ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бесінші бөлім 4 страница"Шиңжияң сөйлейді" деген сөз естілісімен сахнадан дөңгелек қара сақалды, жеңіл қара шұға пәлте-шляпалы, имек қара таяқ ұстаған келбетті бір ұйғыр көрінді. Шатырлаған қол шапалаққа ол да қол шапалақпен жауап қайырып тұр. – Дөрбілжінге жергілікті ұлттардан тұңғыш Шиянжаң болған осы кісі шығар?! – деп күбірледі Атабай мұғалім. – Бұл кісі Совет Одағынан – Өзбектен келіпті, – деп оған қасындағы Бірке мұғалім жауап қайырды, Жиңшурын өкметіне қарсы төңкеріс кезінде Қожанияз қажыға ақылшы болып қосылған екен. Керім Шиянжаңды бірінші рет көріп, көз алмай қарадым. Ол көпшілікті аралай қарап, бір қолын кеудесіне қойды. – Салам, халайық! Апрель байрамы мунасуаты білән хәммаңызларны тәбіркләймән! Халықтың шатырлаған қол шапалағына қосыла көтерілген ұран ұзаққа созылып, дүркіреп кетті. Шиянжаң бір қолын көтеріп, үнсіз тұрып қалды да, жұрт алғысы саябырлаған соң сөзін жалғастыра жөнелді, ұзақ сөйледі. Батыс түстік жақ алдымыздағы сахнаға қарап тұрған біздің бетімізді жарқыраған ыстық күн шыжғырып тұр. Желсіз тымырсық тұншықтырып бара жатыр. Сондықтан оқушылар күбірлесіп Шиянжаң сөзінен ұққандары бойынша "алты ұлы саясатты" бір-бірден құрап санай берді. "Жаһангерлікке қарсы тұру", "Совет Одағымен дос болу", "ұлттар теңдігін орнату", "парақорлықты жоғалту", "тыныштықты қорғау", "Шиянжаңды жаңаландыру" деп рет тәртібімен санап шықты бір ұзын бойлы оқушы. – Өте данышпандық, әділ саясат, ә! – деп деді біреуі. Мұның "данышпандық" пен "әділдік" жағын түсінгенімен, "саясат" дегеннің не екенін де, бұлардың қайдан келгенін де түсінбейтін көпшілік жүрегін әйтеуір Шың Сысайға төсеп, қаужаңдаса түсті. Қаужаңдасақ та қаңсып, тіліміз аузымызға сыймай кеуіп бара жатыр едік. – Қабыкен! – деді бір жас әйелдің дауысы, жеңіл киініп бетін қара салыммен перделеп алған Дәмеш екен, "шөлдедің бе?" деп бір бөтелке сүт ұстата салды да, жан қалтасынан үш-төрт жұмыртқа алып берді. – Шөлдегем жоқ, тәте, қайтып кет! – деп сыбырладым мен. Ол дереу бұрылып, оқушылардың арасынан шыға бергенде, алдынан сұр киімді бір сақшы тоса қалды. Не деп тосқаны да, Дәмештің не деп жауап қайырғаны да маған естілмеді. Сақшы "жүр" дегендей ишарамен оны ертіп әкете берді. Жүрегім арпалысып тыпырши қарадым артыма. Көп халықтың далдасынан көз жазып қалып, жүгіріп шетке шықтым. Төменгі жақтағы көшеде көлденең тартылған керме тудың астынан өтіп барады екен, Дәмештің артынан екі сақшы ілесіпті. Соңдарынан маңғазсып дөңгелек шляпалы біреу кетіп барады. Ол Дәмешті кейінгі сатып алып әйелденген "Жаңгүдей" болса керек. Тұтқын тоты торға мықтап түсіпті!.. Қалтырап кеттім. Жан-жағыма алақтай қарасам жақын таныстардан ешкім көрінбеп еді, көбі Дәмештің соңынан кетіп барады екен. Менің шешем де, Дәмештің өз шешесі де, Бәкен де, Биғаділ де, тіпті Биғайша да бар, көшенің екінші жақ шетімен тұтас жүріп барады. Бөрі көрген ешкідей елеңдеп, топтасып алыпты. Көзімнен жас шығып кетіпті. Жаңа ғана пысынап, ыстықтап, еріп тұрған денем енді тоңып бара жатқандай, тамызда аяз қақағандай бола қалды. – "Ұлы көсеміміз Шыңдубан жасасын!" – деген ұран көтерілді. Шақыру бойынша мен барып өз орныма тұрдым. Қып-қызыл тулар желбіреп, жалаулар бұлғаңдап, көшеде жүріс салтанаты басталды. Ұрандар жер көкті жаңғыртып тұрды. Менің жүрегім әлем-тапырық, қызыл туларға қалтырай ілесіп, өлеңге де, ұранға да үнімді қалтырай қостым. Қолымдағы қызыл қағаз жалауым тіпті қалтырады. "Тергеушім", Шынжаңда көтерілген алғашқы қызыл туға енді ілескен менің көңіл-күйім осылай болған. Тау сарымсағы: "тоғыз қабат торқаға оранған мен мына халге түскенде, жауқазын байқұс не күйде екен" депті. Сірне талшықты сарымсақ осы жанашырлықпен тітірегенде, ет бауырыммен мен қалай қалтырамаспын. Сақшы мен сатып алған қожаның алдында қашқын Дәмеш қандай күйге түсті екен?! "Қашқын күң" деп енді оны қалай тұншықтырар екен!.. Мәңгілік түрмеде сөнеді-ау сол нұр, мәңгіге солады-ау сол гүл!.. Сары ала, қара ала таудың астында үш ағаш бидайға сатылып, күңге айналған қайран Дәмеш енді жақсы саясат жаңғырыққанда жауланып, қызыл ту астында қылқынады-ау". Менің қылмысты диуана жүрегім осылай ойлаған да, осылай кемірілген. Жүректі қылмыс кеміреді, қылмыс мүжиді. Қылмысың болмаса бірыңғай киінген "әдемі сабақтастарым" "кет бәлекет, шайқы-бұрқы" деп қуалар ма еді. Өмірдің көркін, көңілдің сұрқын кетіретін – қылмыс қана.
ІІІ
Көше жүрісі тарқасымен сақшы мекемесіне қарай жүгірдім. Туыстас – тұқымдастардың көбі-ақ сол мекеменің айбынды қақпасы алдына жиналыпты. Екі босағада қақшиып алыпты. Дәмештің шешесінен басқа ешкімді кіргізбепті, қуалап қақпа маңына жолатпай тұр. Шляпалы "жаңгүдей" Дәмешті де, шешесін де қаматып кеткен көрінеді. Күн батқанша олар шықпады. Біздің туыстардан сол кезде Дөрбілжінге атағы жайылған Құрышбек, Нұрасыл дейтін екі жігіт бар еді. Ерліктерімен ешкімге есесін жібере қоймайтын, өжеттіктерімен, шешендіктерімен олар "қос бөрі" аталыпты. Жұбын жазбай қосарлана жүретіндіктен "қос" болып аталған екеуі екі кәсіптің адамы. Құрышбек – құрылысшы, тамшы, Нұрасыл – ұсақ-түйек бұйым саудагері екен. Дөрбілжінге келіп қоныстанғалы екеуіне екі түрлі абырой бітіпті. Құрышбек үлкен байлардың ғана сауда дүкендерін, үкіметтің ғана қамба – түрмелерін жаратын "Жұрт сүйген ұры" болыпты да, Нұрасыл саудагер, ара түскіш адвокат болыпты. Сөйтіп бірі аудан ұрыларына "Құрекең" аталыпты да, бірі саудегерлерге "Нұрекең" аталыпты. Мен сақшы мекемесінің алдына келсем, сол екі дос екі түрлі пікір көтеріп отыр екен. Сақшыға екеуі де сыр мінез таныс болғандықтан қалпақтарын көздеріне баса киісіп алып, көшенің қақпаға қарсы шетінде, көпшілік арасында отыр. – Іргесінен суырып әкетпесе, бұлар есігінен адам шығарушы ма еді, – дейді Құрекең, – қарындасты өзім-ақ шығарып апарамын, Жәке, – сіздің үйден сақшыға ешкім көрінбесін, қайтып кетіңіздер! – Дәмешті іргеден шығарып әкетсең, шешесі түрмеде шірімей ме? – дейді Нұрасыл, – тіпті осы келген жанашыр-жақындарының бәрін бірақ қамаудан ерінбейді бұлар! Одан да Керім Шиянжаңға бәріміз қол қойып арыз кіргізелік! Осы үкімет уақытында үш ағаш бидайға сатылған жетімді жаңа үкімет құтқарар, ауыздары жақсы ғой! Нұрасылдың бұл пікірін үлкендер қолдады да арыз жазуға кірісті. Қамалған Қанипа мен Дәмешке "Қорықпай мықты тұрсын" деп шай кіргізушілерден сәлем айтып қайтысты. Бір шетте жалғыз жылап отырған Бәкенді Биғаділ екеуміз үйге ертіп қайттық. Құрышбек пен Нұрасыл арызды ұйғыр тілінде жыздырып, Дәмештің жанашыр жақындарынан басқа өз сыбайластарынан да, абырой аты бар дегендерінен жүз шақты адамның қолын қойғызып Шиянжаңға кіргізген екен. – Мәселе жетім қыздың еріксіз матылып барғандығы ғана болса, шығартып берейін, – депті Шиянжаң, – әйелдер еркіндігі қорғалады, бірақ, бұл әйелде басқа бір үлкен күнә бар деп естідім: ерінің бар ақшасы мен бар алтынын алып кетіпті. – Шиянжаң тақсыр, Жаңгүдейдің ол айтқаны – жала, – депті Нұрасыл, – бұл баланың оған әйел болып келгелі сандықтың кілті тұрмақ, есікке салынатын құлыптың кілтін де ұстап көрмегені анық. Сұмдықпен байыған саудагер екі жыл бойына айырым үйде қамалып жатқан тұтқын әйелге қазынасының кілтін ұстатып қоя ма! Екеуін де өз алдыңызға шақыртып, беттестіріп көріңізші! – Көрейін, – депті Шиянжаң жылы жүзбен күлімсіреп, – біз де оған әлі толық сеніп кеткеніміз жоқ, тексереміз! Екі-үш күн өткен соң істің ұлғая түскені байқалды. "Жаңгүдейлердің" де топталып Шиянжаң жамбылға кіргіштеп жүргенін байқаған қазақ саудагерлері Құрышбек пен Нұрасылға дем беріп топтала түсіпті. Ұйғырдың бай саудагерлерінен де бірнешеуін ертіп, Шиянжаңның алдына топ-топ болып кіріп жүріпті. "Жаңгүдейлер" жағы "Дәмеш бұлап кетті" деп тізген алтын ақшаны молайтып жіберіпті. «Әйел шығамын десе өз еркі, бірақ, ол алып кеткен алтын мен ақшамызды қайтарып беріп шықсын! "Әйел еркіндігі" деп бұлап кетуге жол берсек, саясатты дұрыс атқарғандық бола ма?» деп саясатшы "жаңгүдейлер" зіл тастапты Шиянжаңға. Дәмешті құтқаруды жақтаушылар да кем түспепті. – Олардың жаласынан қорқып, жетім қызды күңдікке тағы байлап бере алмаймыз, алты саясатта адам ұрлап, малша матап, құлдана берсін деген статья жоқ шығар! Қарыс жердегі шешесін көрсетпей, екі жыл қамаған жауыз, оған алтын қазынасын көрсетіп пе! – Жиңшурын уақытында күңдікке байланған қызды алтынның құлыбын былай қойып, тіпті өз басының құлыбын аша алмай зарлап, түрмеде жатқан жетім қызды енді жаламен зарлауына мұсылман баласы шыдай алмайды! – десіп шығыпты. Шиянжаң қалыс, білікті деген адамдардан тексеру алқасын құрыпты да, қала Ханзуларының бір шаңиясы мен қала қазағының Күнтуған атты шаңиясын бастық етіп сайлапты. Бұл алқа алтын мен ақшаның ұрланған-ұрланбағынан анықтап, тексеру материялы мен өз шешімдерін Шиянжаңға жеткізбек екен. Бір күні түстен кейін Қанипа шеше мен Дәмештің "ақырғы тергеуі" болып жатқанын естіп, мектептен қайтысымен Шиянжаң жамбылының алдына бардым. Жамбыл алды адамға толып кетіпті. Көбі қызынып даурығысып тұр. Дәмеш пен шешесін сақшы түрмеден әкеліп ішке кіргізіпті де, "адвокат, шешендеріміздің" ешқайсысын жолатпапты. Жамбыл қақпасының алдына көп сақшы қойылыпты, адамның көбейгендігінен қауіптенсе керек, биік дуал үстіндегі қарауыл орындарының бәрі сұп-сұры әскер. – "Жаңгүдейлер" келсе, мына қабаған иттер үндемей кіргізе береді. Жесір қатын, жетім балаға ес болуға біздің де бір адамды неге кіргізбейді. "Ұлттар теңдігі дейтін" қайда?! – деп саңқылдады бір жігіт. – Жалақорлардың бәрі жетім қызды бүйіше торлай түссін дейді ғой! Құрышбек бір топ адаммен жекерек барып сөйлесіп отыр екен, мен солар жаққа бардым. Құрекең "құлып сиқыры" болып аты шыққан Қасен дейтін ұры досына бірдеме айтып отыр екен. Мен арт жақтарына барып тұрғанда көсе қара Қасен күле жауап қайырды: – Құреке, ол бәрімізге ортақ қарындас қой. Екеуміз тірі тұрсақ оны қайдан болсақ та құтқара аламыз. Бірақ мына үкімет қалай бітірер екен, артынан бағалайық! – Ұйғыр саудагерлерінің үш-төрті бұларға жақынырақ жерде сөйлесіп тұр еді. Олардың бір сөздері менің құлағымды жұлып әкеткендей болды: – Қанша пұл болса да мен төлер едім! – деді қырма сақалдың бірі. – Бек пәкіз бала екен, бұл үшін кеткен пұл халал! Бұлардың сөзі қалжыңға ауып күлісіп алды да, күбірге көшті. Бір қақпаның дәл алдында тұрған Нұрасылды шақырды. Қаңсарлы келте танауын көтере Нұрасыл саудегерлерге күн сала қарады да қолын сілтей, ірі басып бері аяңдады. Нұрасыл мұрнын қулана тыжырды да, көзін бір қысып қалып, байлардың қасына барды. Олар Нұрасылды ортаға алып, ауашаға әкетті. Біздің елдестерден бес-алты шешен шал көшенің қарсы жағындағы балапан теректердің саясында отыр еді, Нұрасылды ортаға алған жаққа олар да қарады. Шалдардың қасында ауқатты қазақ саудагерлердің бірнешеуі отырғанын көріп, олардың сырт жағынан барып тұрдым. Шалдар құдалық сөйлескен жандарша астарлап, мақалдасып, желпініп отыр екен. Олар былай сөйлескенде мен түсіне алмай қалатынмын. Көзімнің астымен әрқайсысына бағдарлай қарап тұра бердім. Алдыңғы жылы Шәуешек тасжолында тұз ұрлаған Жолдыбай би барынша көсіле сөйлеп отыр. Ол Дәмештен дәмелі болған бір қырқылжың саудагерге дән риза сияқты. "Бірақ, мына тергеудің арты не болар екен, баламызға қандай кесім шығар екен, соны білейік" деді де маған жалт қарады. – Е, сен екенсің ғой, әкең қайда, балам? – Білмеймін,– дей салдым. – Мұндай жерге Жәкең келсін бе, – деп кекей күлімсіреді біреуі, – ауру кемпірлердің қасында отырған шығар. – Жәкеңнің мұнда келмегені де жақсы! – дей салды Қанас дейтін шоқша сары сақалды кісіміз, бұл былтыр бір қыс бірге отырған Жанастың ағасы еді. Әкемнің бұл жаққа келгелі, тұйықталып, момын болып кетуін ел адамдарынан осы кісі ғана құптайтынын білетінмін. "Бұл жерге келмеуі Дәмешті сыртынан сатпауы үшін де жақсы бопты!" деп ойлай жөнелдім. Бәйкен жамбылдың қабырғасына сүйеніп, тағы да жалғыз мөлейіп отыр екен. Шақырайған ыстық күнге қарсы отырып қалғанын өзі сезбеген сияқты. Жалаңбас жақында ғана қырылған тақыр басы қып-қызыл болып күйіп кетсе де мизер емес. – Апаң мен тәтеңді көрдің бе? – дедім қасына отыра беріп. – Көрдім, – деп тұқыра түсті. Үнінен өксік білдірмейін дегендей, ақырын айтты. – Жүдеп пе? – Апам арықтап қалыпты. – Тәтемнің беті ашық па екен? – Ашық. Ол еш нәрсе болмаған секілді. – Еш нәрсе болмайды, тез шығады! – дедім мен, өзім де анық сенгендей. Бірақ басқа бір қауіпімді айтқым келмеді: "Жаңгүдей" саудагерлерден құтылса да, Жолдыбай саудагерлердің тағы біреуі сатып әкетеді-ау" деген күдік, сырттан саудаласып жатқандарды көрген соң мені мықтап шармап еді. Қалың адам жапырласып, қақапаға қарай ұмтыла түсті бір кезде. Бірнеше сақшы қылыштарын жалаңаштап шақ-шұқ ете түсті. Көпшілігі олардың сермеген жағынан жолды әрең ашты. Дәмешті қайта айдап шыққан екен. Алды-артындағы сақшының зекіруіне қарамай, әпкеміз көпшілікке жағалата қарап шықты. Бұрынғыдан да нұрланып кеткендей көрінді маған. Бүркенуді, бұғынуды мүлде тастапты. Жеңіл жаулығы иығында, жалаңбастанып, қатты ширап алыпты. Көзі шоқтай жайнап, Бәйкен екеумізге де қарап алды. Бір сақшы "тез жүр" дегендей ақырып еді, қайырыла қарап, ханзуша сөйлеп тастады. – Ағалар, мен ұры да, кәззап та емеспін! – деп жүрісін баяулата, қазақша сөйлеп кетті ол, – мені ұры деп жала жабушының өзі ұры, өзі кәззап!.. "Адам ұрлап жейтін бұлаңшы", сондықтан өзі беттесе алмай, қағаздарымен қаматып отыр! – Бұл жөнінен қамсыз бол, қарындас! – деп қалды Құрышбектердің арт жағынан қажырлы бір үн. Сақшылар сол жаққа қарап тіміскілей қалғанда, шығыс жақ бүйірден бір үн шықты: – Ағаларыңның біреуі тірі қалса, сені құтқарады!.. Көпшілік арасынан өтіп кеткен Дәмеш естігенін білдіргендей, артына бір қайырылып қарай кетті. Қанипа шеше айырым айдалып шықты. Оны қызымен сөйлестірмеу үшін бөлек ұстап тұрған сияқты. Ол тұсынан өте бергенде Нұрасыл сөйлеп қалды: – Әпке, аман құтыласыздар, қайғы ойламаңыз, ел-жұртыңыз бар! Қанипа жыламсырап тұрған Бәйкенге қарап өтті. Бәйкеннің қолтығынан ұстадым мен, "біз қасындамыз, алаң болма!" деген ойымды солай білдірдім. Сақшының бір сібе "дүңшесі" Нұрасылға дүрсе қоя берді: – Ей, сен не дедің ана кемпірге?! – Нұрасыл оны қомсынғандай танауын көтере күлімсіреді: – Мен аман құтыласың дедім, қате ме, тақсыр?! Ұлы алты саясаттың, көсеміміз Шыңдубанның заманында адамға жала жақпайтынына сенетіндігімді білдірдім, маған шікірейе көрмеңіз! Қазақша тілді жетік білетін дүңше Нұрасылға қарай шікірейе алмай, күлімсіреген болып кете барды, тексеру алқасының бір бастығы болған Кунтуған шаңия шыққанда көпшілік ұмтыла берді. Тергеудің қандай болғанын, саулыққа жармасқан көп қозыдай-ақ, жамыраса-маңыраса сұрап қалып жатыр. Шаңия мүйізін тосқандай, тұқара бұлтарып, біріне тоқтамай өтті, ешкімді жанастырғысы келмейтін сияқты. Жалпақ тақыр басын бір шайқағаннан басқа, аузын жапқан қалың қара мұртын да бір қыбырлатпай, ешқайсысын бойына тоғытпағандай ірілене өтті. Көзі қып-қызыл, дүниенің бар ауырлығын өзі ғана көтергендей, ырсылдай, мамырлай басады. Ағытып тастаған бешпетінің екі шалғайы екі жақта, тойған құмайдай томпиған "бөтегесі" ғана көрінді көзіме. Қанас би оған өзінің сарғыш қасты биік қабағын түйе қарап қалды. Айтып салғыш тура мінезді кісі еді, шоқша сары сақалы дір ете түсті. – Көмейі толмаған жерге көзі қиыс еді, япырмай, мына таздың көзі қисайып кетіпті-ау! – деді ол маңайына жағалата қарап, – "жаңгүдейлерден" тойып алған ба, қалай?! Нұрасыл жүре сөйлеп, шаңияның артынан кетті: – Бұл кісі "қымызханада" ғана сөйлейтін, арақ ішемісің ей, Құреке, жүр! – деп Құрышбекті ерте жөнелді. Бәйкен екеуміз арттарынан баспалай еріп отырдық, күн еңкейе салқын түсе бастап еді, бір шағын асхананың алдына таман барғанда Нұрасыл дауыстап шақырды, шаңия артына жалт қарап тұра қалды. – Шаңия жарықтық, бір жақсы жерде ұстаттыңыз-ау, киелі мекен ғой, кіре кетелікші! – Үй, сен… Қызыл табан, қандықол жауапкеріміздің өзі емеспісің, талапкерлердің біреуі көріп, дау шығарып жүрмесін, басқа бір күні кірсек қайтеді?! – Жарықтық-ай, шөлдеп тұрсаңыз да қыздай қылымситыныңыз бар-ау, дауымыз шияңжыңпуда қалмады ма, демалатын жерде оның несі бар! Қане, тура төрге тартыңыз, сізге босамайтын төрі көр болсын! Олар асханаға кірісімен біз есіктің сыртқы босағасына тұра қалдық. Нұрасыл аспазға заказын қысқа айтты да, шыңиянның қарсысындағы орындыққа барып отырды. – Ұстам, бізге шөп қоспай, ыңғай майлы еттен қуырып жіберіңіз! Алдымен екі бөтелке мен үш стакан!.. Шаңия тақсыр, не бұйырсаңыз да жауапкеріңіз алдыңызда ғой, маған бүгін қандай кесім шығардыңыз, соны айтыңызшы! – Өз кесімімізді Шиянжаңға ертең жазбақпын! – Сөйтсе де, іс арты қалай болатын сияқты?! – деп Құрышбек араласты сөзге, – біздің қарындасқа бостандық тиетіндей ме? – Мәселе ауыр, алтын мен ақшасын қарындастарыңның алып кеткені рас көрінеді. Алқадағы "жаңгүдейлер" күмәнданбай-ақ кесіп айтты, тым мықты тұр. Үндеспей қалып, тамақтарын қырынғандарынан бір рет көтерісіп алғандықтары байқалды. – Сіз өзіңіз сендіңіз бе соған? – Алтыны мен ақшасының қарындастың қашқан күні жоғалғаны рас. – Беттестірдіңіздер ме? – деп Нұрасыл еңкейе сұрады. – Ей, Нұрасыл, бұл сөзді доғаршы! – деп шаңия сөзден тайқай қалды, – онан да арағыңды құй! – Тақсыр-ай, кенезеңіз кеуіп-ақ қалған екен, – деп Нұрасыл күлді, – құяйын–құяйын, бүгін нәр тартпағансыз-ау тегі! Тағы бір рет молынан қағысып алғандай болды. Тамағын бір кенеп алып, Құрышбек жалғады сөзін. – Бұл кісінің нәр тартпағаны сол, түс уақытында Лию "жаңгүдейдің" арақ бөшкесіне түсіп шыққан. Беттестірмей-ақ "шындыққа" көз жеткізген соның күші ғой?! – Кім барыпты оның үйіне, Құрышбек, мына жаланы қайдан тауып отырсың? – Шаңия, жасырынбақ ойнауға қаншалық шебер болғаныңызбен, менен жасырар еш жеріңіз қалған жоқ, – деп шаңияның арқасынан қағып–қағып қалды, – беттестірген-беттестірмегеніңізді де, қалай кесетініңізді де енді сұрамай-ақ қоялық! Ұстам, әкел қуырдақты, шаңиямыз мас болып қалмасын, халық үшін күресіп, шаршап шыққан адам ғой! – Жөн білетін-ақ жігітсің, Құрышбек, дұрыс сөз осы! – деп күлді шаңия, тағы бірді қағысып жіберді, – қаншалық қиын болса да халқым үшін істемейін деп жүргенім жоқ-ау, бірақ, құрығыр істеткізбей жүр ғой! – Жарықтығым-ау, соныңды айтшы онан да! – деп Нұрасыл қудалай қалды, – сізді буып жүрген не қырсық еді? Шаңия бірдеме деп сыбырлап қалды, "ақша" деген екенін кейінгі сөзінен аңғардым. – Мен қазірге дейін сол алқаны түгелімен аузыма қаратып болар едім, әттеген ә, жан қалтам бос тұр! – Қарға болсақ та халықпыз ғой, шаңия, – деп күрсінді Нұрасыл, – бәріне болмаса да, өзіңіз қанағаттанарлық бірдеме табылар, бірақ, онымыз біздің қара ісімізді ақтап бергендік емес, талапкерді жауапкерге беттестіріп, айтысқан дәлелдерін Шиянжаңға дұрыс жазып жеткізсеңдер, жығылсақ та дауымыз азырақ болар еді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|