Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Хлорид -анионының СI- дербес реакциялары




Хлорид - ионы СI- күшті қышқылдардың бірі болып саналатын хлорсутек (тұз) қышқылының анионы. Бұл қышқылдың күшті негіздердің катиондарынан түзілген тұздары гидролизге ұшырамайды. Хлоридтерінің көпшілігі дерлік (күміс, сынап (I) және қорғасын хлоридтері суда ерімейді) суда жақсы ериді.

I. Күміс нитраты АgNO3 СI- анионымен ақ сүзбе тәрізді күміс хлоридінің тұнбасын түзеді. Тұнба суда және қышқылдарда ерімейді. Аммиак ерітіндісінде еріп, күмістің комплексті тұзын [Ag(NH3)2]CI түзеді. Азот қышқылының әсерінен комплексті ион бұзылып, күміс хлориді қайтадан тұнбаға түседі:

CI- + Ag+ = AgCI↓

AgCI + 2NH4OH = [Ag(NH3)2]CI + 2H2O

[Ag(NH3)2]CI + 2H+ = AgCI↓ + 2NH4+

1-тәжірибе. Пробиркадағы 2-3 тамшы натрий хлориді ерітіндісіне 1-2 тамшы күміс нитраты ерітіндісін тамызамыз. Түзілген тұнбаны центрифугат арқылы бөліп алып, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін қосамыз. Ерітіндідегі хлорид СI- анионын 3-5 тамшы 2моль/л азот қышқылымен HNO3 әсер ету арқылы анықтауға болады.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1. Реакцияны азот қышқылының ортасында жүргіземіз.

2. Вr- ионы СI- ионын анықтауға кедергі жасайды.

 

II. Марганец оксиді (МnO2), қорғасын оксиді (РbO2) және басқа тотықтырғыштар хлорид-анионымен СI- әрекеттесіп, оны бос күйіндегі хлорға дейін тотықтырады. Хлордың бөлінгенін өзіне тән иісінен және калий иодиді ерітіндісі мен крахмал ерітіндісіне батырылған қағаздың көгеруінен байқауға болады:

2CI- + MnO2 + 4H+ = CI2↑ + Mn2+ + 2H2O

CI2 + 2I- = I2 + 2CI-

 

Иодид I- және бромид Br- иондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды.

 

2-тәжірибе. Пробиркадағы 2-3 тамшы натрий хлориді ерітіндісіне қалақшамен 0,5г марганец оксидін (МnO2) немесе қорғасын оксидін (РbO2) салыңдар.

Хлордың бөлінгенін өзіне тән иісінен және калий иодиді ерітіндісі мен крахмал ерітіндісіне батырылған қағаздың көгеруінен байқаңдар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных