Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кейс. «Шарпер Имадж» компаниясының тәжірибесі




«Шарпер Имадж» - бөлшек саудамен айналысатын фирмалардың бірі. Бұл компания ауқатты жанұядан шыққан жасөспірімдерге арналған ойыншықтар және әшекей заттар (сөйлейтін сағат, механикалық қуыршақтар, ұзын ағашаяқтар, т.б,) шығарумен айналысады. Фирма қызметінің бастамасы "Вол Стрит" журналында жарияланған бағасы 69,99 доллар тұратын "маятникті сағаттың" жарнамасынан кейін басталды. Жарнамаға кеткен алғашқы шығын 1000 долларды құрады. Содан кейін тұтынушыларға үй жағдайында жаттығуға қажетті, әрі көңіл көтеретін заттар ұсынылды. Мысалы, тренажерлар, секіретін пружина, дөңгелектер т.б.

«Шарпер Имадж» фирмасы қолданатын бөлшек сауданың негізгі нысаны - көзге тез түсетін және ашық түсті каталогтарды тарату. Қазір компания ай сайын 3 млн-ға жуық каталогты табысы жоғары деңгейдегі тұтынушыларға салып жібереді. Компанияның меншігінде бір жылғы сату көлемі 200 млн. долларды құрайтын 60 бөлшек дүкендері бар.

Компанияның бөлшек дүкендері қаланың іскер бөлігінде, үлкен пошталық мекемелердің жанында орналасқан. Дүкенде сатып алушылардың тауарды қарауға және онымен ойнауға мүмкіндіктері бар. Сатушылар сыпайы, әдепті болумен қатар арнайы дайындықтан өткендіктен сатылатын әр тауарлардың түрі туралы барлық мәліметтерді айтып бере алады. Тауарлар несиеге де сатылады және бәсекелестер бағасы қадағаланып отырылады. Компания құрылымында пайда болған идеяларды белгілі критерийлер бойынша бағалайтын қызметкерлер тобы бар.

Компанияның негізгі критерийі – өндірілген өнім "қызықты" және тұтынушының жасына сай болуы керек.

Компания өз өнімін өздерінің өкілдері арқылы да таратады, сондықтан қорларды басқару жүйесі өте жақсы әзірленген және сатып алушылардың сатып алған тауарларын 30 күннен кейін де қайтаруға мүмкіндіктері бар.

Талдауға арналаған сұрақтар:

1. Қызмет көрсету және ассортимент деңгейі тұрғысынан компания қызметін бағалаңыз.

2. Фирма маркетинг тұжырымдамасымен стратегиясының қай түрін қолданып отыр? Нарықты сегменттеудің белгілі қағидаларын қолдана отырып, ойын-сауық нарығын сегменттеңіздер.

3. Компанияның жетістіктерге жетуіне қандай факторлар әсер етті?

4. Фирма бәсекелестері маркетингтің қандай стратегиясын қолдануы мүмкін?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных