Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






III. Реакцияны тамшы әдісімен жүргізу




3-тәжірибе. Сүзгіш (фильтр) қағазға алюминий тұзының ерітіндісін тамызып, ерітінді сіңгенше біраз күтеміз. Содан кейін қағазды концентрлі аммиак ерітіндісінің (NH4OH-конц.) үстінде ұстау қажет. Сүзгіш (фильтр) қағазда пайда болған дақты ализарин ерітіндісімен ылғалдап, тағы да аммиак буының үстінде ұстаймыз. Ашық қызыл түстің пайда болуы алюминий катионының бар екенін көрсетеді.

Хром катионының Cr3+ дербес реакциялары

I. Күйдіргіш сілтілер хром (III) тұздарының ерітіндісімен сұр-жасыл түсті хром гидроксидін түзеді:

 

CrCl3 + 3KOH = Cr(OH)3↓ + 3KCl

Cr3+ + 3OH- = Cr(OH)3

 

Тұнба сұйытылған қышқылдарда, сонымен қатар сілті ерітіндісінде де ериді.

1-тәжірибе. 2 тамшы хром (III) тұзы ерітіндісіне сілті NaOH ерітіндісінен алдымен 1 тамшы, содан кейін бірнеше тамшы қосыңдар. Тұнбаның түзілуін және еріп кетуін бақылаңдар.

 

II. Сілтілік ортада с утектің асқын тотығы (H2O2)хром катионын Cr3+-тен CrO42- ионына дейін тотықтырады:

 

2CrCl3 + 3H2O2 + 10 NaOH = 2Na2CrO4 + 6NaCl + 8H2O

 

2Cr3+ + 3H2O2 + 10 OH- = 2CrO42- + 8H2O

 

2-тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы хром (III) тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы сутектің асқын тотығын (H2O2) және 4 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Пробиркадағы ерітіндіні 3-4 минут қыздырыңдар. Егер CrO42- ионы бар болса, онда тұнба үстіндегі ерітінді сары түске боялады.

 

III. Қышқылдық ортада калий перманганаты (KMnO4) хром катионын Cr3+ - тен Cr2O72- ионына дейін тотықтырады:

 

5Cr2(SO4)3 + 6KMnO4 + 11H2O = 5H2Cr2O7 + 6MnSO4 + 3K2SO4 + 6H2SO4

 

10Cr3+ + 6MnO4- + 11H2O = 5Cr2O72- + 6Mn2+ + 22H+.

 

Бұл реакция барысында MnO4- анионының ашық-қызыл түсі жоғалып, қоңыр түсті марганецтің қостотығы немесе марганецті қышқылы түзілуі мүмкін.

 

3-тәжірибе. Пробиркаға 4-5 тамшы хром (III) тұзының ерітіндісін құйып, оған 3-4 тамшы күкірт қышқылы және 10 тамшы 0,1н калий перманганаты ерітіндісін қосыңдар. Осы қоспаны су жылытқышында қыздырамыз. Ерітіндінің түсі ашық-қызылдан сары түске өзгереді.

Мырыш катионының Zn2+ дербес реакциялары

I. Күйдіргіш сілтілер мырыш ерітіндісімен әрекеттесіп, ақ түсті мырыш гидроксидін түзеді:

 

ZnCl2 + 2KOH = Zn(OH)2↓ + 2KCl

Zn2+ + 2OH- = Zn(OH)2

 

Мырыш гидроксиді амфотерлік қасиетке ие, сондықтан олар сұйытылған қышқылдар мен сілтінің артық мөлшерінде ериді:

 

Zn(OH)2 + 2KOH = K2

 

1-тәжірибе. 2-тамшы мырыш тұзы ерітіндісіне алдымен сілті NaOH ерітіндісінің 1 тамшысын, содан кейін артық мөлшерін қосыңдар. Тұнбаның түзілуіне және оның еруіне назар аударыңдар.

 

II. Дифенилтиокарбозонның (дитизонның) хлороформдағы немесе төртхлорлы көміртегі ерітіндісінде Zn2+ катионы қызыл түсті ішкікомплекстік қосылыс түзеді. Бұл қосылыс сілтілік ортада хлороформ қабатын ғана емес, жоғарғы сулы қабаттың да түсін өзгертеді. Осы реакция арқылы басқа катиондардың қатысында мырышты анықтауға болады.

 

2-тәжірибе. Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысын пробиркаға құйып, оған 5 тамшы 2моль/л натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаны (егер тұнба түзілсе) цетрифугамен айналдырамыз. Центрифугат тамшысын зат шынысына тамызып, оған хлороформдағы дитизонның 2-3 тамшысын қосып, еріткіштің бәрі ұшып кеткенше шыны таяқшамен араластырыңдар. Ерітіндіде мырыш катионы бар болса, онда сулы ерітінді ашық-қызыл немесе қызыл түске боялады.

 

Қалайы катионының Sn2+ дербес реакциялары

Қалайы құрамына Sn2 + және Sn4+ катиондары кіретін екі түрлі қосылыстардың қатарын береді.

I. Қалайы Sn2+ катионының висмут және сынап тұздарымен тотықсыздануы

Құрамында Sn2+ катионы бар тұздардың сілтілік ерітіндісіне висмут нитраты немесе сынап хлориді ерітіндісінің аз ғана мөлшерін қосса, онда металдық висмут немесе сынаптың қою қара тұнбасы түзіледі:

 

SnCl2+4KOH→ K2SnO2 + 2KCl + 2H2O

Sn2+ + 4OH- → SnO22- + 2H2O

 

2Bi(NO3)3 + 3K2SnO2 + 6KOH → 2Bi↓ + 3H2O + 6KNO3 + 3K2SnO3

2Bi3+ + 3SnO22- + 6OH- → 2Bi↓ + 3SnO32- + 3H2O

 

HgCl2+ K2SnO2+ 2KOH→ Hg↓+ K2SnO3 +2KCl+ H2O

Hg2+ + SnO22- + 2OH- → Hg↓+ SnO32- + H2O

1-тәжірибе. Пробиркаға Sn2+ катионы бар ерітіндінің 4 тамшысына 2моль/л NaOH ерітіндісінің 6-7 тамшысын қосыңдар. Егер тұнба түзілсе, ол тұнбаны центрифуга арқылы бөліп алыңдар. Таза пробиркаға центрифугаттың 2-3 тамшысын құйып, оған Bi﴾NO3﴿3 ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосыңдар. Ерітіндіде Sn2+ катионы бар болса, онда металл висмуттың ақ тұнбасы түзіледі.

 

Тәжірибені жүргізу жағдайы:

1. Зерттелетін ерітіндіге натрий гидроксидін Na2SnO2 түзілгенше қосады.

2. Егер зерттелетін ерітіндіде Sb3+ иондары болса, онда Sn2+ катионын ашуды анилиннің қатысында жүргізеді.

 

№ 5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных