ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ортағасырлық ислам тарихы шығармалары мен авторларыЛекция КІРІСПЕ Сияр және Мағази терминдері. «Сияр» сөзі араб тіліндегі «сираның» көпше түрі болып табылады және аталғал терминнің екеуі де ардақты Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын қарастырады. Кейін келе оның ата-тек шежіресі, дүниеге келуі, балалық шағы, жастық жылдары, пайғамбарлығы, Мекке мен Мединеде орын алған оқиғалар мен шайқастарды қамтып, ардақты Пайғамбардың дүниеге келуінен дүниеден өтуіне дейінгі өмірін баян ететін кітаптар «Сияр-и Наби» «ас-Сирату-н-Набауия» немесе қысқаша «Сияр» деп аталып кеткен. Сияр атауымен қатарлас қолданылатын «мағази» термині «шайқас», «шайқас алаңы», «шайқасы аңызы» деген мағыналарды білдіретін «әл-Мағзидің» көпше түрі болып табылады. Бұл терминді ардақты Пайғамбармен байланысты қолданар болсақ, оның жүргізген шайқастарын баян етеді. Исламның кейінгі замандарында ардақты Мұхаммед пайғамбардың шайқастары мен жорықтарын баян ететін кітаптар осы атаумен аталды. Аталған екі терминді салыстырмалы түрде қарастырар болсақ, «сияр» жалпылама, ал «мағази» жекелеген атауы болып табылады. Сиярдың өзге ілімдер арасындағы орны. Сияр – бір жағынан хадис ілімімен, келесі жағынан ислам тарихымен байланысты ілім саласы. Ардақты Пайғамбардың сөздері мен іс-әрекеттерін баяндағандықтан, хадис ілімінің бір бөлімі ретінде һижреттің бірінші және екінші ғасырындағы ғалымдар тарапынан қуатталды. Себебі, исламның алғашқы дәуіріндегі сияр ғалымдары хадисшілер болып табылды. Мысалы, Зухри атақты хадис ғалымы болумен қатар сияр іліміне қатысты алғаш қалам тартқан ғалымдардың бірі болып табылады. Келесі жағынан ардақты Пайғамбардың өмірін қамтуы жағынан сияр ислам тарихының бір бөлімі болып саналады. Өйткені, ислам ғалымдарының көпшілігі сиярдан бастап, ислам тарихын одан ары жалғастырған және еңбектерінде ардақты Пайғамбардың өмірінен бастап, ислам тарихына қатысты оқиғаларды өзі өмір сүрген кезеңге дейін жалғастырды. Сияр, мағази және тарих идеясының ислам әлемінде қалыптасуы. Сиярдың ислам тарихының бір бөлімі, тіпті, аталған ғылым саласының бастамасы болып табылатыны жоғарыда орын алады. Сондықтан, ислам тарихына қатысты алғашқы дереккөздер сияр мен мағазиге қатысты болатыны табиғи. Ал кейінгі замандарда мұсылман ғұламалары арасында тарих идеясы қалыптасқаннан соң жалпылық ислам тарихы дереккөздері де пайда бола бастады. Сияр ілімінің пайда болуы мұсылмандар арасындағы қажеттіліктерге байланысты. Себебі, Құранды жетік меңгерген бірден бір адам, және оның алғашқы түсіндірмешісі ардақты Пайғамбар екендігі айқын. Сондықтан. Пайғамбар өмірін үлгі ету үшін оның өмірін жете зерделеу қажет болды. Келесі жағынан Пайғамбардың тірі кезінде сияр ілімінің негізгі тақырыбы болып табылатын оқиғалардың мұсылмандардың есінде сақталғандығы белгілі. Оның үстіне Пайғамбар хадистері жатталып, әрекеттері үлгі ретінде алдынды. Пайғамбардың айтқан өсиеттері мен амал-әрекеттері, мінез-құлқы мен жасаған ғибадаттары, сапар мен жорық кезіндегі әрекетері сол кезде-ақ оны көргендер тарапынан көрмегендерге жеткізіліп, оның сүннеті жан-жаққа таралып жатты және сахабалар оның іс-әрекетерін өздеріне үлгі етті. Сиярдың негізгі тақырыбы болып табылатын Пайғамбарға қатысты оқиғалар сахабалар дәуірінде һижреттің бірінші ғасырының соңына дейін ауызша таралды. Бұл дәуірде ардақты Пайғамбардың сұхбатына қатысқан, оның жанында жүрген сахабалар Пайғамбардан көргендерін, естігендерін кейінгі буынға жеткізді. Һижреттің бірінші ғасыры соңына таман Омайядтар заманында ауызша таралған сияр қағаз бетіне түсіріле бастады. Осы дәуірде жазылған сияр мәтіндері бүгінгі заманға дейін жетпегенмен, кейінгі кезеңдерде жарыққа шыққан сияр, мағази кітаптарына негізгі дереккөз бола білді. Алғашқы сияр, мағази авторларының негізінен хадисшілерден құралғандығы, жинақтаған тарихи мәліметтерді хадисті реттеу әдіс-тәсіліне қарай жүйеленгендігі белгілі. Мұсылман күнтізбесінің енгізілуі, аз уақыттың ішінде қол жеткізген жеңістер мұсылмандарды қуатты мемлекетке айналдырды. Фиқх, тафсир, хадис және осы тәрізді басқа да исламдық ілімдермен айналысқан ғалымдардың тарихи мәліметтерді қажетсінуі, тарихи мәліметтерді білетіндерден тыңдауға немесе жазбаша мәліметтерін оқуға ұмтылуы, мұсылмандардың парсы, үнді, түркі, латын, грек және копт мәдениеттерімен бетпе-бет келуі, тегі жағынан араб еместердің (мауали) исламды қабылдауы, сауда-саттық, ауылшаруашылықтық және экономикалық қатынастардың дамуы, қала мәдениетінің қалыптасуы және басқа да себептер ислам әлемінде тарих идеясының дүниеге келуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, шет тілдерден (парсы, сансрит, сурияни т.б.) араб тіліне аударылған тәржімелер алуан түрлі ілім салаларымен қатар тарих ғылымының қалыптасуына да үлкен әсерін тигізді. Атақты сияр, мағази еңбектері мен авторлары. 1. Уахб бин Мунаббихтың еңбегі - Китабу-л-Мағази; 2. ибн Шихаб аз-Зухридің еңбегі - Китабу-л-Мағази; 3. Муса бин Уқбаның еңбегі - Китабу-л-Мағази; 4. ибн Исхақтың шығармасы –; 5. Яхя бин Саидтың шығармасы Китабу-л-Мағази; 6. Әбу Бәкір Юнус бин Бәкірдың шығармасы - Китабу-л-Мағази; 7. ибн Хишамның шығармасы - ас-Сирату-н-Набауия 8. ибн Абди-л-Барр әл-Куртубидің шығармасы - Китабу-л-Мағази; 9. Әбу-л-Аббас Мухиббу-д-Дин Табаридің еңбегі - Хуласату-с-Сияр Жоғарыда аталған және басқа да сияр мен мағази іліміне қатысты еңбектер арасында төмендегі төрт автордың еңбектері ислам тарихында ерекше орынды иеленеді және олар «Сияр-и Арбаа» деп аталады: ибн Хишамның «ас-Сирату-н-Набауиясы», ибн Саййди-н-Настың «Уйуну-л-Асары», Мухаммад бин Юсуф ад-Димашқидің «Сабилу-л-Хади-и уа-р-Рашады» және Али бин Бурхану-д-Дин әл-Халабидің «Инсану-л-Уйуны». Ортағасырлық ислам тарихы шығармалары мен авторлары 1. Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Исхақ (704-767 жж.) – ибн Исхақ атымен танымал алғашқы араб тарихшыларының бірі. Ол ардақты Пайғамбарымыздың өмір жолы туралы мәліметтерді аса ауқымдылықпен зерттеген және жинақтаған, соңында 767 жылы Бағдатта дүние салған. Оның «Китабу-л-Мубтада» және «Китабу-л-Мағази» атты шығармалары ислам тарихы ортасында құнды болып табылады. 2. Әбу Абдуллаһ Мухаммад бин Омар әл-Уақиди (747-823 жж.) – Пайғамбар заманынан кейінгі оқиғалар жайлы алғашқы мәліметтерді жазып қалдырған ғалым. әл-Уақиди жастық шағында-ақ өзінің терең білімімен көзге түскен. Мекке мен Медине қалалары жайында көп мәлімет белігені соншалық халифа Харун ар-Рашид қажылыққа келгенде ол халифаның жолбасшысы болған. 819 жылы ол уәзір Яхя бин Халид тарапынан Бағдаттың батыс жағы қазысы болып қызмет атқарған. Туындылары сирек кездесетін мәліметтерден құралғандықтан құнды болып есептеледі. әл-Уақиди мұсылмандардың христиандарды жеңгендігі туралы көп мәліметтер қалдырған. Оның «Футуху-ш-Шам» және «Китабу-р-Ридда» атты шығармалары құнды болып табылады. әл-Уақидидің «Китабу-л-Мағази» атты шығармасы да бар. 3. Әбу Осман Амр ибн Бар ибн Махбуб әл-Жахыз (776-869) – проза саласында шығармалар жазған әдебиетші, дін ғалымы және тарихшы. Халифа Мамун заманында Бағдатта тұрған ол ғылым мәжілістерінің тұрақты мүшесі болды. Оның «Китабу-Хайауан», Китабу-л-Баян уа-т-Табиин» атты ғылыми шығармалары танымал. Бірақ, біздің саламызға қатысты халифа Мутауаккил заманында қалам тартқан «Манақибу-л-Атрак» шығармасын атауға болады. әл-Жахыз аталған шығармасында Түркістан халқының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жайлы құнды мәліметтер береді. Түркі халықтарының жауынгерлігін, тәртіпке бағынғыштығын өнегелік қасиеттерін дәріптейді. 4. Әбу Жафар Мухаммад бин Жарир ат-Табари (839-923 жж.) – Табаристан аймағының тумасы. Ол Құран тәпсірі мен хадис ілімінің білікті маманы болды. Табари күніне 40 бет жазып, 40 жыл бойы еңбектерін хатқа түсірген еңбекқор ғалым болды. Оның жастық шағы Хорасанда Тахирилер қол астында өтті. «Тариху-р-Расул уа-л-Мулук» атты кітап пен басқа да шығармалардың авторы болып табылатын ат-Табари ислам әлемінің Геродоты деп те аталады. 5. Әбу Хусейн Али ибн Хусейн әл-Масуди (ө. 957ж.) – Бағдатта дүние есігін ашып, Мысырдағы Фустатта дүние салған. Ол кітаптарда жазылған мәліметтерге қанағаттанбай жер бетін аралап, эмпирикалық әдісті берік ұстаған және үнемі іздесін үстінде жүрген. 912 жылы алыс сапарға шыққан ол ислам әлемінің барлық елдерін аралап көрген десек те болады. Оның сапар шеккен аймағы ретінде Үндістанды, Шри-Ланканы, Иранды, Мадагаскарды, Зензибарды, Оманды, Сирияны, Мысырды, Мағрибті (Марокко), Андалусияны (Испания), Малайзияны, Үнді-Қытай түбегін атауға болады. Оның «муруж-уз-Захаб уа Маадин әл-Жауахир» атты шығармасы танымал. Бұдан басқа мұсылман елдері географиясына арналған «Китабу-т-Танбих уа-л-Ишраф» еңбегі де құнды саналады. 6. ибн Касир (1301-1372 жж.) – Дамаск қаласында дүниеге келген атақты тарихшы, тафсирші және хадисші. Ол Ұзақ жылдар бойы Дамасктағы медреседе дәріс берген. «әл-Бидая уа-н-Нихая» атты шығармасында маңызды мәліметтер берілген. 7. Мутаххар ибн Тахри әл-Мақсидидің (Х ғ.) өмірі туралы деректе өте аз. Самани династиясы кезінде сұлтан Мансур бин Нухтың уәхірі тарапынан көп қолдау көрген ғалым «Китабу-л-Балад уа-т-Тарих» атты еңбегінде пайғамбарлар тарихы, Иран мен түркі тарихы, жахилия дәуіріндегі арабтар туралы мәліметтер және Орта Азия халықтарының діндері туралы құнды мәліметтер қалдырған. 8. Иззаддин ибн әл-Асир (1160-1233 жж.) – ағайынды үш ибн әл-Касирдің ортаншысы. Ол көбінесе Мусул мен Бағдат қалаларында білімін жетілдіріп, Салахаддиннің әскер қатарында Сирияның Халеб пен Дамаск қалаларында болған. Оның «әл-Камил фи-т-Тарих» атты кітабы танымал. Адамзаттың жаратылысынан бастап, автор өзі өмір сүрген 1230 жылға дейінгі тарихи оқиғаларды қамтыған. Еңбегінде әсіресе монғол шапқыншылықтарының зардаптары әсерлі суреттелген. Ағасы Мажидаддин ибн әл-Асир хадис ілімінің білікті маманы болса, інісі Зияаддин ибн әл-Асир әдебиет сарапшысы және атақты әдебиеші болды. 9. ибн Халликан (1211-1282 жж.) мамлюк сұлтаны Сұлтан Бейбарыс құрметіне бөленген аса көрнекті ғалым, тарихшы болып, Ербил, Дамаск және Халебте білім алған. Ол 1261 жылға дейін Мысыр бас қазысының орынбасары қызметін атқарып, ұзақ жылдар бойы Дамаск қаласының Қадиу-л-Қуддат, яғни бас қазы қызметін атқарды. Оның «Уафаят әл-Ғаян уа Анба Абна-з-Заман» атты еңбегінде сол дәуірге дейінгі ислам әлемінде болған ұлы тұлғалардың өмірбаяны жазылған. 10. Ахмад бин Яхя әл-Балазури (811-892 жж.) – Бағдатта өмір сүрген алғашқы дәуір тарихшыларының бірі. Парсы халқынан шыққан әл-Балазури Аббас халифалары Мутауаккил мен Мустаинда қызмет атқарған. Сарайда абыройлы болған ғалым «Китаб Футуху-л-Булдан» атты туындысын жарыққа шығарып, халифа әсерінің жаулаушылық жорықтары туралы баяндайды. Оның «Ансаф әл-Ашрафә атты кітабы ардақты Пайғамбардың, сахабалардың, омайяд, Аббаси билеушілерінің өмірбаяндары мен тарихи оқиғаларды хабарлайды. 11. ибн Асам әл-Куфи (Х ғ.) – Омайяд және Аббаси династияларының тарихы туралы құнды мәліметтер қамтылған «Китабу-л-Футух» атты шығарманың авторы. 12. Мухаммад бин Жафар ан-Наршахи (899-959 жж.) – Бұхара маңындаңы Наршах қыстағында дүниеге келген белгілі тарихшы 943-944 жылдары Самани билеушісі Нух бин Насрға арнап «Тарихи Бухара» атты еңбегін жарыққа шығарды. Еңбекте қаланың исламнан бұрынғы тарихы мен исламбану барысы жан-жақты қамтылған. 13. Ахмад бин Фадлан (Хғ.) – ІХ-Х ғасырлардағы тарихи оқиғалар, діни өмір, әдет-ғұрып, халықтардың тұрмыс-тіршілігі мәліметтер берген саяхатшы. Х ғ. Қазақстан жерінде болған саяхатшы «ар-Рисала» атты еңбегінде Еділ бұлғарларына барған елшілік сапарлары жазылған. Ибн Фадлан 921-922 жылдары Хамадан, Рей, Мерв, Бұхара, Хорезм, Маңғыстау аймақтарында болған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|