Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаһилия дәуірі




Басқармалық және саяси жағдай. Жаһилия дәуірінде Хижаз өлкесіндегі тайпалар мен әулеттер тәуелсіз өмір сүрді. Яғни, әр тайпаның саяси билігі өз қолында болды және өзге тайпаға деген тәуелділікті сезінбеді. Тайпалар дәулетіне немесе елге қызметіне байланысты араларынан бірін көсем (раис) ретінде сайлайтын. Раис дүниелік жағынан дәулетті, абыройлы және сөзі өтетін және текті болуы тиіс. Жасы үлкендігі, жомарттығы және өжеттілігі де оның көсем болуында рөлі болды. Тайпа мүшелері арасында раистан халық бейбітшілік және соғыс уақыттарында материалдық және физикалық белсенділік күтетін. Раистарға жалпылама «шайх» атауы берілетін, оның көсемдігі шатырының жанында тігулі найзадан белгілі болатын.

Жаһилия дәуірінде Хижаз арабтарында көсемдік кейбір жағдайларда әкеден балаға мұра болғанмен бұл міндетті түрдегі дәстүр саналмады. Себебі, кейбір жағдайларда көсемдікке бастапқы көсемнің баласы емес, көсемдік қасиеттерге ие өзге адам да қол жеткізе алды. Бірнеше тармақтан құралған тайпалардың әрбір тармағында бір раис және осы раистардың үстінен қарайтын «раису-р-руаса», «шайху-л-машайх» деп аталатын жоғары басшысы болды. Құқықтық, әскери және қоғамға қатысты өзге де әлеуметтік істерде раистардан құралған тайпа мәжілісінде мәселелер қаралды.

Қандай да бір араб тайпасы мүшелері арасында туындаған әртүрлі даулар күнделікті жиналыстарда шешілді, ал өзге тайпалар арасында дау туындай қалса, қахинге (сәуегей) жүгінділді.

Тайпалар арасы белгілі бір заңдылық қабылданбағандықтан, ұрлық, қылмыс сияқты оқиғаларға белгілі бір жаза түрі қолданбады. Мұндай жағдайларда жәбірленушінің құқығы емес, күштінің құқығы қорғалды. Әркім өзіне жасалған қылмыстың жазасын өзі шығаратын, осыған орай әулеттер мен тайпалар арасындағы қан дауы туындайтын және қан дауынан өш алу бірнеше жылдарға созылды. Үнемі қанға қанмен жауап берілетін. Өлтірілген адамның жақыны оның өшін алуды мойнындағы әлеуметтік міндет санады. Бұл көбінесе тайпалар арасы соғысқа ұласып жатты. Адам өлтіру құны ретінде түйе малымен де төлеу арқылы шешілді. Бұған тайпа көсемі шешім шығарып, қазылық атқаратын.

Жаһилия дәуірі арабтарына қарағанда өлтірілген адамның рухы «хама» құсына айналып, өлтірілген жерінде ұшып жүреді, кек алынғанға дейін «маған су беріңдер» деп бақырады деп сенді.

Бадауилер (көшпелілер) және хадарилер (қалалықтар). Арабтардың көпшілігі қалаларды абақты ретінде санайтын. Олар атқа немесе түйеге мініп, қылышы мен жебелерін жанына байлап, кең талада еркін жүруді ұнататын. Кішкентай кезінен бастап, садақ ату мен қылыш сермеуге машықтанып өскен арабтар әскери машығын бір-біріне көрсетуді абырой санады.

Мекке қаласы ардақты Пайғамбардың бесінші бабасы – Құсайдан бастап, оның шығарған кейбір қағидалармен, Қағбаға зияратқа келгендерге қызмет жасау қағидаларымен қала мемлекеті қызметінде болды және бұл араб әлемінде үлкен абырой саналды.

Ардақты Пайғамбар дүниеге келген шақта қаланың абыройлы көсемі Абдулмутталиб болатын. Оның дүние салуынан соң Әбу Суфиян бин Харб, Әбу Жаһил, Аббас бин Абдулмутталиб, Сафуан бин Умаййа, Уалид бин Муғира, Әбу Лаһаб бин Абдулмутталиб, Әбу Бәкір бин Әбу Қухафа, Осман бин Аффан, Омар бин Хаттаб, Сухайл бин Амр абыройлы адамдар қатарына жатты. Ислам діні тарала бастаған кезде олардың кейбірі исламды қабылдап, оның таралуына қызмет етсе, енді бірі исламды мойындамай, оған қарсы шықты.

Жаһилия дәуірінде Хижаз халқы қалалықтар және көшпенділер болып екіге бөлінді. Көшпелілері «бадауи» деп аталды. Көшпелілер малдарымен, бала-шағаларымен оты мол жерлерге көшіп, малдың жайын ойлады. Олар малы мен жанының пайдасы жолында барлығына баратын. Олар түйе немесе ешкі жүнінен жасалған шатырларда өмір сүрді, түйе, жылқы, қой бақты, кейде олар қарақшылықпен де айналысты және өмірлері ежелгі кезден бері өзгеріссіз, дамусыз жалғасып жатты.

Жаһилия дәуіріндегі араб мәдениеті. Жазу білетін сауатты арабтар көбінесе қалаларда сауда-саттықпен айланысты. Ал шөл далада көшпелі өмір кешкендер оқу-жазуды білмеді. Оның есесіне бадауилер арасында көшпелі өмірдің қажеттілігінен туындаған күнделікті тәжірибелерді, әдет-ғұрыптарды дамыту мәліметінен тұрды. Сонымен қатар арабтар шешендік, поэзия сияқты өнер түрлеріне жетік болды. Араб тайпалары арасында халық емшілігі, жер аумақтың жағдайын білу, астрология, ат баптау, мифология, балгерлік пен сиқыршылық, із кесу сияқты білімдері де болды.

Ислам діні таралған шақта арабтар арасында набат және куфи жазуы болды. Набат жазуы сауда-саттық жұмыстарында қолданылды. Жазулар жұқа мал терілеріне жазылды.

Жаһилия арабтар арасында поэзия өнері жоғары деңгейде дамыды. Әсіресе, араб тайпалары арасында ұзақ уақытқа жалғасқан дастандар айту кең таралды. Тайпа ақындары өз тайпаларының даңқын асырып, бір-бірімен айтысатын. Ақындардың жеңісі тайпасының мәртебесін асырып, үлкен жеңіс саналатын. Ақындардың туындылары Указ жәрмеңкесінде жарысқа салынып, ішіндегі үздігі Қағба қабырғаларына ілінетін.

Жаһилия дәуірі арабтарында балгерлік те кең таралды. Олар пұттардың ішінде жындардың бар екендігіне және жындардың құпия білімдерді балгерлерге (көрікпел, қахин) жеткізетініне сенді.

Хижаз өлкесінде сауда-саттық пен егін шаруашылығы кең таралды. Алып сататын тауарлары Таифтан, Иеменнен, Үндістан мен Қытайдан, Абиссиниядан және Бахрейннен әкелінді. Хижаздағы ең атақты жәрмеңке Таиф пен Нахла арасындағы Указ жәрмеңкесі болды. Аталған жәрмеңкеде алып сатушылықпен қатар, өлең жарысы ұйымдастырылды. Одан соң сауда-саттық базары Мажанна, Зу-л-Мазаж жәрмеңкелерінде жалғасын тапты. Соңында Зилхижжа айының оны күні Меккеде жиналып, қажылық рәсімі жасалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных