Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кейс.Қоғамдық тамақтану маркетингі. Раушанның асхана ашудағы тәжірибесі




Раушан өзі ашқан асхана жұмысының екінші жылғы табыстары мен шығындары туралы есеп беру жұмысын аяқтап, оның нәтижесіне қатты қуанды. Асхана өз құнын өтеп, салықты есептемегенде 32500 доллар көлемінде таза пайда әкелді.

Екі жыл бұрын оның асхана ашуына жанұясы қарсы болып еді. Раушанның әкесі: "Мейрамханамен байланысты жұмысты жүргізу өте қауіпті. Одан табыс алу үшін бәсекеге түсу керек" – деп ескерткен. Раушан үшін өз ісін жүргізу байырғы арманы еді. Сондықтан ол жанұясының қарсы болғанына қарамастан асхана ашты. Бірінші жылы бәрі онша табысты болмаса да үмітін үзбеді, енді міне оның да күні туды.

Асхана Алматы мемлекеттік университетіне жақын жерде орналасып, сыртта бәліш және сусындар сатумен айналысты. Асхана 9-дан кешкі 6-ға дейін ашық болса да, сауданың 70%-ы сағат 11 мен 15-тің аралығында өтеді, өйткені студенттер мен мұғалімдер бәлішті түскі тамақтануға алады. Асхана бір жыл ішінде бәліш пен дәмді сорпа жасау арқылы жақсы атакқа ие болды.

Өткен жылғы табыспен қанағаттанған Раушан осы жетістіктермен тоқтап қалғысы келген жоқ. Ол алдына "өсуімді жалғастыра беруім керек", - деген мақсат қойды.

Үш апта ішінде Раушан өз іс-әрекетін кеңейтудің екі түрлі жоспарын құрды.

Бірінші стратегия таңғы тамаққа кекс сату еді. Бұл- сауданың әлі қызбай тұрған кезінде, таңертеңгі уақытта тұтынушыларды көбірек тарту амалдарының бірі. Газет-журналдардағы мақалалардың көбінде кекстің, әсіресе, оның сұлы мен бидайдан жасалған түрі, булочка, тәтті тоқаштарға қарағанда денсаулыққа пайдалы екендігі айтылады. Белгілі бір мәліметтерге сәйкес, сұлы мен бидай организмдегі холестерол деңгейін азайтады.

Раушан жергілікті наубайханадан көтерме бағамен 4 долларға 12 кекс сатып алатын еді. Егер ол әр кексті 60 центтен сатса, онда жылдық пайданың 45%-ын қамтамасыз етеді. Немесе оның өзі де кекс дайындауына болады. Есеп бойынша, әр кексті дайындауға 20 цент кетеді. Бұл айтарлықтай үнемді, бірақ асханада кексті керекті көлемде пісіретін үлкен духовка жоқ. Ресторандарды құрал жабдықтармен қамтамасыз ететін дилердің есептеуі бойынша, жаңа пештің құны 6500 доллар және оны әкелу мен орнату үшін 500 доллар қаржы керек.

Раушан өз идеясы туралы өзінің тұрақты клиенттерінің бірнешеуімен бөлісті. Олардың біреуі, университеттің маркетинг факультетінің студенті, қысқаша сауалнама (анкета) құрастыруға көмектесті, анкеталар сатып алушыларға 2 аптаға таратылып берілді. Сауалнамаға берілген жауаптар негізінде апта сайын 500 кекс сатуды үйымдастыруға болатыны анықталды. Жүргізілген сауалнама бойынша көптеген сатып алушылар егер кекс сатылса, бәлішті аз алатынын ескертті. Егер асханада кекс сатыла бастаса, бәліш саудасы аптасына 200 долларға дейін төмендейді.

Екінші стратегия бойынша Раушан өз асханасына неғұрлым көп сатып алушыны тартуы керек еді. Оның есебінше, бір жыл ішінде асханаға күніне 280 сатып алушы келуі және олар күніне орташа шамамен 4 доллар жұмсауы мүмкін. Асхана тек жүмыс күндері, яғни жылына 45 апта жүмыс істейді. Раушан университет газетіндегі жарнаманы, студенттер мен оқытушылар арасында ақпарат қағаз түрінде таратылатын хабарламаларды да есепке алды. Жоспар бойынша университет газетінде әрқайсысы 75 доллар тұратын, көлемі 1,5 бет болатын хабарландыру жариялау керек. Ол хабарламаларды басу мен таратуға 400 доллар шығын кететінін есептеп шығарды.

 

Талдау сұрақтары:

  1. Раушанның бизнесі үшін берілген стратегиялардың қайсысы тиімді? Соны анықтаңыз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных