ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
II. Жалынның боялуы2-тәжірибе. Тазартылған платина немесе нихром сымын натрий катионы бар зерттелетін құрғақ тұзға батырып, жалынның түссіз бөлігіне ұстаңдар. Жалын сары түске боялады. Реакция өте сезімтал, егер 10-15 минуттан кейін сары бояудың қарқындылығы жоғалмаса, онда натрий катионы бар деп есептеуге болады. Аммоний катионының NH4+ дербес реакциялары I. Сілтілер аммоний тұздарын аммиак газын бөле отырып ыдыратады:
NH4Cl + NaOH = NH3 + NaCl + H2O NH3 + H2O = NH4OH 1-тәжірибе. 2-3 тамшы аммоний тұзының ерітіндісіне 3-4 тамшы сілті NaOH ерітіндісін тамызып (сілтіні пробирканың қабырғасына тигізбей қосу керек), аздап су жылытқышында қыздырыңдар. Аммиак газының бөлінгенін иісінен немесе ылғалданған қызыл лакмус қағазының көгеруінен байқауға болады. Ескерту: лакмус қағазын пробирканың үстіне (пробирканың жиегіне тигізбей) ұстау қажет.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Реакцияны сілтілік ортада жүргізу қажет. 2. Ерітіндіні қыздыру керек (су жылытқышында). 3.Ылғалданған индикатор қағазын ерітіндіге және пробирканың қабырғасына тигізбеу керек.
Сілтілермен жүретін реакцияны аммоний тұздарын ерітіндіден бөліп алып, оны ыдырату үшін қолданады. II. Натрий гексанитрокобальтаты (III) Na3 аммоний катионымен аммоний - натрий гексанитрокобальтатының (III) сары түсті комплексті тұзының тұнбасын түзеді: 2 NH4Cl + Na3 = 2 NaCl + (NH4 )2Na 2 NH4+ + Na+ + = (NH4 )2Na
2-тәжірибе. 1-2 тамшы аммоний тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий гексанитрокобальтатын (III) қосыңдар. Нәтижесінде ашық-сары түсті тұнба түзіледі.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Орта бейтарап немесе әлсізқышқылдық болуы керек. 2. Калий тұздарының болмауы қажет. 3. Шыны таяқшамен араластыру арқылы тұнбаның түзілуін жылдам-датуға болады.
III. Несслер реактиві: калий тетраиодомеркуратының (II) сілтілік ерітіндісі K2 + KOH аммоний тұздарымен оксимеркураммоний иодиді деп аталатын қызыл-қоңыр тұнба түзеді:
NH4Cl + 2K2 + 4KOH = J + KCl + 7 KJ + 3H2O NH4+ + 2 2- + 4OH- = J + 7J- + 3H2O
3-тәжірибе. Бір тамшы сұйытылған аммоний тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы Несслер реактивін қосыңдар, сол кезде қызыл-қоңыр тұнба түзіледі. Тәжірибені жүргізу шарттары: 1.Тәжірибені жүргізген кезде Несслер реактивін артық мөлшерде алу қажет, себебі тұнба аммоний тұздарында ериді. 2. Аммоний катионының ашылуына: Fe3+, Cr3+, Co2+, Ni2+ және т.б. катиондар кедергі жасайды. 3. Осы катиондар болған жағдайда, оған 50%-тік калий-натрий тартраты KNaC4H4O6 ерітіндісін қосыңдар, себебі көрсетілген иондармен көп жағдайда комплексті қосылыстар түзеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|