және тарату




 

Сұрақтар:

1. Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері.

2. Өткізудің маркетингтік жүйелері.

3. Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі.

4. Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы. Көтерме делдалдарының негізгі типтері мен сипаттамалары.

5. Бөлшек сауда, оның түрлері және даму тенденциялары.

 

Тәжірибелік тапсырмалар:

1. 10 өндіруші мен 20 тұтынушыдан тұратын нарықта делдалсыз және делдалдармен қанша байланыс болуы мүмкін?

2. Келесілер үшін қандай тарату араналары тиімді болады:

а) бейнекассета өндірушілері;

ә) музыкалық аспаптар шығаратын шағын фирма;

б) қорап және пластика өндірушілері;

в) бау-бақша өнімдерін өндіруші фирма.

3. Төмендегі тауарлар үшін қандай тарату әдісі тиімді?

а) экономикалық әдебиеттер;

ә) автомобильдер;

б) кондитер өнімдері;

в) француз иіс суы.

4. Ойыншықтар, сүт өнімдерін, сусындарды, аяқ киім, түс қағаздарды өндіретін фирмалар үшін қарқынды, селек­тивті, эксклюзивті өткізуді қолдану жағдайларын анықта­ңыздар. Осы тауарлар үшін тауар қозғалысы элементтерін сипаттап, олардың стандарттарын жасаңыздар.

5. Дүкен электротауарлар, жұмыс киімдерін, мәдени тауарларын, кондитерлік өнімдерді, жеміс, кітап, ойыншық­тар, киімдер, нан өнімдерін сатумен айналысады. Бөлшек дүкеннің түрін анықтап, ерекшеліктерін көрсетіңіздер.

Кейс.Дилерлер

АҚШ-та 30 мыңнан астам автомобиль дилерлері бар. Олар АҚШ-тағы сауда орындарының шамамен алғанда 3%-ын құрайды. Бөлшек саудадағы тауар және қызмет үшін төленетін жалпы қаражаттың 15%-ын дилерлер алады.

Дилерлер сонымен қатар ұсталынған машиналарды сатумен де айналысады. Ол машиналарды жаңа автомобиль үшін жартылай төлем түрінде қабылдайды. Сонымен қатар олар қосалқы бөлшектерді сатумен, машиналарды жөндеумен және қызмет керсетумен де айналысады.

Дилерлер бір-бірімен карым-қатынаста болады. Егер автомобиль моделі немесе қосалқы бөлшектері өзінде болмай қалса өз бәсекелесінен көмек сұрайды, ал олар көмегін көрсетеді.

Кез-келген агенттіктің қоймасында орта шамамен 40 мың доллардың қосалқы бөлшектері болуы керек және олар көптеген жабдықтаушылардан түседі. Дилерлерден тек машиналарды сату ғана емес, сондай-ақ оларды сатқаннан кейін бірнеше жыл бойы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын іске асыру талап етіледі. Осындай жақсы қызмет көрсету нәтижесінде, кездейсоқ сатып алушылар тұрақты клиенттерге айналуы да мүмкін.

Дилерлердің өз шеберханасы, жоғары деңгейдегі құрал-сайманы, маманданған механиктері болуы тиіс.

Тапсырмалар:

1. Дилер кімнің атынан және кімнің есебінен іс-әрекет жасайды?

2. Неліктен дилерді тану қиын?

3. Дилерлер қандай қосымша қызметтермен шұғылдана алады?

4. Бөлшек сауда саласы жаңа автомобильдерді дилерлер арқылы өткізу үшін өзгертілді. Олардың 30-ға жуық сауда нүктелері бар және әрбіреуі 12 түрлі өндірушілердің саналуан автомобильдерін сатады. Осы тенденция өткізу арналарына және ондағы байланыстарға қалай әсер етеді? Арна "капитаны" кім болады?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных