ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бромид - анионының Br- дербес реакцияларыБромид - ионы Br- бромсутек қышқылының НBr анионы. Бромид тұздары өзінің қасиеті жағынан хлоридке ұқсас болып келеді. I. Күміс нитраты АgNO3 бромид-анионымен Br- күміс бромидінің AgBr ақ-сары тұнбасын түзеді: NaBr + AgNO3 = AgBr↓ + NaNO3
Ag+ + Br- = AgBr↓
Түзілген тұнба азот қышқылында ерімейді, аммиак ерітіндісінде нашар ериді, ал натрий тиосульфаты ерітіндісінде жақсы ериді: AgBr↓ + Na2S2O3 = NaBr + Na[Ag(S2O3 )]
1-тәжірибе. 4 тамшы натрий бромиді ерітіндісіне 4 тамшы күміс нитраты ерітіндісін қосыңдар. Тұнбасы бар ерітіндіні екі пробиркаға бөліңдер. Біріншісіне - натрий тиосульфаты ерітіндісін, ал екіншісіне - концентрлі аммиак ерітіндісін құйыңдар. Осы реактивтердегі тұнбаның ерігіштігін салыстырыңдар. II. Хлор суы бромид-ионымен әрекеттескенде оны бос күйіндегі бромға дейін тотықтырады: CI2 + 2NaBr = 2NaCI + Br2
2-тәжірибе. Пробиркаға 1-2 тамшы натрий бромиді NaBr ерітіндісін тамызамыз. Оны қышқылдау үшін бірнеше тамшы 2моль/л күкірт қышқылы ерітіндісін қосып, оған 1-2 тамшы хлор суын қосамыз. Бос күйіндегі бромның бөлінгенінен ерітінді қоңыр түсті болады. Осы ерітіндіге 5-6 тамшы бензол қосып, араластыру қажет. Бензол қызыл-қоңыр түске боялады.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1. Реакция рН=5-7 аралығында жүреді. 2. Хлорлы судың артық мөлшерінен бром хлориді BrCI түзілуі мүмкін. 3.Тотықсыздандырғыш-иондар реакция жүруіне кедергі жасайды, сондықтан оларды тотықтыру немесе ерітіндіден аластату қажет. 4. Бензолдың орнына хлороформ, төртхлорлы көміртек, бензин және басқа еріткіштерді пайдалануға болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|