ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Советтік дәуірде ҚазССР-да математиканың даму тарихы.1. Садуақас Хасенұлы Боқаев - Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген тұңғыш қазақ,физика-математика ғылымдарының кандидаты.. С.Х.Боқаев 1907 жылы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. С.Хасенұлының қалыптасуына қалың халық арасынан шығып, барлық күш-жігерін қазақ халқының жаңа өмірге бейімделуіне жұмсаған ағартушы-педагог және ақын Тайыр Жомартбаев үлкен еңбек сіңірді. Кішкентай Садуақастың жаратылыстануға деген ерекше қабілетін байқаған тәжірибелі педагог оның алдымен Семей мен Зайсанда, одан кейін Орынборда білім алып, 1928 жылдан бастап оқуын одан әрі қарай Мәскеу қаласында жалғастыруына көмектесті. С.Боқаев сол кездегі ауыртпашылыққа қарамастан 1932 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің математика бөлімін табысты аяқтайды. Содан соң үздік бітірген санаулы ғана түлектер қатарында университет жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтына аспирант болып қабылданады. С.Хасенұлы өзінің еңбек жолын 1932 жылы маусым айында Қазақ педагогикалық институтында ассистент болудан бастайды. Көп ұзамай оған кандидаттық диссертация қорғамай-ақ доцент атағы беріледі. 1933 жылы С.Боқаев жоғары математика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. 1934 жылдың қыркүйегінде физика-математика факультетінің деканы болып тағайындалады. Осымен бір мезгілде доцент С.Боқаев жаңадан ашылған Қазақ мемлекеттік университетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін де атқарды және онда жоғары математикадан лекциялар оқыды. Оқытушылық қызмет атқара жүріп, ол сан-салалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді. С.Хасенұлы 1935 жылы 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады. Осы кезеңде бұл оқу орнында Н.Е.Жуковский, Д.Ф.Егоров, Н.Н.Лузин, А.Я.Хинчин, И.И.Привалов, А.Н.Колмогоров т.б. сияқты аттары бүкіл әлемге әйгілі ғалымдар еңбек еткен еді. Осында С.Х.Боқаевқа физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі және доцент ғылыми атағы берілді. Ал 1936 жылы ол математика профессоры болып бекітілді. С.Х.Боқаев мектептер үшін оқу материалдарын дайындау ісіне де белсене ат салысты, математика оқулықтарына пікір жазды және оларды орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Сол кездегі біздің республикамыздың түпкір-түпкіріндегі мыңдаған оқушылар математиканы осы оқулықтар бойынша оқып меңгерді. Жас ғалым 1937 жылы 30 жасында репрессияға ұшырады, ал 1942 жылы айдауда қайтыс болды. Боқаев Садуақас Хасенұлы-дарынды математик, өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде қазақстандық математиктердің, педагогтардың инженерлердің, экономистердің, сондай-ақ еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жаңа әрі жас толқынын дайындауға баға жетпес үлес қосқан ғалым.Біздің ұлттық жоғары мектебіміз С.Боқаев сияқты көрнекті тұлғалардың ерекше дарындылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында қалыптасты. Сондықтан бүгінгі Қазақстанның өсіп-өркендеуінде оның да өзіндік қомақты үлесі бар. 2. Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков ( 1911-1989) – белгілі математик, физика-математика ғылымдарының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының жүлдегері (1976). 1923 жылы Қарқаралыдағы мектеп-интернатқа орналасып, оны 1930 жылы үздік бітіріп шықты. Осы жылы Қазақ педагогика институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1934 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықты, сосын мұғалімдік қызметке қалдырылды. Ассистент, аға оқытушы, доцент, проректор, жоғары математика кафедрасының меңгерушісі (1934-1952) қызметін атқарып Ұлттық Академияға ауысты. Мұнда ол аға ғылыми қызметкер,математика және механика бөлімінің меңгерушісі (1945-1965), Қазақ ССР Ғылым Академиясының математика және механика институты директорының орынбасары (1966-1972), осы институттың -математика бөлімінің академик-хатшысы, Қазақ ССР ҒА-ның Президиум мүшесі болды (1969-1985). О.Ахметбекұлы дифференциалдық теңдеулер теориясымен, қозғалыстың орнықтылық теориясымен және оның механика есептерінде қолданылуымен айналысты. Сондай-ақ, математикалық физикамен, жер асты су динамикасымен, математика тарихымен, математика әдіснамасымен, математиканы оқыту әдістемесімен айналысты. Прагадағы (1962), Братиславадағы (1962) конференцияда, Москвадағы математиктердің халықаралық конгресінде (1966), 1971 жылғы XIII халықаралық ғылым тарихына арналған конгресте баяндамалар жасады. Мұнда ол әл-Фарабидің ғылыми еңбектері жайында әңгімеледі. Оның мынадай еңбектері бар: Математикалық анализ курсы (1958), Орыс математикасының атақты ғалымдары (1956), Жай санаудан машиналық математикаға жету (1959), Математиканың даму тарихы (1967), Комплекс сандар және олардың практикалық маңызы (1969), Бесконечные системы дифференциальных уравнений (1974), Математика и научно технический прогресс (1978), Дифференциалдық теңдеулердің қолданылуы туралы әңгіме (1986), О применении методов ускорения к задачам колебаний упругих систем 1977), Жоғары математика (1984) және т.б. 3. Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин (1936) - математик- академик (1983), физика-математика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974). Ол қазан айының төртінші жұлдызында Қостанай облысы, бұрынғы Урицкий ауданында дүниеге келеді. Қараоба қазақ орта мектебінде оқыды. Математик болуына мұғалімі Мырзағали Қарсақбаев жөн-жоба сілтеді. Ол ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, Қазақ университетінің кафедра меңгерушісі (1958-1978), Қзақ ССР ҒА-ның Математика және Механика институтының директоры (1978 жылдан), Қазақ ССР ҒА-ның президиум мүшесі, физика-математика ғылымдары бөлімінің академик–хатшысы (1985-1986), 1986-1988 жылдары Қазақ ССР ҒА–ның вице-президенті сияқты жауапты қызыметтерде болды. Сондай–ақ, Ұлттық Ғылым Академияның президенті (1988-1994) болды. әл-Фараби атындағы университетінің 1958 жылғы түлегі үшін 1987 жыл қуанышты болды, осы жылы Ө.М.Сұлтанғазинге математикалық физиканың өзекті салаларының бірі–тасымалдаудың кинетикалық тиориясымен ширек ғасырдан бері айналысып, қомақты нәтиже алғаны үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Математикалық физиканың аса ірі маманы–есептерді шешудің сандық әдістері мен жаңа интерациялық алгоритимдер ұсынды. Больцманның сызықтық дискреттік теңдеулері үшін жергілікті және глобалдық теоремалардың бар болуы мен жалғыздығын дәлелдеді. Кинетикалық және гидродинамикалық теорияның өзара байланысын беретін кинетикалық теңдеудің карлемандық типтегі дискретттік моделін тұжырымдады. Гиперболалық теңдеулердің симметриялық жүйесі бойынша зерттеуі сфералық гармоника әдісін дамытуға мүмкіндік береді. Өмірзақ Махмұтұлы газ динамикасында, программалауда, тиімді басқаруда және математиканың басқа да салаларында іргелі табыстарға жетті. Оның еңбектері дүние жүзі ғалымдарына белгілі. Еңбектері Алматыда, Нью-Йоркте, Новосибирскіде, Москвада, және басқа жерлерде жарық көрген. 4. Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев (1942) - математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), Қазақстан Ұлттық ҒА-ның Математика және Механика институтының «Анализдің қолданбалы әдістері» зертханасының меңгерушісі (1978-1983), әл-Фараби атындағы университетінде кафедра меңгерушісі (1983), Жамбыл педагогикалық институтының ректоры (1984-1986), Қарағанды қолданбалы математика институтының басшысы (1992-1994), Қазақстан Министрлер кабинеті Ұлттық ағарғыш агенствосының бөлім бастығы (1994-1996), Алматы Мемлекеттік Университетінде кафедра меңгерушісі (1996). М.Өтелбайұлы Жамбыл облысының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан кітап оқуға құмар, өлең жазуға икемді, қазақтың салт-дәстүрлерін, өлең-жырларын, ауызша тараған қара есептерін шығаруды жақсы көреді. Қазақ халқының есептерін, теңдеулерін қиналмай-ақ шешті. Қырғыз университетінде оқып жүргенінде оны байқаған ректор Москва университетіне оқуға жібереді. Университетті жақсы оқып бітірген соң, оны аспирантураға алады. Аспирантурадағы ғылыми жетекшісі Б.М.Левитан болады. 1972 жылы Москвада кандидаттық диссертациясын қорғап, Алматыға келеді. 1978 жылы «Эллипстік операторлардың спектрін бағалау және онымен байланысты енгізу теоремалары» атты тақырыпта докторлық диссертациясын Москвада қорғайды. М.Өтелбаев қазіргі математиканың көптеген тарауларын қамтитын жан-жақты ғалым. Атап айтқанда: спектрлік теория, енгізу және жуықтау теориясы сызықтық және сызықтық емес интегралдық теория, Векуа теориясы, қолданбалы есептер. М.Өтелбайұлының көптеген шәкірттері ғылым кандидаты мен ғылым докторы атанды. Ол бірнеше монография мен ғылыми мақалалардың авторы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|