ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сасанидтік Иран империясыСаяси жағдай. Иран жерінде қуатты мемлекет сонау ежелгі дәуірде-ақ құрылған болатын. Алдымен б.д.б. ҮІІ ғасырда Мидия тайпасының бастамасымен қуатты империя құрды. Б.д.д. 153 жылы билікті Ахеменид әулетінен шыққан парсылар ауыстырды. Ахеменидтер дәуірінде империя мейлінше күшейіп, олар елдің территориясын одан ары кеңейтті. Иран империясы тарих бойында Кіші Азия арқылы Батысқа шапқыншылықтар жасады. Ислам діні дүниеге келген шақта парсы еліндегі билік Сасанилердің қолында болатын және олар Византиямен жалғасты түрде соғысып жатқан болатын. Осы кезеңде Сасанидтер империясы Шығыс пен Солтүстікте түркілермен, Батыста Визаниямен көрші орналасты. Ол Византиямен соғыс жүргізе отырып, кейде басқа көршілерімен де қақтығысып жататын. Пайғамбардың дүниеге келу уақытына сай келетін жылдарда Иранның тағына әділдігімен аты шыққан Хосров І (Энуширван) иелік етті. Хосров І (531-579 жж) дәуірінде ел ішінде тыныштық орнап, ел сыртында үлкен жеңістерге қол жеткізді және Византия өз жеңілісін мойындап, ауыр салықтар төлеп тұруға мәжбүр болды. Дегенмен кейінірек Византия тәрізді парсы елі де тоқырау дәуіріне бет бұра бастады. Хосров І-ден соң парсы елінің тағына отырған Хосров ІІ (590-628 жж) жолбасшысының жетістіктеріне қол жеткізе алмады. Ол өзіне дейінші шаханшахтардың қалдырған қуатты армиямен алдымен Константинопольге дейін жорық жасап, Византияны жеңгенімен, кейінірек Византия басымдыққа ие болып, парсы елінің астанасы – Ктесифонға (Медаин) дейін жорық жасады. Сасанидтер мен Византия ауа-райы қолайсыз, суы тапшы шөл аймақта орналасқандықтан Хижаз өлкесіндегі арабтарға ешбір жорық жасай алмады, бірақ, Араб түбегінің Солтүсігі мен Оңтүстігіндегі аймақтарды өз қарамағына қаратуға және экономикалық байлықтарын пайдалануға талпынды. Араб түбегінің солтүстігіндегі Хира, Кинда, Ғассани және басқа да әмірліктер мен Араб түбегінің оңтүсігіндегі құнарлы Иемен аймағы Византия мен Иранның үнемі көз тіккен айматары болып табылады. Пайғамбардың Сасанид империясына исламға шақыру хатын жолдаған елшісін жіберген кезде Иран тағында Хосров ІІ Парвиз отырды. Пайғамбардың көрші елдерге жіберген елшілерге дөрекі қатынас жасаған осы болатын. Әлеуметтік құрылым. Сасанидтер заманында парсы еліндегі қоғам төрт топтан құралды: 1. Дін басылар; 2. Билеушілер; 3. Әскерлер мен мемлекеттік қызметкерлер; 4. Шаруалар мен қолөнершілер Осы топтардың бастапқы үшеуі өз дәрежелеріне қарай жоғары топты құрады және бұл атақ әкеден балаға мұра ретінде қалдырылды. Төменгі сатыны құрайтын және саны анағұрлым көп шаруалар жоғары сыныпқа өтуге ешбір мүмкіндігі болмады. Олар егін басында және билеушілер тарапынан басқаруға бағынуға міндетті болды. Мемлекет басшысы «шаханшах» деп аталды. Сенімдері. Ислам діні тарала бастаған жылдарда Сасанид империясының ресми діні – зороастризм болды. Бірақ халық әртүрлі сенімге нанды. Олардың бірі көк аспанға, енді бірі жұлдыздарға, келесілері – ағаштарға, отқа және өсімдіктерге, енді бірі зороасризм дініндегі жақсылық құдайы Ахура Маздаға (Хурмуз) табынды. Бірақ халық сенімін жалпы алғанда отқа табынушылық құрады. Зорастрист дінбасылар аймақ билігінде билеушілерге өз ықпалын жүргізе білді. Зороастризм құдайы – Ахура Мазда парсылардың ұлттық құдайы және соғыс құдайы ретінде танылды. Оның жер бетіндегі символы – от. Ахура Маздаға деген халық сенімінің арқасында дін басылардың атақ-абыройы жоғары болды. Сондықтан, олар халықтың жүріс-тұрысын, әмірлер мен тиымдарды реттей алатын құқықта болды. Византиядағы шіркеудің міндетін Иранда отқа табыну рәсімдерін жүргізетін дін басылар және олардың қолындағы пұтханалар атқарды. ҮІ ғасырда пайда болған Маздак өзін Зороастуштраның ізбасары ретінде танытты және қоғамды уландыратын идеяларын насихаттады. Византия еліндегі сияқты парсы елінде де қанаушылар мен қаналушылар арасында әділетсіздік қатынас орын алды. Қанаушы топ шексіз байлық ортасында молшылық пен ысырапшылыққа орын берсе, ауыр салықтармен қаналған езілуші тап бір үзім нанға зар болды. Күштілер әлсіздерді мейлінше қанады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|