Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алтыншы аналитикалық топ катиондары





Алтыншы аналитикалық топқа мына катиондар жатады: Cu2+, Hg2+, Co2+, Ni2+, Cd2+.

Бұл топтың хлоридтері, сульфаттары және нитраттары суда жақсы ериді. Мыс (II) тұздарының ерітінділері көгілдір түске, кобальт (II) тұздарының ерітінділері – ашық-қызыл түске, ал никель (II) тұздарының ерітінділері – жасыл түске боялған.

Бұл топ катиондарының гидроксидтері нашар еритін әлсіз электролиттер болып саналады. Cu(OH)2, Hg(OH)2 гидроксидтері - тұрақсыз, олар өздеріне сәйкес оксидке және суға ыдырайды. Мыс гидроксиді қыздырғанда ыдырайды, ал сынап гидроксиді қалыпты температурада ыдырайды.


Бұл алтыншы аналитикалық топ катиондарына комплекс түзу реакциялары тән. Топтық реагенті - аммиак ерітіндіс(NH4OH).

Тәжірибе. 5 пробиркаға 3 тамшыдан мыстың (II), сынаптың (II), кадмийдің (II), никелдің (II) және кобальттың (II) ерітінділерін құйып, оған 25%- тік аммоний ерітіндісінен 3 тамшы тамызып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Түскен тұнбаның түсіне көңіл бөліңдер. Содан кейін әр пробиркаға 6 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін (NH4OH) қосып, тағы да шыны таяқшамен араластырыңдар. Сонымен қатар Hg2+, Co2+ катиондары бар ерітінділерге аммоний хлоридінің NH4Cl бірнеше кристалдарын қосыңдар:

 

CuSO4 + 4NH4OH = + 4H2O

Cu2+ + 4NH4OH = + 4H2O

HgCl2 + 4NH4OH = + 4H2O

Hg2+ + 4NH4OH = + 4H2O

CdCl2 + 4NH4OH = + 4H2O

Cd2+ + 4NH4OH = + 4H2O

NiCl2 + 6NH4OH = + 6H2O

Ni2+ + 6NH4OH = + 6H2O

CoCl2 + 6NH4OH = + 6H2O

Co2+ + 6NH4OH = + 6H2O

Мыс катионының Cu2+ дербес реакциялары

І. Күйдіргіш сілтілер мыс (II) тұзының ерітіндісімен көгілдір түсті мыс (II) гидроксидін түзеді:

 

CuSO4 + 2KOH = Cu(OH)2 + K2SO4

Cu2+ + 2OH- = Cu(OH)2

 

Тұнба концентрлі аммиак ерітіндісінде ериді.

 

1-тәжірибе. 2 тамшы мыс (II) тұзының ерітіндісіне 2 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілуіне назар аударыңдар.

 

II. Калий гексацианоферраты (II) мыс (II) тұзының әлсізқышқылдық немесе бейтарап ерітіндісімен әрекеттесіп, қызыл-сұр түсті мыс гексацианоферратын (II) түзеді:

 

2CuSO4 + = ↓ + 2K2SO4

 

2Cu2+ + =

 

Тұнба сұйытылған қышқылдарда ерімейді, ал аммиакта ериді.

 

2-тәжірибе. 2 тамшы мыс тұзының ерітіндісіне 2 тамшы калий гексацианоферратын (II) қосып, түзілген тұнбаға көңіл аударыңдар.

 

 

Сынап катионының Hg2+ дербес реакциялары

HgHРПр

I. Күйдіргіш сілтілер сынап (II) тұзының ерітіндісімен қара түсті сынап оксиді HgO тұнбасын береді:

 

Hg(NO3)2 + 2KOH = HgO↓ + H2O + 2KNO3

 

Hg2+ + 2OH- + HgO↓ + H2O

 

Тұнба қышқылдарда оңай ериді.

 

1-тәжірибе. 2 тамшы сынап (II) тұзының ерітіндісіне 2 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар.

 

II. Калий иодиді KJ сынап (II) тұзымен қызыл түсті сынап (II) иодидінің HgJ2 тұнбасын береді:

Hg(NO3)2 + 2KJ = HgJ2↓ + 2KNO3

Hg2+ + 2J- = HgJ2

Тұнба реактивтің артық мөлшерінде түссіз комплексті қосылыс түзеді:

 

HgJ2↓ + 2KJ =

 

2-тәжірибе. Пробиркаға 2 тамшы сынап (II) нитраты Hg(NO3)2 ерітіндісін құйып, оған алдымен калий иодиді ерітіндісінен 2 тамшы, содан кейін артық мөлшерін қосыңдар. Тұнбаның түзілуіне және оның еруіне назар аударыңдар.

 

Кадмий катионының Cd2+ дербес реакциялары

І. Күйдіргіш сілтілер кадмий тұзының ерітіндісімен ақ түсті кадмий (II) гидроксидін түзеді:

CdCl2 + 2NaOH = Cd(OH)2 + 2NaCl

 

Cd2+ + 2OH- = Cd(OH)2

 

1-тәжірибе. 2-3 тамшы кадмий тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның түзілуіне және оның түсіне назар аударыңдар.

Кобальт Сo2+ катионының дербес реакциялары

 

Кобальт катионы сулы ерітінділерде қызғылт-күлгін түсті (розово-фиолетовый) береді.

 

І. Аммоний (NH4SCN) немесе калий роданиді (KSCN) кобальт катионымен Сo2+ комплексті тұз түзеді:

 

CoCl2 + 4NH4SCN ↔ + 2NH4Cl

 

Co2+ + 4SCN-

 

Аммоний тетрароданокобальтаты (II) әдемі көкшіл түсті береді; ал ионы - тұрақсыз және сулы ерітінділерде тез ыдырап кетеді. Егер ерітіндіге изоамил спиртін қосып, қатты шайқасақ, онда бұл комплекс еріткішке ауысып, спирт қабатын көк түске бояйды.

 

1-тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы кобальт (II) тұзының ерітіндісін құйып, оған 8-10 тамшы қаныққан аммоний роданиді ерітіндісін және 5-6 тамшы изоамил спиртін қосып, қатты шайқаңдар. Егер кобальт катионы бар болса, онда беткі қабат ашық-көк түске боялады.

 

 

IІ. Күйдіргіш сілтілер кобальт тұзының ерітіндісімен кобальттың (II) негіздік тұзын түзеді:

CoCl2 + NaOH = CoOHCl + NaCl

 

Co2+ +Cl- + OH- = CoOHCl +

 

CoOHCl ↓ + NaOH = Cо(OH)2 + NaCl

 

2-тәжірибе. 3-4 тамшы кобальт тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны әбден араластырыңдар. Тұнбаның түсіне назар аударыңдар. Сосын осы түскен тұнбаға тағы да 2-3 тамшы NaOH ерітіндісін қосындар. Тұнбаның түсі өзгере ме? Жүрген процесті түсіндіріңдер және реакция теңдеуін жазыңдар.

Никель катионының Ni2+ дербес реакциялары

 

Сулы ерітінділерде никель тұздары жасыл түсті береді.

 

І. Диметилглиоксим (Чугаев реактиві) аммиакты ортада никель катионымен Ni2+ ішкікомплекстік тұздың тұнбасын береді:

 

NiSO4 + 6NH4OH = + 6H2O

 

+ 2C4H8N2O2 + 4H2O = Ni(C4H7N2O2)2↓ + (NH4)2SO4 + 4NH4OH

NiSO4 + 2NH4OH + 2C4H8N2O2 = Ni(C4H7N2O2)2↓ + (NH4)2SO4 + 2H2O

1-тәжірибе. Пробиркаға никель тұзының 4 тамшысын құйып, оған сутектің асқын тотығының (Н2О2) 1-2 тамшысын және 5-6 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңдар, егер тұнба ерімесе оны сүзу қажет. Фильтраттың 1 тамшысын фарфор ыдысқа тамызып, оған диметилглиоксимнің 1 тамшысын қосыңдар. Егер никель катионы бар болса, онда ерітінді алдымен қарқынды ақшыл- қызыл түсті береді, сосын қызыл тұнба түзіледі.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1. Реакцияны рН=6-9 (аммиакты) ортада жүргізеді.

2. Егер темір (II) катионы бар болса, онда оны сутектің асқын тотығымен Fe3+ -ке дейін тотықтырыңдар.

3. Cu2+ мен Co2+ иондары никель Ni2+ иондарын анықтауға кедергі жасайды, сондықтан оларды бөліп тастау керек, себебі олар диметилглиоксиммен боялған қосылыс түзеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных