ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сульфит – анионының SO32- дербес реакцияларыI. Иодты немесе бромды сулар ерітіндідегі SO32- аниондарыменәрекеттескенде түссізденеді:
SO32- + I2 + H2O = SO42- + 2I- + 2H+ 1-тәжірибе. Пробиркаға 4-5 тамшы натрий сульфитінің Na2SO3 ерітіндісін құйып, оған 5 тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Ерітінді түссізденеді.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Реакцияны бейтарап немесе қышқылдық ортада жүргізгенде (рН≤7) реакция толық жүреді. 2. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш иондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды. II. Барий хлориді BaCI2 SO32- анионымен барий сульфитінің BaSO3 ақ тұнбасын түзеді, ол тұнба қышқылдарда ериді:
BaCI2 + Na2SO3 = BaSO3↓ + 2NaCI Ba2+ + SO32- = BaSO3↓ 2-тәжірибе. 2 тамшы натрий сульфиті Na2SO3 ерітіндісіне 2-3 тамшы барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаға назар аударыңдар.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Реакцияны бейтарап немесе қышқылдық ортада жүргізгенде (рН≤7) реакция толық жүреді. 2. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш иондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды.
II. Күміс нитраты AgNO3 SO32- анионымен күміс сульфитінің ақ тұнбасын түзеді, ол тұнба азот қышқылында ериді:
2AgNO3 + Na2SO3 = Ag2SO3↓ + 2NaNO3 2Ag+ + SO32- = Ag2SO3↓ Қышқылдармен әсер еткенде сульфиттер ыдырап, күкірттің қос тотығын түзеді: BaSO3 + 2HCl = BaCl2 + H2O + SO2↑
Күкірт (IV) оксидінің бөлінгенін иод немесе калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіру қабілетінен байқауға болады:
SO2 + I2 + 2H2O = 4H+ + SO42- + 2I-
5SO2 + 2KMnO4 + 2H2O = 2KHSO4 +2MnSO4 +H2SO4
2-тәжірибе. Пробиркаға бірнеше тамшы натрий сульфитін Na2SO3 және 2-3 тамшы күміс нитратын AgNO3 тамызамыз. Күміс сульфитінің Ag2SO3 ақ тұнбасының түзілгеніне назар аударыңдар.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Натрий сульфитінің ерітіндісі концентрленген (10-15%) және жаңадан дайындалған болуы қажет. 2.Тотықсыздандырғыштардың болуы сульфит-ионды анықтауға кедергі жасайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|