Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Төртінші аналитикалық топ катиондары




 


Төртінші аналитикалық топқа мына катиондар жатады: Al3+, Cr3+, Zn2+, As3+, As5+, Sn 2+, Sn 4+ .

Алюминий мен мырыш катиондары түссіз, ал хром қосылыстары жасыл және күлгін түсті береді. Төртінші аналитикалық топ катиондарының гидроксидтері амфотерлік қасиетке ие.

Топтық реагенті – NaOH-тың артық мөлшері. Алюминийдің, мырыштың және хромның гидроксидтері сілтінің артық мөлшерінде комплексті қосылыс түзе ериді.


AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3↓ + 3NaCl

 

Al(OH)3 + KOH = K[Al(OH)4]

 

Хром мен мышъяктың қосылыстарына тотығу-тотықсыздану реакциялары тән.

Алюминий катионының Al3+ дербес реакциялары

I. Алюминий гидроксотұзына K құрғақ аммоний хлориді NH4Cl тұзымен әсер еткен кезде алюминий гидроксиді түзіледі:

 

K[Al(OH)4] + NH4Cl = Al(OH)3↓ + NH3↑ + H2O + KCl

 

[Al(OH)4]- + NH4+ = Al(OH)3↓ + NH3↑ + H2O

 

1-тәжірибе. 2 тамшы алюминий тұзының ерітіндісіне NaOH сілтінің артық мөлшерін түзілген гидроксид Al(OH)3 тұнбасы ерігенше қосады. Алынған ерітіндіге K[Al(OH)4] құрғақ аммоний хлоридін қосады. Пробирканы бірнеше рет шайқап араластырып, су жылытқышында қыздырып, Al(OH)3 тұнбасының түскенін бақылайды.

 

II. Ализарин (1,2-диоксиантрахинон C14H8O4) алюминий гидроксидімен «ализарин лагы» деп аталатын ашық қызыл түсті қосылыс түзеді.

Бұл - алюминий ионына тән ең сезімтал реакцияның бірі. Cr3+ және Zn2+ иондары бұл реакцияның жүруіне кедергі жасайды. Бұл реакцияны жартылай микроәдіспен немесе тамшы әдісімен жүргізуге болады.

2-тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы алюминий тұзын құйып, оған әлсізнегіздік орта Al(OH)3 түзілгенше аммиак ерітіндісін NH4OH қосады. Қоспаны қыздырып, оған 4-5 тамшы ализарин ерітіндісін құяды, осы кезде Al(OH)3 тұнбасы ашық-қызыл түсті түрде көрінеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных