ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Л.Эйлер және оның Россиядағы математиканың дамуына қосқан үлесіОн алты жасында магистр (ғылым кандидаты), жиырма алты жасында академик болған, теңізді көрмей тұрып, кеме жүргізу туралы кітап жазған, артына 886 еңбек қалдырған, он рет Париж академиясының сыйлығын алған, Леонард Эйлердің кейбір замандастары, екі аяқты бір басты адам емес, “шайтан” дейтін болған. Эйлер саны, функциясы, Эйлер интегралдары ауыстырмалы, Эйлер теңдеуі, бұрыштары, Эйлер шеңбері, теоремасы. “Барлық замандардың және барлық халықтардың ұлы математигі” деп аталған ғалым Леонард Эйлер 1707 жылы, жаңа стиль бойынша 15 апрельде Швейцарияның Базель қаласында туған. Әкесі Пауль Эйлер Базель университетін бітірген. Леонард екі – үш жыл Базельде нағашы әжесінің үйінде тұрып мұғалімдер жалдап білім алған. 1720 жылы күзде он үш жасар Леонард әкесінің ақылымен Базель университетінің дін факультетіне оқуға түсті. Дін оны қызықтырмайды, аңсары математикаға ауады да тұрады Ол өз факультеті бойынша міндетті сабақтарға барып жүрді де бос уақытында Иоганн Бернуллидің басқа факультеттердегі лекцияларын тыңдайды. Леонардтың үлкен дарын екенін тез аңғарған оған Евклид, Архимед, Лейбниц, Ньютон т.б. ғалымдардың математикалық шығармаларын оқып игеру жөнінде нұсқау береді. Леонард дін бойынша білім алуды қойып, математикаға мамандануға әкесінен ұлықсат алады да И.Бернуллиден қосымша сабақ беруін өтінеді.1724 жылы 28 январьда Россия сенатының Петербург ғылым академиясын ашу туралы қаулысы шыққан соң,оған шет елден физика, математика ғылымдарының мамандары шақырылады. 1726 жылы И.Бернуллидің мінездемесімен Петербург Россия академиясына физиология кафедрасына адьютант болып жұмысқа орналасады. Л.Эйлер Петербург университетінде математикадан, физикадан, астраномиядан, механикадан, физиологиядан сабақ береді. «Механика немесе аналитикалық жолмен баяндалған қозғалыс туралы ғылым» атты 1736 жылы жазған шығармасы екі том болып шықты. Эйлердің мақалалары көбінесе «Петербург академиясының комментарийлары» деген журналда басылып тұрды. Шетелдіктердің математиктері Россия академиясымен санаса бастады. XVIII–ғасырдың 40-жылдарында академияның жұмысы нашарлай бастады. Ғылымдардың тиісті жалақысы уақытында төленбеді. Соңдықтан 1741 жылы 5 июнде король – II-Фридрихтің шақыруын қабыл алып, Берлин академиясына кетеді. Кетерде Эйлер Россияның құрметті академигі болып жарияланды. Оған бұрын сіңірген еңбегі үшін, өмір бойы 200 сом жіберілетін болды. Эйлер Берлинде тұрған жылдарында да Россиядан қол үзген жоқ. Шығармаларын Петербургқа жіберіп тұрды. 1741-1766 жылы оның 127 еңбегі Берлинде, 109 еңбегі Петербургта басылды. Қейін Ломоносов пен Эйлер дос болып кетті. Берлин академиясының президенті Леонард Эйлер болды.Ол бірталай ірі шығармалар жазды. Олардың ең бастылары «Шексіз аздар анализіне кіріспе» /2-том/, «Шексіз аздар анализі» /4-том/.1748 жылы оның екі томды «Шексіз аздар анализіне кіріспе» деген кітабы Лозаннада басылып шықты. Онда шексіз қатарлар, - қатарлары құрылған және мынадай қатыс орын алған.Кеңістіктер мен қисықтарды, олардың теңдеуіне қарай оңай зерттелгені соншалық, «Шексіз аздар анализіне кіріспені» біз аналитикалық геометрияның алғашқы оқулығы ретінде қарастыруымызға болады.Эйлердің өте бай шығармаларының бірі «Дифференциалдық есептеу» (1755) деп аталатын кітабы. Одан кейін 3-томдық «Интегралдық есептеу» деген кітабы 1768-1770 жылы Петербургте басылып шықты.Бұдан біз тек қана қарапайым дифференциалдық және интегралдық есептеулерге ғана емес, дифференциалдық теңдеулер теориясы, Тейлор теоремасы, Эйлердің қосындылау формуласы, Эйлер интегралдарымен кездесеміз. Эйлердің «Механика немесе аналитикалық жолмен баяндалған қозғалыс туралы ғылымы» (1736) деген кітабында материалдық нүктесінің ньютондық динамикасы аналитикалық түрде анықталған алғашқы кітаптардың бірі болып табылады. Бұдан кейін «Қатты денелердің қозғалыс теориясы» (1765) деген, қатты дененің механикасы жазылған еңбегі шықты. Бұл трактатта нүктені айнала қозғалған дененің теңдеулері жазылған кітабы шықты. 1744 жылы «Максимум және минимум қасиеттері болатын қисық сызықтарды табу» еңбегі жарыққа шықты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|