Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






X1X ғасырдың бірінші жартысында математикаға Гаусс пен Кошидің қосқан үлестері.




X1X ғасырдың бірінші жартысында математикаға үлес қосқан Гаусс, Коши, Галуа, Абель, Бояи, Лобачевский сияқты математиктер.Он сегізінші және он тоғызыншы ғасырларда математика патшасы атанған Карль Фридрих Гаусс болды. Ол 1777 ж. немістің Брауншвейг қаласында қарапайым семьяда туған. 1795-1798 жылдары Гаусс Геттингенде оқиды да, 1799 ж. Хельмштедте бірден докторлық дәреже алады. 1807-1855 жылдарда астрономиялық обсерваторияның директоры және университет профессоры болып істейді.Гаусс жастайынан математикаға көптеген жаңалықтар ашады. Ол 1795 ж. Эйлердің тәуелсіз сандар теориясындағы квадраттық арақатыс заңын табады. Оның көптеген жаңалықтары 1799 жылғы докторлық диссертациясында және 1801ж. «Арифметикалық зерттеулерінде» жазылған. Диссертацияда теңдеудің дәреже көрсеткішінде қанша бірлік болса, сонша түбірі болатыны туралы теорема келтірген.Гаусс «Арифметикалық зерттеулерінде» негізгі орынға квадраттық формалар мен қалыңдылар (вычет) теориясы, екінші дәрежелі салыстыруларды қойған. Бұл еңбектегі басты жетістік- квадраттық арақатынас заңы. Гаусс математикалық есептеулерін астрономияда қолданған. 1801 ж. астрономдар Пиации мен Палермо жаңа планетаны (астреоидты) Церераны ашады. Гаусс жаңа планетаның орбитасын есептеуді сегізінші дәрежелі алгебралық теңдеу түрінде шешеді. 1802ж. екінші астероид Паллада ашылады. Осыған байланысты Гаусстың эллипсоидтардың тартылуы және механикалық квадратуралар және ғасырлық ұйытқулар туралы «Аспан денелері қозғалысының теориясы» атты еңбегі шығады. Гаусс 1820 жылдан соң геодезиямен айналысады. Осы кездегі ең маңыздысы – «Қисық беттерге қатысты жалпы зерттеулер» атты еңбегі. Мұнда ол геометриялық практиканы теориямен байланыстырады. Геодезиямен бірге Гаусс сандар теориясымен де айналысады. Гаусс өзінің «Арифметикалық зерттеулерінде» комплекс сандар теориясын қолданады. Комплекс сандарды жазықтық нүктелерімен кескіндейді. Гаусс биевклидтік геометрияның негізін қалаушы болып табылады.XIX ғасырдың бірінші жартысында Францияда бірнеше ірі матемкатиктер топтасады. Олардың ішінде Огюстен Коши де бар. Кошидің атақты екі жаңалығы болды: бірі-комплекс айнымалы функциялар теориясы, екіншісі-математикалық анализдің қатаңдығы. Комплекс айнымалы функциясы Кошиге дейін де енгізілген. Бірақ ол Даламбер ұғымын пайдаланып, геометриялық қатарларды алғашқы болып зерттейді, функция туындысын анықтайды. Шектің анықтамасы бойынша болғанда шегін келтіреді. Шексіз аз айнымалыны шегі нөлге тең болатын айнымалы сан ретінде қарастырады. Қатардың жинақылығының белгісі де Кошидің атымен аталады. Дифференциалдық теңдеулер мен жүйенің шешімінің бар болуын Коши алғашқы болып дәлелдеген






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных