ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
I – аналитикалық топ катиондарының жалпы мәліметтері мен дербес реакцияларыБірінші аналитикалық топ катиондарына: NH4+, K+, Na+ жатады. Калий, натрий және аммонийдің тұздары оның гидроксидтері суда жақсы ериді, сондықтан олардың топтық реагенті жоқ. Калий және натрийдің гидроксидтері – сулы ерітінділерде толық ионданатын күшті сілтілер. Күшті қышқыл қалдығынан түзілген калий мен натрийдің тұздары гидролизге ұшырамайды және олардың ерітінділері бейтарап орта көрсетеді. Әлсіз қышқыл қалдығынан түзілген тұздары гидролизге ұшырайды, ал олардың ерітінділерінің рН > 7 болады. Аммиактың судағы ерітіндісі (аммоний гидроксиді - NH4OH) – әлсіз негіз. Күшті қышқылдардан түзілген тұздары гидролизге ұшырайды және олардың ерітінділерінің рН < 7 болады. Қыздырған кезде аммоний тұздары ыдырайды және бұл касиеті NH4+ катионын реакциялық ортадан аластату (ұшырып жіберу) үшін қолданылады.
Калий катионының К+ дербес реакциялары I. Натрий гидротартраты NaHC4H4O6 калий тұздарымен ақ кристалл тұнба түзеді: KCl + NaHC4H4O6 = KHC4H4O6 + NaCl K+ + HC4H4O6- = KHC4H4O6
1-тәжірибе. Пробиркаға 4-5 тамшы калий тұзының ерітіндісін құйып, сонша тамшы натрий гидротартраты ерітіндісін қосыңдар. Ақ кристалл тұнба түзілгенше пробиркадағы ерітіндіні шыны таяқшамен араластырыңдар.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1.Калий катионы бар ерітінді аса концентрлі болуы керек. 2.Реакцияны салқын жерде жүргізу керек. 3.Орта бейтарап болуы шарт. 4.Сыртқы әсерлерді (шыны таяқшамен араластыру) қолдану қажет.
II. Натрий гексанитрокобальтаты (III) Na3 калий катионымен калий - натрий гексанитрокобальтатының (III) сары түсті комплексті тұзының тұнбасын түзеді: 2KCl + Na3 = 2 NaCl + K2Na 2K+ + Na+ + = K2Na
2-тәжірибе. Бір тамшы калий тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий гексанитрокобальтатын (III) қосыңдар. Күшті қышқылдарда еритін ашық-сары түсті тұнба түзіледі.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Орта бейтарап немесе әлсізқышқылдық болуы керек. 2. Аммоний тұздарының болмауы қажет. 3.Нитрит ионын тотықтыратын иодидтер мен басқа тотықсыздандырғыштардың да болмауы қажет. 4.Шыны таяқшамен араластыру арқылы тұнбаның түзілуін жылдамдатуға болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|