![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәріс 8. Екінші ретті беттерДәріс мазмұны: екінші ретті беттердің жалпы және канондық теңдеулері. Дәріс мақсаты: беттердің формасын және қасиеттерін параллель қию әдісімен зерттеу.
Тік бұрышты координаталар жүйесі Oxyz берілген болсын. Егер бұл бетке тиісті кез келген нүктенің координаталары F(x,y,z)=0 теңдеуді қанағаттандырса, онда бұл теңдеу беттің теңдеуі деп аталады. Бұл теңдеудің дәрежесі беттің реті деп аталады. Сонымен, жазықтық – бұл бірінші ретті бет. Екінші ретті бет x, y, z айнымалыларына қатысты екінші ретті теңдеуімен беріледі Бұл теңдеу екінші ретті беттің жалпы теңдеуі деп аталады, коэффициенттердің әртүрлі мәндерінде ол тоғыз беттің біреуін анықтайды: сфера, эллипсоид, бір қуысты немесе екі қуысты гиперболоид, эллиптикалық немесе гиперболалық параболоид, цилиндр, конус. Одан басқа ол екі жазықтықтың жиынтығын, нүктені, түзуді немесе нүктенің жорамал орнын да анықтай алады. Екінші ретті беттің қарапайым немесе канондық теңдеулерін қарастырайық. Бұл беттердің пішінін және орналасуын параллель қию әдісімен зерттейді: бет координата жазықтығына параллель жазықтықтармен қиылады, алынған қиманың пішіні мен өлшеміне қарап берілген бет туралы қорытынды жасайды. Тоғыз негізгі екінші ретті бетттердің біреуі – эллипсоидтың пішіні мен қасиеттерін зерттейік, қалғандарының қасиеттері сол сияқты зерттеледі. z –ті бірінші теңдеуге қойып, бұл сызықтың Oxy жазықтығына проекциясының теңдеуін Сурет 2.3.1 Екінші ретті сызықтардың графигі, канондық теңдеулері, қималары кестеде көрсетілген: Кесте 2.3.1
2.3.1 Кестенің жалғасы
Ескерте кетелік, келесі қима сызықтар қарастырылды: z=0 және z=h – Oxy координата жазықтығы және оған параллель жазықтықтар, y=0 және y= h – Oxz координата жазықтығы және оған параллель жазықтықтар, x=0 және x=h – Oyz координата жазықтығы және оған параллель жазықтықтар. Дәріс 9. Квадраттық формалар. Квадраттық формалардың геометриялық қолданымдары (приложения) Дәріс мазмұны: квадраттық формалар. Екінші ретті қисықтардың теңдеулерін канондық түрге келтіру. Дәріс мақсаты:Квадраттық формалардың геометриялық қолданымдары
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|