ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ислам дініне дейінгі Араб түбегінде құрылған мемлекеттер мен тайпаларға қысқаша шолуАрабтардың тегі. Арабтар Семит тобына жатады. Нұх пайғамбардың Сам деген ұлынан таралуына байланысты олар «семиттер» деп аталып кеткен болуы мүмкін. Аталған қауым бастапқыда Араб түбегінің орталық аймағында мекендеген кезде, халық санының артуы, құрғашқылық пен қуаңшылық т.б. себептерге байланысты олар Африка (Мысыр, Эфиопия), Месопотамия, Сирия тәрізді жерлерге қоныс аударды. Арабтар физикалық дене бітімі, ойлау ерекшелігі жағынан семиттік топтың ерекшеліктеріне иелік етеді. Оған себеп арабтар мекендеген Араб түбегі (Жазирату-л-Араб) өзге халықтардан оларды оңашаландырды: үш жағы теңіз, төртінші жағы шөл. Араб түбегінің көпшілігі шөл болғандықтан бұл аймаққа жат жұрттық басқыншылар ықпалын жүргізе алмады. Араб түбегінің георграфиялық жағдайы. Араб түбегінің шығысында Парсы, Оман шығанақтары, батысында Қызыл теңіз, оңтүстігінде араб теңізі мен Аден шығанағы орналасқан. Ал солтүстігі қай жермен шектелетіндігі зерттеушілер арасында тартыс бар. Кейбір зерттеушілер Сирия мен Иракты араб түбегі территориясына жатқызса, енді бірі жатқызбайды. Түбектің шығысында биіктігі 330 м.-ге жететін Жабалу-л-Ахбар (Жасылтау) орналасқан. Ал оңтүстігінде Тихама өлкесінде жақын биікті 1000-1600 м.-ге жететін тау жоталары жайғасқан. Араб түбегінде климаттық шарттарға сай егіншілікке қолайлы жерлер оңтүстікте Иемен және батыста Асир аймақтары кездеседі. Аталған аймақ қоңыр салқын болып келеді, ал түбектің ішкі аймақтары шөл климатын құрайды: күндіз бен түндегі температура айырмашылығы байқалады. Ішкі аймақтарда көгалды аймақтарда кейде кездесіп жатады. Араб шөлдерінде сирек кездесетін су көздері мен бұлақтар маңайында азап көгалданады. Араб түбегінің ішкі өлкелерінде жауын өте сирек жауады. Араб түбегінде үш үлкен шөл орналасқан: Нуфуд (Нафуд) шөлі: Араб түбегінің солтүстігіндегі кең аймақты алып жатыр; Дахна шөлі: мұны кіші нуфуд деп те атайды. Ол батыста Неждпен, шығысында Хасамен, солтүстігінде Нуфудпен, оңтүстігінде Рубу-л-Халимен шектеседі. Рубу-л-Хали: бұл түбектің оңтүстігінде орналасқан, шығыста Дахнамен шектесіп, солтүстік және солтүстік-батыста Неждке дейін жалғасса, батыста Иеменге, оңтүстікте Хадрамаут даласына қарай созылып жатыр. Қыс мезгілінде шөлдегі бәдәуи арабтар малдарын жаятын жер таба алғанымен жазғы мезгілде Рубу-л-Халиде тіршілік еткен адам иесі кездеспейді. Түбектің батыс және орталық аймақтарында «әл-Харра» деп аталатын тастақ жерлер де кездеседі. Шаммар таулары да Нуфудтың оңтүстігіндегі тастақ аймақ қатарына жатады. Солтүстігінде Хижаз, шығысында Дахна және оңтүстігінде Рубу-л-Хали орналасқан Нежд өлкесі Харра аймағының ортасында орын тепкен. Хижаз өлкесінің климаты – ыстық. Меккенің жылдық температурасы орта шамамен 50-55º-ты құрайды. Ал Мединенің жылдық орташа температурасы 40º-ты құрайды. Медине Меккеге қарағанда анағұрлым салқын болып табылады. Ал Таиф аталған екі қаладан та салқын климатқа ие. Араб қауымы және тайпалары. Араб түбегінің байырғы тұрғындары – арабтар. Арабтар тарихи тұрғыдан екі үлкен тармаққа бөлінеді. 1. Араб Баида. Олар тарихтың ежелгі дәуірінде өмір сүріп түрлі себептермен жойылып кеткен: Ад, Самуд, Мадиан, Амалика т.б, қауымдар. Олардың кейбірі Құранда баяндалады.
2. Араб Бақия. Ұрпақтары кейінгі дәуірде жалғасын тапқан аталған арабтар екі тармаққа бөлінеді: А) Араб Ариба. «Қахтанилер» деп те аталатын осы тармақтың түпкі отаны – Иемен. Сондықтан олар «Оңтүстік арабтары» ретінде де танымал. Олар «Журхум» және «Яруб» деген екі тармаққа бөлінеді. Осылардың Яруб тармағынан Кахлан мен Химияр деген бұтақтарынан бірнеше тайпалар таралған. Аталған тайпалар түрлі дәуірлерде әртүрлі себептерге байланысты түпкі отандарынан Араб түбегінің түкпір-түкпіріне қоныс аударған. Төрт тармаққа бөлінген Қахланилердің Азд тармағы солтүстікке қоныс аударды. Осылардың бірі Салаба бин Амр Хижаз аймағына көшіп, бірнеше уақыттан соң Мединеге қоныс аударып, сонда мекендеді. Мединедегі Аус пен Хазраждың ата-тегі осыларға барып тіреледі. Ал Хариса бин Амр (Хузаа) деген атадан тарайтындар Марруззахранға, одан соң Меккеге қоныстанып, журхумдықтарды қаладан қуып шықты. Қахтанилердің келесі бір атасы Имран бин Амр Оманға, Жафна бин Амр Сирияға орналасты. Ал Лахм мен Жузам тайпалары Хираға, Тай тайпасы Ажа мен Салма тауларына, Кинда тайпасы бастапқыда Бахрейнге, одан соң Хадрамутқа, ақырында Неждке қоныс депті. Ә) Араб Мустариба (Мутаарриба). Тегі араб емес, кейіннен арабтанған тайпалардан пайда болған араб тармағы Араб Мустариба деп аталады. Олардың тегі Ибраһим пайғамбардың ұлы Исмаил пайғамбарға барып тірелгендіктен, «Исмаилилер» немесе оның ұрпағы болып табылатын ұрпақтарының атымен «Аднанилер», «Мааддилер» «Низарилер» деп аталады. Исмаил пайғамбардың ана тілі әкесі тәрізді Арамейше, Келданише немесе ибранише болатын. Хазіреті Исмаил Журхам тайпасының көсемі – Мудад бин Амрдың қызымен үйленіп, олармен араласып кетті. Міне, ибранилер мен арабтардың араласуы нәтижесінде пайда болған жаңа нәсіл «Араб Мустараба» деп аталып кетті. Оның ұрпақтары араб тілін Меккеде үйреніп, Журхум тайпасымен араласып, арабтанғандықтан, «Араб Мустариба» деп аталып кеткен. Ардақты Пайғамбардың жиырмасыншы бабасы Аднаннан тарайтын басты тайпалар мен тармақтар былай: Маад, Низар, Рабия, Мудар Қайс-Айлан, Ғатафан, Кинана, Құрайш, Құсай, Хашим т.б.. ген атауды иеленеді. бір тармағы Тарихшылар араб қауымын мынандай топтарға бөліп зерделеген: Араб Мустажама. Ислам діні тарала бастаған кезде, мұсылман әскерлерінің жеткен жеңістері нәтижесінде көрші аймақтарға орналасып, арабтардың көрші халықтармен араласуы нәтижесінде пайда болған және араб тілінде сөйлей бастаған халықтар «Араб Мустажама» деп аталып кетті.. Мысыр, Ливия, Марокко, Тунис, Алжир т.б. араб елдерін осыларға жатқызуға болады. Олар тегі копт немесе бербер болып, исламдану процесі кезінде араб тілі мен мәдениетін қабылдап арабтанды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|