Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алиев С.,Орынбаева Р




XX ғасырдың бірінші жартысында мәдени-ағарту міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда мәдениет пен ағарту орындары ашыла бастады. Ағарту мен мәдениеттің жаңа ұйымы өз қызметін таптық бағытпен ағарту саласында дінге қарсы саясатпен бастады.

Өткен ғасырдың басында Қазақ АКСР-нің құрылуына байланысты халық ағарту комиссариаты қүрылды. Бұл Қазақстанның барлық облыстарында халық ағарту ісін жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызды. Соның нәтижесінде 1917 жылдан бастап халық ағарту ісінде көптеген игі бет-бұрыстар жасалды.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шаруашылықты қалпына келтіру, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, экономика мен мәдениетті ілгері дамытудағы басты міндеттердің бірі - жаппай сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей білім беру болды. Бүл міндет барлық елді мекендегі хапықтардың алдындағы өткір мәселелердің бірі еді.

Азаттыққа, тең құқылыққа ұмтылған мұсылман халықтары бірігіп, 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде Бүкілресейлік мұсылман сиезін өткізді. Петроградта мемлекеттік думадағы мүсылман фракциясының үсынуымен бүкілресейлік мұсылман сиезін өткізуге әзірлік жасау үшін қатарында Ахмет Байтұрсынов секілді зиялылар бар “мұсылман бюросы” құрылды. Осы сиезде шеткері аймақтарға сырттан қоныс аудару шылар тоқтатылсын, ұлт аймақтарындағы мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілсін, дін істері үкіметтен бөлінсін, Ресей ұлттық федеративтік негіздегі демократиялық республика болсын деген мәселелер күн тәртібіне қойылды.

А. Байтұрсынов қазақ мектептеріне арнап («Әліппе», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», т.б.) құрастырған оқулықтары мазмұндылығымен, ұлттық бояуы мен ерекшеленеді. Өйткені онда енгізілген мақал- мәтелдердің, өлеңдердің, ертектердің, санамақтардың тәрбиелік мәні зор. Ахмет 1925 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін жариялайды. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай Мемлекеттік Білім Кенесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді болды. Әңгімелері балалар үшін қызықты, жеңіл, заманға лайық деп баға беріледі. Ағартушы–ғалым А. Байтұрсынов қазақ тілінің оқыту әдістемесін жасап, жүйелі мақсатқа құрады. Басты мақсат қазақ баласының сауатын ашу болса соны іске асыру үшін алдымен «Оқу құралын» («Әліпбиді»), сонынан тілді тереңірек түсіндіріп баяндау үшін «Тіл құралын» жазды.

«Жан мен тән» мақаласында адамның жан-жақты, үйлесімді дамуына ерекше мән беріп, кімнің тәні сау болса, жаны да сұлу болады және адамның рухани мәдениетінің негізгі болып, оның оқып жиған білім, әдет-ғұрпы мен дағдылары, жақсы материалдық жағдайы, салауатты тұрмыс мен өмір әсер ететінін дәлелдейді. Сөйтіп бала тәрбиесімен бірге ұлттық санаға дейінгі педагогикалық мәселелерді жан-жақты зерделейді. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, негіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімін үйренсек, түрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік», - деп армандайды.

А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» мақаласында: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалімқандай болса, мектебі хәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білеін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» - деп, кадр мәселесіне айрықша мән беріп, оған қойылар талап мөлшерін нақтылай түседі.

Қазақ жерінде аралас мектептердің ашылуы, негізінен, прогрессивтік рөл атқарып, оның жергілікті халық үшін пайдалы жақтары болғанымен, қазақ халқы үшін ана тілінде жұмыс жасайтын мектептердің қажеттігі туды. Мұны сол кезде-ақ А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды қазақтың көрнекті қайраткерлері жақсы түсінді. Мысалы, А.Байтұрсынов “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 62 санында жарияланған “Мектеп керектері” мақаласында "Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі діні, тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң, бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек деп, өз пікірін ашық білдірді.

А.Байтұрсынов қазақ мектептеріне бағдарлама, оқулық, әдістемелік құралдардың, білікті мамандардың қажеттілігін баса айтты.

А.Байтұрсынов бастаған оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын жаңа ағымы патша үкіметінің орыстандыру саясатына қарсы күресті. Жәдид ағымының өкілдері үлт мектептерінің қажеттерін сөз ете отырып, мына мәселелерді көздеді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарламасын жасау арқылы мұсылман мектептерін бірізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрафия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізе отырып, шәкірттерге тиянақты білім беру, сауатсыз фанатик молдаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыратын куәлік бергізу, мектептерді мемлекет тарапынан қаржыландыру, мектеп үйлерін салу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мүғалімдерге тұрақты жалақы төлеу, т.б. мәселелерді шешуді талап етті. Ұлт аймақтарындағы оқу-ағарту, мәдениет мәселелерін Мемлекеттік думаның алдына (петиция) талап етіп қойды.

Батыс Қазақстан мұғалімдерінің 1920 жылдары пайдаланған А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен оқу құралдарының тізімі жинақталған. Олардың ішінде оқытушыларға арналған әдістемелік көмекші құрал “Баяншы” (Қызылорда, 1920), ересек адамдарға арналған “ Әліп-би” (Семей, 1921), мектеп балаларына арналған “ Әліп-би” (Қызылорда, 1926) және тағы басқалар бар.

Ұлы ғұламанын еткен еңбегі еш кеткен жоқ, оның өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ интеллигенциясының «рухани көсемі» болған Ахмет Байтұрсынов туралы заманымыздың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов тебірене қалам тартып, «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпайтын іздер болмақ» деп, 1926 жылы «Ақ жол» газетіне көлемді мақала жазып, лайықты бағасын берген болатын.

20-30 жылдардағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, журналист-публицист, жазушы-аудармашы, педагог-ғалым Нәзипа Құлжанова 1903 жылы Қостанай қаласындағы орыс-қазақ гимназиясын бітіреді. 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесінде дәріс береді. 1905-1920 жылдары Семейдегі мұғалімдер гимназиясында оқытушылық қызметпен айналысады. 1920-21 жылдары Ақмолада уездік комитетте жауапты қызмет атқарады. 1922 жылы арнайы шақыртумен «Еңбекші қазақ» газетінде редация алқасы мүшелерінің бірі, ал 1923-25 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналында жауапты хатшы, 1925-34 жылдары «Әйел теңдігі» журналында бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хатшысы болып қызмет атқарады. 1934 жылдың көктемінде дүниеден қайтады.

Нәзипа Сансызбайқызы сол кезде Қазақстанда кенже қалып келген ғылым саласы – мектепке дейінгі педагогиканың негізін салып, іргетасын қалаушы педагог-ғалым. Оның қаламынан «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923 ж), «Ана мен бала» (1921 ж) ғылыми-педагогикалық еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектердің алғашқысына алғы сөзді көрнекті қоғам қайраткері, ірі түрколог-ғалым, ақын, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов жазады. Олай болуының себебі түсінікті еді: ол – қос ағартушы-ғалымның мүлде ортақтастығынан болса керек. Олар «тәй-тәй» басқан ұлттық педагогика ғылымы үшін аянбай еңбек етті. Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектепте білім беру мазмұнын қайта құруы үлкен табыс болды. А.Байтұрсынов қаламынан туған бастауыш мектепке арналған «Оқу құралы» (1912 ж), «Әліпби» (1928 ж), «Сауат ашқыш» (1926 ж), «Тіл құрал» (1914 ж) сияқты оқу құралдары қазақ мектептерінің тарихында тұңғыш бастама еді. Қазіргі қазақ мектептерінің пайдаланып жүрген «Әліппе» оқулығының негізі осы А.Байтұрсынов жазған оқу құралының жүйесімен жасалғандығы мәлім/1/.

Қос педагог-ғалымның шығармашылығының бала тәрбиесіне арналуы да олардың педагогикалық ой-пікірлерінің идеялық үндестігін құрайды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітапшасына жазған алғы сөзінде: «Баланы бастан тәрбиелеу деген – баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың жаны мен тәніне керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу – сол дұрыс тәрбие болады» деп, баланың жас кезеңдеріне сай, даму процесіндегі ерекшеліктерді ескерек отырып тәрбиелеу мәселесін ғылыми дұрыс тұжырымдайды. Ал Нәзипа Құлжанова бұл пікірді әрмен қарай былайша дамытады: «Біздің қазақтың осы күнге дейін өзгермей келе жатқан балаға көзқарасы неғұрлым шапшаңырақ үлкенге ұқсап, үлкеннің еткенін етсе – мақсатқа жеткен болып табылады».

...Ойлай-ойлай, бұрын бүркеулі жатқан бір пікірдің беті ашылғандай болды. Бала – кішкене кісі, үлкеннің кішірейткен суреті деген бекер екен, баланың тән жасалысы да, тән мүшелерінің өсуі тұсында өтетін қызметтері де хәм жан тіршілігі де барша табиғатының жаратылысы үлкеннен айрықша, басқа, өзгеше болып табылады», – дей келіп, қазақ халқының бала тәрбиелеудегі үлкен қатесін дөп басып, тани біледі.

Ахмет Байтұрсыновтың жазған бұл алғы сөзінде Н.Құлжанова идеяларын дамытып, жетілдіре түсетін ой түйіндері баршылық.

«...Әуелі балаға тәннің саулығы керек. Тәні сау баланың жангы да сау болып, есі дұрыс, зейіні алғыр болып өспек. Зейіні алғыр болуы адам тіршілігіне керек өнер білім алуы, ал адамның өнер-білім алуы табиғи жолмен олуы тиіс» деп, «Тәні саудың – жаны сау» деген халықтық қағиданың растығын дәлелдейді. Бұл пікірді қуаттайтын Нәзипаның ғылыми деректері осы еңбектің «Еңбекшілер баласының тұрмыс жайы» деп аталатын тарауында нақты деректермен шындықты ашып көрсетеді. Мұнда еңбекші балаларының ауыр халі, баланың әлжуаз, нашар болып дүниеге келуі, анасының дұрыс күтім көрмегендігінен екенін медициналық тұрғыдан түсіндіріп береді.

Жалпы А.Байтұрсынов пен Н.Құлжанованың оқу-ағарту саласы жайында жазған шығармаларының идеясы ортақ болып келеді.

А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» мақаласында: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалімқандай болса, мектебі хәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білеін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» - деп, кадр мәселесіне айрықша мән беріп, оған қойылар талап мөлшерін нақтылай түседі.

Ал Н.Құлжанова болса «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегінде: «Бала бақшасының жүйесінде басшы әйелдің сыр-сипаты көп әсер береді. Мұның себебі балаға жұмсалатын тәрбие құралдарының ең күштісі – алдындағы үлкеннің өз үлгісі. Сондықтан бала тәрбиешісі жылы шырайлы, сабырлы, шыншыл болуы керек. бір сөзді де, жұмсақ та болғаны дұрыс. «Баланың міндетін, зейінін, тілегін хәм қай ретпен қарайлау дұрыс екенін біліп отыруы керек... Және ең мықты керегі балаларды да сол қызметінде сүйіп, өзіне-өзі хәм істеген ісіне де сеніп, жан-тәнімен кірісуі керек» - деп, тәрбиешіге қойылар талаптарды ғылыми әдеиеттерге сүйене отырып дұрыс тұжырымдайды.

Қос ағартушының мұғалім, тәриеші кадрларын даярлау мәселесі жөніндегі пікірлері де үндестік тауып жатады. Ахаң жоғарыда аталған мақаласында: «Мұғалім сайлы болу үшін, мұғалімге керек білімді үйрететін орыннан оқып шығаруға тиіс. Ондай орын қазақ түгіл, қазақтан бұрынырақ қимылдап жатқан ноғай бауырларымызда да жоқ... Қолдан келмейтінді қоя тұрып, қолдан келерлігін, дұрыстауға тиіс» деп, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, қазақтың түрлі оқу орындарынан білім алған сауатты жастарын осы игі іске жұмылдыру мәселесін көтерсе, Нәзипа Құлжанова: «Мәдениетті елдердің бәрінде, Россияда да бала бақшаларына тәрбиеші даярлайтын айрықша басқа институттың курстары болады. Бұлар онда бірнеше жыл оқып, дәрігер, тіпті, екінші басқыш мектептерде болатын мұғалімдерден кем даярланбайды. Бірақ... қашан бұқара халық жас баланың тәрбиесіне есті көзбен қарап, бұл жұмысқа жұмыла кіріскенше, мектептен бұрынғы тәрбиені көркейтуге шамалары келмейді» - деп, бала бақшаларға қажетті кадр даярлау ісінің дұрыс ағыт алуы үшін халық санасының, мәдениетінің көтерілуі, жаңа сипатқа ие болуы басты шарт деп қарады.

Сонымен қатар қос журналист-публицисттің әлеуметтік мәселелерге арнап бірнеше мақалалар жазып, онда қараңғылықтағы халқының мұң-мұқтажын өтеуге арналған, Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы». Алматы. «Ана тілі», 1992 ж/ мен Нәзипа Құлжанованың «Үй қандай болу керек?» /Әйел теңдігі, 1927 ж, №2/, «Жұма күндерінде қазақ әйелдеріне кеңес» /«Әйел теңдігі», 1927 ж, №8-9/, «Малдың сүті» /«Әйел теңдігі» 1928ж,№4/ мақаларында қазақ халқының мәдениетін көтеру, өмір сүру дәстүрін жеңілдету, шаруа жайын дұрыс ұйымдастыра білулеріне қажетті кеңес беруді мақсат еткен. Мұнан сол қоғұнан сол қоғамның талабына сәйкес қос ағартушының халқы үшін адал еңбек еткендігіне куә боламыз.

Ахмет Байтұрсыновтың Нәзипа Құлжанованың сан қырлы талантын бағалап, оған үлкен үміт артып, өлең арнағаны да белгілі болып отыр.

Рахатсыз өтсе де өмір жасым,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных