Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






азақстандағы математикалық білім және математикалық зерттеулер.




Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.Әлемдік білім кеңістігіне еліміздің енуі мемлекет пен қоғамның талаптарына сәйкес келе жатқан ұрпақты оқытуды «Үздіксіз білім беру» концепциясын іске асыруға септігін тигізетін құзыреттілік қажеттілігін туындатады. 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. 2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2020 жылы 40-45орын 2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.

Қазақстанда математика, механика және информатика саласында зерттеулер жүргізу және жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында 1965 жылы Математикалық институты ұйымдастырылды. Институт дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика, функциялар теориясы мен функционалдық талдау, алгебра және логика бойынша зерттеулерді үйлестіреді. Математикалық институтының негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

· функцияларды, функционалдық кеңістіктерді және функционалдық кеңістіктегі түрлі операторлардың қасиеттерін, олардың операторлық теңдеулерде қолданылуын зерттеу;

· дәл және дәл емес хаосты ақпарат бойынша үйірткі (свертка) түріндегі функция кластарында оңтайлы қалпына келтіру есептерін, көп өлшемді аппроксимация, ықтималдық теориясы мәселелерін зерттеу;

· дифференциалдық теңдеулер мен олардың аппроксимацияларының шеткі есептері бойынша, динамиканың кері есептері, оңтайлы басқару теориясы бойынша зерттеулер;

· сызықтық және сызықтық емес дифференциалдық және функционал-дифференциалдық теңдеулер мен жүйелердің шеттік (шеткі) есептерін зерттеу, сондай-ақ жылу, масса тасымалдау құбылыстарына қолданылатын айныған (азғындаған) аймақтардағы параболалық теңдеулерді зерттеу, Больцман теңдеуінің дискретті модельдері теориясын дамыту;

 

 

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных