Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаһилия дәуірінде әлеуметтік таптар




Еркіндер (һур). Басы еркін азаматтар тайпаның ерікті мүшесі саналды. Соғыс және бейбітшілік кездерінде еркін құқыққа ие болды. Алайда тайпа ішінде ақындардың, батырлардың және баргерлердің абыройы жоғары болды.

Тұтқындар. Тұтқындарға өздерінің бас еркіндігінен айрылғандар жатты. Тұтқындардың қатарына әдетте құлдар мен күңдер саналады. Олар шайқастарда тұтқындалып немесе құл базарлардан сатып алынды. Соғыс тұтқындарының маңдайларына көбінесе таңба басылды. Құл саудагерлері Абиссиниядан және басқа да аймақтардан әкелінген құлдар мен күңдерді құл базарларында саудалады. Құлдар сауда тауары тәрізді ақшаға сатылды және егесі өлсе мұрагеріне мұра ретінде қалдырылды немесе басқаларға сый ретінде тарту етілді.

Мауалилер. Мауалилер құқығы еркіндер мен құлдар арасында орналасты. Басы азат етілген құлдар мен күңдер осы топқа кірді. Азат етілген құл мен күң азат еткен адамның мауласы саналып, оның жанұясымен жекжат есептелді. Олар басы еркіндерден төменгі сатыны иеленгенмен, алып сатылмайтын. Бірақ марапаттау мен жазалауда басы еркіндердің құқықтарын иелене алмайтын. Мауалилер еркін әйелмен, қызбен үйлене алмайтын.

Жаһилия дәуіріндегі әйелдердің жағдайы. Жалпы алғанда орта және төменгі таптарда әйелдің ешбір маңызы болмады. Бұл оның тумысынан бар кемшілік ретінде есептелді. Бір адамның ұл баласы дүниеге келсе қуанды, ал қыз баласы дүниеге келсе елден қысылатын немесе өзін қылмысты сезінетін. Әсіресе, төменгі таптарда әйелдің құны адамның қолындағы қандай да бір заттан төмен болды. Басқаша айтар болсақ төменгі сатыдағы арабтың түйесі әйелден артық саналды.

Қалаларда күңдерді иелері әдепсіздікке итермелейтін және осы жолмен ақша табатын. Керісінше қалалықтарға қарағанда көшпелі арабтар әйелдің намысына құрметпен қарады.

Текті және дәулетті жанұялар арасында қыздар мен әйелдердің абыройы сақталды. Осы дәуірде әйелдер мұрагер саналмады. Ал ерлер қалағанынша әйелмен үйленуге шек қойылмады.

Жаһилия дәуірінің жан түршігерлік, жиіркенішті әдеті – қыз балаларды тірідей жерге көму еді. Оның себебі - өскенде ары тапталып, намысы аяққа басылады деп есептелді. Қыз балаларды жерге көму дүниеге келгеннен соң немесе алты жасқа аяқ басқанда жүзеге асырылды.

Басқа да әдеттері. Жаһилия дәуірінде арабтардың бірі өлілердің мәйіттерін жуып, кебіндеп, жерге көмеді де басына бір түйені байлап қояды. Түйе сол жерде өлгенге дейін сонда тұрады. Арабтардың келесі бірі реинкорнацияға сенді. Жауыздықпен өлтірілген адамның әйелі оның кегін алғанға дейін жоқтап жыламайтын.

Арабтар жаһилия дәуірінде ішімдікке құмар болғаны сияқты құмар ойынына да бейім келді. Әсіресе, түнде ойналатын «майсир» құмар ойынына жататын. Майсир он оқпен ойналды.

Жаһилия дәуірі арабтарының діни сенімдері. Ибраһим пайғамбар мен Исмаил пайғамбар Қағбаның негізін қалап осы аймаққа бір құдай сеніміне негізделген бірлік дінін уағыздады. Осы аймақтың халқы да оған сенді. Алайда, уақыт өте келе арабтар жолдан адасып пұттарға табына бастады. Осылай пұтқа табынушылық ислам діні дүниеге келгенге дейін жалғасын тапты.

Жаһилия дәуірі арабтарының бірі құдайды теріске шығарып, уақыт пен табиғатқа сенді. Ал енді бірі Аллаға сенгенімен осы өмірде істегендерінің есебін ақыретте беретініне сенбеді. Келесі бірі ақыреттегі марапат пен жазаға сенгенімен пайғамбарлықты жоққа шығарды.

Дегенмен арабтардың сенімін жалпы тұрғыда алғанда олар пұттарға табынды. Олар пұттарды толықтай құдай ретінде тани қоймаса да оларды құдайға ұластыратын арашашы ретінде санады.

Иемендегі Химияр тайпасы отқа, Кинана тайпасы айға, Тамим тайпасы Дабаран жұлдыздарына, Қайс тайпасы Шира жұлдызына, Асад тайпасы Меркурий жұлдызына, Лахм және Жузам тайпалары Юпитерге табынды.

Демек, жаһилия дәуіріндегі арабтардың сенімдерін мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады:

1. Құдайды және қайта тірілуді жоққа шығарғандар;

2. Алланы мойындап, ақыретті теріске шығарғандар;

3. Иудаизм мен христиан дініне сенгендер;

4. Сабиилікті (мандеизм) мойындап, жұлдыздарға табынғандар;

5. Көзге көрінбейтін болмыстарға, періштелер мен жындарға табынғандар;

6. Пұтқа табынғандар. Арабтардың көпшілігі пұттарға табынды.

Арабтардың табынған пұттары:

1. Лат – Таиф қаласындағы Сақиф тайпасының пұты;

2. Узза – Меккедегі Құрайш пен Кинана тайпаларының пұты;

3. Манат – Мединедегі Аус, Хазреж және Ғассан тайпаларының пұты;

4. Сууа – Хузайл тайпасының пұты;

5. Яғус – Мизхаж бен Иемендегі кейбір тайпалардың пұты;

6. Яук – Иемендегі кейбір араб тайпаларының пұты;

7. Хубал – Меккедегі Қағбаның үстіне орталастырылған бұл пұт өзге пұттардан анағұрлым жоғары ретінде құрмет көрсетілді. Құрайш тайпасы соғыс кезінде осы пұтқа жүгінді.

Ханифтік. Ханиф сөзі «күпірлік пен шірктен бет бұрып, Аллаға, таухид дініне ұмтылған Ибраһимнің дініне кіру, оның қауымынан болу» деген мағынаны білдіреді.

Ардақты Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуінен бұрынХижаздағы кейбір адамдардың ханифтік дінінде болғандығы баяндалады. Олардан мысал ретінде Уарақа бин Науфалды, Убайдуллаһ бин Жахшты, Осман бин Хуайристі, Зейд бин Амрды, Амр бин Нуфайлды атауға болады.

Олар пұттарға табынбады, халықтың адасқанын көріп ақиқат дінді іздеуге талпынды. Уарақа бин Науфал Таурат пен Інжілді оқып, христиан дінін қабылдады. Пайғамбардың алып келген дініне сенгенімен, исламды үндеген шаққа жете алмай дүние салды. Убайдуллаһ та христиан дінін қабылдады. Ол Пайғамбардың уағыздаған дініне сенгенімен Абиссинияда қайтадан христиан дінін қабылдады және христиан болып өлді. Ал Зейд бин Амр иудаизм мен христиан дініне құрметпен қарағанмен аталған діндердің ешбірін қабылдамады.

Бұлардан басқа ханиф дінінен хабарсыз болғанмен пұттарға табынбаған, тек бір Аллаға ғана сенген адамдар болғандығы кейбір дереккөздерде баяндалады. Бұған мысал ретінде Қус бин Саиданы атауға болады. Ол Маад тайпасының бір тармағы болып табылатын Йияд тармағының көсемі болатын. Ол Ислам діні дүниеге келмей тұрғанда Указ жәрмеңкесінде жаңа бір діннің келетіні жайында халыққа үндеу тастаған болатын.

Исламға дейінгі Хижаз аймағы. Хижаз – Араб түбегіндегі Нежд даласы мен Қызыл теңіз жағалауындағы Тихама алқабы арасында орналасқан аймақтың аты. Мекке, Медине (ежелгі аты Ясриб) және Таиф Хижаз аймағының маңызды қалаларына жатады. Қасиетті Қағба орналасқанына байланысты әсіресе Мекке қаласы исламға дейінгі кезеңдерде араб әлемінде қасиетті қалаға айналды және осыған байланысты Мекке халқы жоғары мәртебеге ие болды.

Қағба және Мекке қаласы. Мекке қаласының тарихы хазіреті Ибраһим заманына дейін барып тіреледі. Ибраһим пайғамбар Алланың әмірімен әлі нәресте ұлы Исмаил мен оның анасы Хажарды Мекке қаласы орнындағы аймаққа әкеліп тастап, өзі Патестинаға кері қайтты. Құранда «егін шықпайтын алқап» (Ибраһим 14/37) деп баяндалатын Мекке алқабы шөлді аймаққа жатты, ауасы да ыстық және құрғақ болды. Осыған байланысты ана мен баласы сусыздыққа тап болып, мәліметтер бойынша су іздеу үшін Сафа мен Маруа төбелері арасында жүгірген Хажардың шарасы таусылып, баласының өмірінен үміті үзілген кезде, Алланың әмірімен нәресте жатқан жерден су бұлағы атқылады. «Зәмзәм» деп аталатын бұлақтан мол су шыққанына байланысты бұл жер керуендердің тұрақтайтын орнына айналды. Біршама уақыттан соң Иеменнен қоныс аударған Журхум тайпасы Меккеге келіп орналасты. Исмаил пайғамбар журхумдықтардан араб тілін үйренді және осы тайпаның бір қызына үйленді.

Палестинада өмір сүретін Ибраһим пайғамбар кейде Хажар мен Исмаилге келіп қайтатын. Ибраһим пайғамбардың үшінші сапарында Алланың әмірімен ұлы Исмаил пайғамбар екеуі Қағбаны тұрғыза бастады. Құрандағы кейбір аяттарда (2/127, 3/96, 22/26) Қағбаның Ибраһим пайғамбардан бұрын да болғандығы, алайда уақыт өте келе бұзылып жоғалғандығы және Ибраһим пайғамбар тарапынан орны қайта табылып, қайта тұрғызылғандығы баяндалады. Құранда Ибраһим пайғамбардан бұрын Қағбаны кімнің тұрғызғандығы жайлы мәлімет берілмегенмен, кейбір дереккөздерде Адам пайғамбар немесе оның ұлы Шит пайғамбар тарапынан салынғандығы баяндалады. Ибраһим пайғамбар Қағбаның құрылысын аяқтағаннан соң Жабраил қажылық ғибадатты қалай жасайтынын үйретті.

Мекке мен Қағбаны басқару Исмаил пайғамбардан бір нәсілден соң журхумдықтардың қолына өтті. Бастапқыда Исмаил пайғамбардың насихаттаған дінін қабылдаған Журхум тайпасы уақыт өте келе жолдан адасады. Олар адамгершілікке қайшы әрекеттерді дүниеге әкеліп, Қағбаға тарту етілген сыйлықтарды ұрлады, қажылыққа келгендерге жаман қатынаста болды. Біршама уақыттан соң Оңтүстік Арабстаннан қоныс аударып, Мекке маңайына орналасқан Хузаа тайпасы мен Журхум тайпасы арасындағы шайқаста Хузаа жеңіске жетіп, Журхумды қаладан қуып шықты. Журхумдықтар «Хажар Асуадты» (қара тас) тұрған орнынан алып, бір жерге жасырып, зәмзәм құдығын көміп, орнын жасырып, бастапқы өлкелері – Иеменге қайта қоныс аударды. Ал Исмаил әулеті сандары өте аз болғандықтан, шайқасқа қатыспады, бейтарап қатынасты ұстанды және Хузаа тайпасымен келісімге отырып, Меккеде қалды. Уақыт өте келе Хузаа тайпанысы көсемдерінің бірі – Амр бин Лухай Мекке мен Қағба билігін қолына алғаннан соң таухид дәстүрін бұзып, қалада пұтқа табынушылықтың белең алуына себепкер болды. Осыған орай Амр бин Лухай Арабстанға пұтқа табынушылықты алғаш алып келген адам атымен қалды. Амр бин Лухай бір жұмысымен Сирияның Белка аймақындағы Мааб (Моаб) халқының пұтқа табынып жатқандығын көрген. Алғаш мәрте осы көрініске куә болған ол қатты таңырқаған және олардан пұтқа не үшін табынып жатқандығын, оның мәні неде екендігін сұраған. Сонда олар: «бұлар біздің құдайларымыз, дұшпандарға қарсы жеңіске жету үшін осылардан көмек сұраймыз, олар сонда көмек береді. Қуаңшылықта жаңбыр тілейміз, тілегенімізді береді», - деп жауап беріседі. Амр Арабстанға алып кету мақсатында олардан бір пұт сұрайды және олар қызыл ақық (агат) тастан жасалған Хубал атты пұтты береді. Пұтты Меккеге алып келген Амр оны Замзам құдығының үстіңгі жағына, Қағбаға жақын бір жерге орналастырады және Мекке халқын осы пұтқа табынуға шақырады. Басқа бір мәліметке қарағанда Амр бин Лухай Хубалды әл-Жазирадағы Хит қаласынан алып келіп, Қағбаның ішіне орналастырған.

Ү ғасырдың алғашқы жартысында ардақты Пайғамбардың бесінші бабасы – Құсай бин Килаб басшылығындағы Құрайш тайпасы хузаалықтармен күрес жүргізіп, Мекке билігін қолына алды. Осылай үлкен құрмет пен абырой саналатын Қағба қызметі Құрайштардың қол астына өтті. Құсай Мекке маңайында шашыраңқы түрде өмір кешіп жатқан Құрайш тармақтарын біріктіріп, Қағбаның маңайына орналастырды. Сондай-ақ қажетті тәртіптер орнатып, Мекке билігі (Дарунадуа басқармасы), қолбасылық (қияда), ту көтеру (лиуа), Қағбаның күтімі, есігі мен кілтін сақтау (хижаба немесе сидана), қажыларға су үлестіру (сиқая), қажыларға тамақ беру (рифада) қызметтерін қолына алды. Оның салдырған Дарунадуа маңызды мәселелерді ақылдасып, шешім шығаратын және алуан түрлі мәселелерді қарайтын жиналыс орны ретінде ислам діні үстемдікке ие болғанға дейін жалғасын тапты.

Құсайдан соң Мекке билігі және Қағба қызметтері оның балалары мен немерелері тарапынан жалғастырылды. Құсайдың немересі және Пайғамбардың үшінші бабасы Хашим бин Абдулманаф Меккеге келген қажылар мен Құрайш тайпасының азық-түліктері мен суларын қамтамасыз етумен айналысты. Жомарттығымен танылған Хашим мен бауыры Мутталиб, Абдушамс және Науфал Византиямен, Иеменмен, Абиссиниямен және Иранмен сауда келісімдеріне және сауда керуен жолы бойындағы тайпалармен де келісімге отырды. Құрайштар осындай келісімдер нәтижесінде қыста Иемен мен Абиссинияға, жазда Сирия мен Анатолияға дейін сауда мақсатындағы сапарларға шыға бастады. Хашим сауда мақсатында Сирияға жолға шыққан кезде біршама уақыт тоқтаған Ясрибта (Медине) Нажжар әулетінің Амр бин Зейдтің қызы Салмамен үйленді. Осы бас қосудан Пайғамбардың атасы – Абдулмутталиб (Шайба) дүниеге келді. Хашим сапары кезінде Палестинадағы Ғаззада дүние салды және сонда жерленді. Абдулмутталиб сегіз жасына дейін Мединеде өмір сүргеннен соң, немере ағасы Мутталиб тарапынан бірге Меккеге әкелінді. Осылай Абдулмутталибті немере ағасы өсірді және өмірі аяқталған шақта тайпа көсемдігін Абдулмутталибке берді. Абдулмутталиб көрген түсі бойынша Журхум тайпасының Меккеден кетер кезде көміп кеткен Замзам құдығының орнын тауып, құдықты қайта ашты және қажыларға тамақ мен су үлестіру жұмысын одан ары жалғастырды.

Исламға дейін Мекке географиялық тұрғыда діни және сауда орталығы болып орналасуы жағынан Византияның, Иранның және Абиссинияның назарын аударған. Абиссинияның иемендік губернаторы – Абраха арабтардың Қағбаға зияратына кедерге болу мақсатында Санада шіркеу салдырады. Бірақ ол көздеген мақсатына жете алмағаннан соң, Қағбаны құртуға, оның діни абыройын жоюға және Меккенің сауда-саттық қатынасына нүкте қоюға шешім қабылдайды. Абраха әскерімен Мекке маңайына келіп тоқтайды. Осы кезде Құрайштың Хашим әулеті көсемі Абдулмутталиб Абрахамен кездесіп, Алланың үйі ретінде танымал Қағбаны иесінің міндетті түрде қорғайтынын ескертеді. Соңында Қағбаны қиратуды көздеген Абраха шабуыл бұйырығын береді. Бірақ армияның алдындағы піл Қағбаға қарай аяқ баспағаны сияқты әскер де Құрандағы Фил сүресінде баяндалғаны тәрізді Алла бұйрығымен құстардың лақтырған тастарымен жойылды. Осы оқиға «Піл оқиғасы» деп аталады, піл оқиғасы болған жыл «Піл жылы» деп аталып кетті. Абраханың ниеті жүзеге аспай, сәтсіздікке ұшырауы арабтардың Қағбаға және қажылық ғибадатына деген құрметі одан ары арта түсті және Мекке қаласы мен Құрайштардың абыройы одан ары асқақтады.

Мекке Хижаз аймағының маңызды қаласы болып табылды. Оңтүстікте Иеменге, солтүстікте Жерорта теңізіне, шығыста Парсы шығанағына, батыста Қызылтеңіз жағалуына және Африкаға бастайтын жолдардың қиылысар жерінде орналасқан Мекке экономикалық тұрғыдан ең қолайлы аймақта орналасты. Келесі жағынан Қағбаның арқасында қала Араб түбегінің діни ордасы болды. Жылдың белгілі айларында Араб түбегінің түкпір-түкпірінен Қағбаға зияратқа келген адамдар қаланың сауда-саттық қатынасын арттыра түсетін, жәрмеңкелер және өлең жарыстары ұйымдастырылатын. Географиялық шарттарға байланысты егіншілікке қолайсыз болғандықтан Меккенің экномикалық өмірінің негізін сауда құрады.

Ясриб (Медине) қаласы. Ислам діні дүниеге келген шақта Ясрибте арабтың Аус және Хазреж тайпалары мен еврейлердің Бани Қайнуқа, Бани Надир және Бани Қурайза тайпалары мекендеді. Аус және Хазреж тайпалары Арм тасқыны оқиғасынан соң Оңтүстік Арабстаннан (Иемен) солтүстікке көшіп орналасқан.

Ал Мединедегі еврейлерге келер болсақ, оларды еврейленген арабтар деп есептегендер кездескенмен, өзге аймақтан қоныс аударған еврейлер дегендер де бар. Көбінесе екінші көзқарас қуатталады. Соңғы көзқарасқа қарағанда яһудилердің Ясрибке орналасуы былай: б.д.д. ҮІ ғасырда Вавилон Құдысты (Иерусалим) жаулап алғаннан соң одағы еврейлерді Вавилонға айдады және еврейлердің құлдық дәуірі басталды. Бірақ кейінгі кезеңдерде құлдықтан құтылған еврейлердің бірі оңтүстікке, Хайбарға, Уадиу-л-Қураға, Фадакқа және Ясрибке қоныстанды. Одан соң бірінші ғасырда Палестинаны римдіктер жаулап алғаннан соң, Палестинадан қашқан еврейлер де оларға келіп қосылды. Осы еврейлерге еліктеген арабтардың кейбірі олардың қатарына қосылуы да мүмкін.

Ардақты Мұхаммед Пайғамбардың ата-тегі. Сияр және ислам тарихы дереккөздері ардақты Мұхаммед пайғамбардың ата-тек шежіресі Ибраһим пайғамбардың баласы Исмаил пайғамбардан тарайтыны белгілі. Алайда оның ата-тек шежіресін Аднанға дейін біркелкі тізбектейді. Пайғамбар ата-тегінің одан арғы тізбегі арасында келіспеушіліктер бар.

Ардақты Мұхаммед Пайғамбар саллалаһу алайһи уа салам

1. Абдуллаһ;

2. Абдулмутталиб (Шайба);

3. Хашим (Амр);

4. Абдуманаф (Муғира);

5. Құсай (Зейд);

6. Килаб;

7. Мурра;

8. Қаб;

9. Луайй;

10. Ғалиб;

11. Фихр;

12. Малик;

13. Надр;

14. Кинана

15. Хузайма;

16. Мудрика;

17. Илияс;

18. Мудар;

19. Низар;

20. Маадд;

21. Аднан

Пайғамбардың жақын ата-бабалары туралы қысқаша мәліметтер.

Құсай бин Килаб. Құсай Құрайштың көсемі болған кезде Қағбаның күтіміне қатысты міндеттер Хузаа тайпасы өкілдерінің қолында болатын. Хузаалықтар шығарған жаңа дәстүрлерімен Қағбаға зияратқа келгендерді қиындыққа душар ететін. Құсай белсенділік көрсетіп, жинақтаған әскери қуатымен хузаалықтармен шайқас жүргізді. Соңында Құрайштар Хузаа тайпасын Меккеден қуып шықты да Қағбаға қатысты міндеттерді өз мойнына алды.

Билікті өз қолына алғаннан соң ол алдымен зияратшыларға қиындық тудыратын дәстүрлердің күшін жойды. Келесі жағынан қаланың жаңа схемасын жасап шығарды. Сол уақытқа дейін Қағбаның маңайына үй тұрғызу жаман ырым саналатын. Құсай аталған көрсоқырлық сенімнің күшін жойып, Құрайш тайпасын қаланың ішіне және сыртына орналастырды. Құрылыс кезінде жүздеген үй тұрғызылды. Осылай Құсайдың уақытында Мекке қаласына жаңаша реформа жасалды. Құсай Құрайш тайпасын бір ту астына жинақтай алғандықтан оған «мужамми (жинақтаушы)» атағы берілді.

Қағбаға қарасты алаңнан тысқары жерлерде Мекке халқы үйлері жайғасты. Ал Қағбаға қарасты алаңның аяқталар тұсында Құсайдың үйі орналасты. Бұл үй сондай-ақ Мекке халқының ұлттық мәжіліс үйі ретінде де қолданылды және ол «Дару-н-Надуа» деп аталды.

Абдулманаф бин Құсай. Құсайдан соң оның көсемдік қызметі ұлы – Абдуманафқа өтті. Ардақты Пайғамбардың төртінші атасы болып табылатын Абдуманаф дене-бітімі келісті, көркем адам болған екен.

Хашим бин Абдуманаф. Абдуманаф дүние салғаннан соң көсемдік міндетті Хашим өз мойнына алды және ол барша халыққа жомарттығымен аты шықты. Ол Қағбаға келген қажыларға қажетті азық-түлік пен суды үлкен құрметпен әділетті түрде тарата білді. Арабстанда сапарда жүрген керуендері үнемі тонаушылыққа тап бола беретін. Хашим белді тайпа көсемдерімен кездесіп, Құрайш керуендерінің тыныштықта сапар шегуін қамтамасыз етті. Құрайш керуендері аталған адамның арқасында тек Араб түбегінде ғана емес, Византия мен Абиссинияға да сенімді қатынас жасай алатын.

Бір жылы елді қуаңшылық жайлап, халық ашыққан кезде ол бар азық-түлігімен тамақ әзірлеп халыққа таратқан. Шын аты Амр болғанымен, көрсеткен жомарттығына байланысты халық оны «Хашим» деп атап кетті.

Хашим әулеті мен Умаййа әулеті арасындағы текетірестің бастауы Хашим заманынан басталады. Хашим мен бауыры Абдушамстың ұлы Умаййа арасындағы жауластық елу түйені беруге тірелген мәселені Хашим шешкенде Умаййа елу түйені беруге және он жыл бойы жат жерге кетуге мәжбүр болды. Хашим елу түйені сойып меккеліктерді қонақ етті және атақ-даңқы одан ары асқақтады. Ал Умаййа он жыл бойы Шамда өмір сүрді. Міне осы оқиға Хашим әулеті мен Умаййа әулеті арасындағы дұшпандыққа бастапқы себепші болып табылады. Осы дұшпандық екі адамның ұрпақтары арқылы жалғасын тапты.

Хашим саудагер болатын. Ол Сирияға жиі сапарға шығатын. Бірде Сирияға сапарға шыққанда Мединеде бірнеше уақыт тұрақтады. Осы кезде Мединедегі Нажжар әулетіндегі Амрдың қызы Салмаға үйленеді. Ол әйелін сонда қалдырып, өзі Шамға қарай сапарын жалғастырады. Бірақ жолда Ғаззада дүние салды. Хашимнің Мединедегі Салма атты әйелінен ұл бала дүниеге келеді. Шайба деп ат қойылған әлгі бала жеті жасына дейін Мединеде өсті. Оның немере ағасы Мутталиб Мединеге барып, анасының рұқсатымен Шайбаны түйесінің арқасына отырғызып елге алып қайтты. Олар Меккеге келгенде Мутталиб түйесінің артындағы таныс емес баланы көргендер «бұл бала Мутталибтің құлы болуы мүмкін» деп жорамалдағандықтан, Шайба «Абдулмутталиб» деп аталып кетті. Оның Шайба деп аталуы да тумысынан ақ шашты болуына байланысты. Абдулмутталиб өзінің ерекше қабілетімен Қағбаның жұмыстарына басшылық жасауға және көсемдік қызметке қол жеткізді. Абдулмутталиб өнегелі мінез-құлықты, абыройлы адам болатын.

Журхум мен Хузаа тайпасы арасындағы шайқаста көміп кеткен Замзам құдығының орнын Абдулмутталиб көрген түсі бойынша тауып, баласы Харис екеуі қайта қазды. Абдулмутталибің он ұлы, алты қызы болған. Ұлдары – Аббас, Хамза, Абдуллаһ, Әбу Талиб, Зубайр, Харис, Хажл, Муқаууим, Дирар, Әбу Лахаб.

Абдулмутталим Харис атты ұлымен Замзам құдығын қайта қазған кезде, ұрпақтың қаншалықты қолғабыс болатынына көзі жетіп, егер он бала болса, бірін Аллаға құрбандыққа шалуды ойлады. Оның тілегені орындалды. Құрбандыққа шалуға шек тастаған кезде, бұл Абдуллаһқа тура келген. Абдулмутталиб уәдесін орындау мақсатында баласын алып Қағбаға қарай беттеген кезде туыстары және Мекке халқы оған кедергі болды. Соңында Хайбардағы бір сәуегей әйелдің айтуымен және шек тастауымен баласы Абдулмутталибтің орнына жүз түйе құрбандық шалу шешілді және солай істелді.

 

 

Лекция






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных