ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Фосфат-анионының PO43- дербес реакцияларыФосфат-ионы PO43- орташа қышқыл болып табылатын ортофосфор қышқылының Н3PO4 анионы. I. Барий хлориді BaCI2 РО43- анионымен барий гидрофосфатының ВаНРО4 ақ тұнбасын түзеді. Түзілген тұнба күкірт қышқылынан (Н2SO4) басқа қышқылдардың барлығында ериді: BaCI2 + Na2HPO4 =ВаНРО4↓ +2NaCI
Ba2+ + HPO2- = BaHPO4 ↓ 1-тәжірибе. 4 тамшы натрий гидрофосфаты ерітіндісіне 4 тамшы барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Барий гидрофосфатының ВаНРО4 ақ тұнбасының түзілгенін бақылаңдар. Түзілген тұнбаның ерігіштігін сұйытылған азот қышқылында тексеруге болады.
II. Күміс нитраты AgNO3 РО43- анионымен азот қышқылында еритін күміс фосфатының Ag3PO4 сары тұнбасын түзеді:
3AgNO3 + Na2HPO4 = Ag3PO4↓ + HNO3 + 2NaNO3
3Ag+ + PO43- = Ag3PO4 ↓
2-тәжірибе. 2-3 тамшы натрий гидрофосфаты ерітіндісіне 2-3 тамшы күміс нитраты ерітіндісін қосыңдар. Сұйытылған азот қышқылында еритін күміс фосфатының Ag3PO4 сары тұнбасы түзіледі.
III. Магнезиал қоспасы (магнезиальная смесь) (MgCI2, NH4OH және NH4CI сулы ерітінділері) РО43- анионымен магний-аммоний фосфатының ақ кристалл тұнбасын түзеді:
Na2HPO4 + NH4OH + MgCI2 = MgNH4PO4↓ + 2NaCI + H2O
HPO42- + NH4OH + Mg2+ = MgNH4PO4↓ + H2O
3-тәжірибе. 5-6 тамшы магний хлоридіне бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін (NH4OH) тамызып, түзілген тұнбаны аммоний хлоридін қосу арқылы ерітеміз. Содан соң бірнеше тамшы натрий гидрофосфатының ерітіндісін қосқанда магний-аммоний фосфатының ақ тұнбасы түзіледі. Тәжірибені жүргізу шарттары: Аммоний хлоридінің мөлшері аз болуы қажет, себебі оның артық мөлшері комплексті иондардың түзілуіне әкеп соғады. IV. Молибден сұйығы (аммоний молибдатының (NH4)2MoO4 азот қышқылындағы ерітіндісі) РО43 - анионымен аммоний 12-молибдофосфатының сары тұнбасын түзеді:
Na2HPO4 + 12(NH4)2MoO4 + 23НNO3 = (NH4)3H4[P(Mo2O7)6] ↓ + + 21NH4NO3 + 2NaNO3 + 10H2O
HPO42- + 3NH4+ + 12 MoO42- + 23H+ = (NH4)3H4[P(Mo2O7)6] ↓ + 10H2O
Түзілген тұнба сілтілерде және аммиак ерітіндісінде ериді. Сонымен қатар тұнба сілтілік металдар фосфаттарының артық мөлшерінде де ериді.
4-тәжірибе. Пробиркаға 5 тамшы аммоний молибдаты (NH4)2MoO4ерітіндісіне 1 тамшы концентрлі азот қышқылын тамызамыз. Ерітіндіні кішкене қыздырамыз да, оған 1 тамшы натрий гидрофосфаты ерітіндісін қосамыз. Біраз уақыт өткеннен кейін тұнбаның түзілуін байқаймыз. Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Реакцияны рН≤1 жағдайда жүргіземіз. 2. Аздап қыздыру тұнбаның түзілуіне мүмкіндік жасайды. 3.Тотықсыздандырғыш – аниондар және тұз қышқылы НСI реакцияның жүруіне кедергі жасайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|