Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күрделі липидтер




Күрделі липидтер екі негізгі топқа бөлінеді: олар – фосфолипидтер және сфинголипидтер. Осы топтың әрқайсысы бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар жануарлардың, өсімдіктердің және бактериялардың кленткаларында табылған және өте маңызды биологиялық қызмет атқарады.

Фосфолипидтер. Қүрделі липидтердің ішінде ең көп кездесетіні – фосфолипидтер. Олардың молекуласының құрамында фосфат қалдығы болғандықтан фосфатидтер немесе фосфоглицеридтер деп те атайды. Фосфолипидтер екі гидроксил тобы май қышқылдарымен эфирлік байланыста болатын глицериннен пайда болған триацилглицеролдарға жақын. Глицериннің үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен күрделі эфир береді, ал фосфор қышқылының қалдығына аминоспирт (азоттық негіз) жалғасқан. Холин, этаноламин және серин фосфолипидтердің аминоспирттері болып табылады. Сонымен қатар, клеткада сирек кездесетін фосфолипидтер белгілі. Олардың спиртті компоненттері глицерин және алты атомды циклді спирт – инозитол (инозит) болып табылады.

Фосфолипид аралық зат фосфатид қышқылынан пайда болады. Ол 1,2-диацилглицерол болып табылады, оның үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен эфир құрайды.

Фосфатид қышқылы

 

Табиғи фосфолипидтердің құрамына С1622 көміртегі атомдарынан тұратын қаныққан және қанықпаған май қышқылдары кіреді, бірақ олардың басым көпшілігі С1618 көміртегілі май қышқылдары болады. Ол қышқылдардың біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған және ол глицериннің орталық (С2) көміртегідегі гидроксил тобымен эфир түзеді.

Фосфатидилхолин

пальмитин (С16:0) және линол (С18:0) қышқылдарынан тұрады

Фософолипидтердің аттары оның құрамына кіретін аминоспирттің аталуынан пайда болады, ал май қышқылының атының оған қатысы жоқ. Олардың ішіндегі аса кең таралғандары құрамында холин бар фосфатидилхолин (лецитин) және фосфатидилсерин.

 

 

Фосфатидилсерин

 

Фосфатидилэтаноламин стеарин (R118:0) және линол (R218:3) қышқылдарынан тұрады

 

Бір организмнің ішінде фосфолипидтердің құрамындағы май қышқылдары әртүрлі болуы мүмкін. рН7.0 мәнінде аминоспирттердің бір немесе екі заряды болуы мүмкін, сонымен осы рН мәнінде фосфор қышқылының қалдығы теріс заряд қабылдайды. Соның нәтижесінде фосфолипидтердің полярлы басы болады.

Фосфолипидтер белоктармен бірге клетканың мембранасын құрап, олардың негізгі структураклық компоненттері болып табылады. Мембрананың липидтік компонентінің 90% фосфолипидтер болып келеді. Маңызды және саны жағынан басым түсетін фософлипид – фосфатидилхолин (лецитин) болып табылады. Ол барлық фосфоглицеридтердің 50%-қа жуық бөлігін құрайды.Ол жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктерде кеңінен таралған, ал бактерияларда болмайды.

Фосфатидиинозитол Кардиолипин

 

Фосфатидилэтаноламин фосфолипидтердің 15-30%-н құрайды. Ол бастың, омыртқаның миында және бұлшық етте болады. Фосфатидилсерин прокариот және эукариоттардың клеткаларында болады, ол - плазма мембранасының минорлы компоненті. Ол мембранада орналасқан көптеген ферменттердің реттеушісі болып табылады.

Фосфатидилинозитол аз мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларында бар, көптеген өсімдіктердің клеткаларында және микроорганизмдерде болады. Оның ең көп мөлшері сүтқоректілердің миында. Кардиолипин негізінен митохондрияда болады, жұрек етінде табылған. Ол өсімдіктер мен кейбір бактерия клеткаларында кездеседі.

Бақылау сұрақтар:

  1. Май қышқылдары глицериннің қандай тобымен байланысады?
  2. Мына 18:1 (Δ9,12,15) формула қайсы май қышқылынікі?
  3. Қандай май қышқылдарының антиоксиданттық қасиеті бар?
  4. Неге өсімдік майлары суықта қаипайды?
  5. Фосфолипидтер қанша түрі болады?

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных