Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






III. Жалынның боялуы




3-тәжірибе. Тәжірибеде қолданылатын платина немесе нихром сымы өте таза болуы қажет. Ол үшін сымды концентрлі қышқыл ерітіндісімен бірнеше рет тазартып, жалынның түсі өзгермейтіндей болғанша, от жалынында әбден қыздырады. Қызған сымды калийдің құрғақ тұзына батырып, от жалынының түссіз бөлігіне ұстайды. Калий тұздары жалынды күлгін (фиолетовый) түске бояйды.

 

Натрий катионының Na+ дербес реакциялары

I. Калий дигидроантимонаты KH2SbO4 натрий катионымен ақ кристалл натрий дигидроантимонаты тұнбасын түзеді:

 

NaCl + KH2SbO4 = NaH2SbO4 + KCl

Na+ + H2SbO4- = NaH2SbO4

 

1-тәжірибе. 5-6 тамшы натрий тұзының ерітіндісіне сондай көлемде калий дигидроантимонатын тамызып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Натрий дигидроантимонатының ақ кристалл тұнбасы түзіледі.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1. Натрий катионы бар ерітіндінің концентрациясы жоғары болуы керек.

2. Реакцияны салқын жерде жүргізу керек.

3. Реакция ортасы бейтарап болуы қажет, себебі қышқылдық ортада калий дигидроантимонаты ыдырайды.

4. Сыртқы әсерлерді (шыны таяқшамен араластыру) қолдану қажет.

5. Бөгде катиондардың болмауы қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных