Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Деп жүрме: сөзім қалды ішімде өліп.




Алған білімді тиянақтаудың бірден-бір жолы қайтару, пысықтау деп дұрыс бағымдайды. Сөйтіп, ол А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың ағартушылық ойын ілгері дамыта келіп, өз шығармаларында ана тілімен сусындап, жетілген, қалыптасқан, халықтық педагогикаға негізделген ұлттық мектепті дәріптеді.

А.Байтұрсынов қазақ мектептеріне арнап («Әліппе», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», т.б.) құрастырған оқулықтары мазмұндылығымен, ұлттық бояуы мен ерекшеленеді. Өйткені онда енгізілген мақал- мәтелдердің, өлеңдердің, ертектердің, санамақтардың тәрбиелік мәні зор. Ахмет 1925 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін жариялайды. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай Мемлекеттік Білім Кенесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді болды. Әңгімелері балалар үшін қызықты, жеңіл, заманға лайық деп баға беріледі. Ағартушы-ғалым А. Байтұрсынов қазақ тілінің оқыту әдістемесін жасап, жүйелі мақсатқа құрады. Басты мақсат қазақ баласының сауатын ашу болса соны іске асыру үшін алдымен «Оқу құралын» («Әліпбиді»), сонынан тілді тереңірек түсіндіріп баяндау үшін «Тіл құралын» жазды.

«Жан мен тән» мақаласында адамның жан-жақты, үйлесімді дамуына ерекше мән беріп, кімнің тәні сау болса, жаны да сұлу болады және адамның рухани мәдениетінің негізгі болып, оның оқып жиған білім, әдет-ғұрпы мен дағдылары, жақсы материалдық жағдайы, салауатты тұрмыс мен өмір әсер ететінін дәлелдейді. Сөйтіп бала тәрбиесімен бірге ұлттық санаға дейінгі педагогикалық мәселелерді жан-жақты зерделейді. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, негіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімін үйренсек, түрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік», - деп армандайды.

М.Дулатов та мектептегі оқу-тәрбие үрдісі, оқытудың түрлері мен әдістері туралы соны ой-пікірлер айтқан ғұлама. Ол бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің ерекшелігін ашып, патша отаршылдарының шовинистік пиғылдарын әшкерелей келіп, «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды.осылай біліп, баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп керекті мағлұмат алып шығады... Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сінген рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады...» дейді.

М.Дулатовтың мектеп, медресе, оқу орындарына арналған мақалаларынан ағартушының демократиялық көзқарастары айқын көрінеді. Автордың «Қирағат» кітабына алғысөз ретінде жазған «Мұғалімдерге» мақаласының үлкен әдістемелік мәні бар. Мұнда мұсылманша, орысша білім алған мұғалімдерді, шәкірттерді қазақша оқытуда қандай тәсіл-амал қолдану керектігі сөз болады. Ол шәкірттерге ұлт рухынан сіңіруді мұрат тұтады.

Бастауыш сыныпқа жазған «Есеп құралын» қазақ балалары өмір сүріп жатқан ортаның талғамына сай жазып, мысалдарды қазақтардың күнделікті тіршілігінен алды. Тапсырмалар балалар ұғымына сай жеңіл, түсінікті тілмен жазылды.

Қоғамның болашағы да, тірегі де және әлсіз, қорғансыз буын да бала екенін көне дәуірден сезінген халқымыз, олардың дені сау, парасатты, білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары деңгейде болуына аянбай күш салған.

Ж.Аймауытов та мектептегі оқу-тәрбие үрдістері туралы арнайы еңбек жазып, мол мұра қалдырған жан. Ол кешенді оқыту мәнін «Бұл өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді, бір тақырыпты, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып түйіндеп, біріктіріп оқыту-комплекстік оқыту дегеніміздің мәні де осы», - деп дәйектеп түсіндіреді. Оқыту үрдісінің жай-жапсарына орай «Оқыту баланың табиғатына, жеке дара ерекшелігіне орай жүргізілуі тиіс. Ол сонда ғана шәкірттің жай қуаттарының өсіп, жетіліп, қалыптасуына жағдай жасайды. Баланың табиғатын ескеріп оқыту дегеніміз – оның бұрынғы тәжірибесіне, азды-көпті біліміне сүйену деген сөз. Өйткені жаңа білім әр кез адамның бұрынғы білетіндеріне сүйенбейінше тиянақты болмайды», - деп талдау жасайды.

Ж.Аймауытұлы дидактика мәселесінде Я.А.Коменский.(Коменский Я. А. «Великая дидактика», изб. пед. соч. М., «Педагогика», 1982, 656 – б) заманнан келе жатқан «оқыту жақыннан алысқа, жеңілден ауырға, оңайдан қиынға... жылжып отыратын болсын» деген принципті қолдайды. Ол ылғи да оңай оқыту дұрыс емес, өйткені, оқу үнемі оңай болып отырса, балаға ойландырарлық ешнәрсе қалмайды, ал шәкірттің ойы қозғалып, өз бетімен жұмыс істемесе, жан қуаттары жетілмей, ол жөнді біле де алмай қалады дейді. Сондықтан баланы оңай ұғуға әуес қылмай, оны ойландыратындай қылып оқытуымыз қажет.

Ж.Аймауытұлы оқытудың басты түрлеріне сөйлеу және сұрау түрлерін жатқызады. Алғашқысында мұғалімнің сабақтағы кездерін шәкірттер алаңсыз тыңдап жазып отырса, бұл сөйлеу түрі болады. Ал мұғалім мен шәкірттер арасындағы сұрақ, жауап төңірегіндегі диалог сұрау түріне жатады. Алғашқы түрде мұғалім жаңа сабақты жалықтырмайтындай алуан әдіс-тәсілмен, бай дерек-дәйектермен әспеттеп қызықты өткізуге тиіс. Ал екінші түрде – маңызды мағлұматтар бере отырып, қызықты сұрақтар беру арқылы пікір алысуға кең жол ашу мақсат етіледі.

М.Жұмабаев болашақ қазақ мектебінің бет-бейнесі, бағыт-бағдары қандай болу керектігін дұрыс пайымдайды. «Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізді құра алмасақ келешегіміз күңгірт».

Қазақ мектебіндегі тәрбие жұмысы қандай бағытта жүргізілуі керек деген сауалға былай деп дұрыс жол сілтейді: «Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болмағандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрі әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбие қылуға міндетті».

Болашақта қазақ мектебі үшін жазылатын оқулықтардың негізгі, мазмұны, қарастыратын мәселесі туралы да ой толғап былай дейді: «Біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып кететін жол жоқ. Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналды – сол туралы ой жүргіртсе игі болар еді... қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пән көзінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келуі дұрыс болар еді.

«ТӘРБИЕГЕ ЖЕТЕКШІ.(ҮЗІНДІЛЕР)»

Алиев С.

Кітапта келтірілген бала тәрбиесі мен бала оқыту жайында көптеген мағлұматтарды оқырмандардарға ұсынамын:

…Бала оқытудың ережелерін, заңдарын сөйлейтін, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі –дидактика. Жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқыту жайындағы жалпы мәселелер туралы сөйлейді. Жеке дидактика яки методика дидактиканың жалпы ережелерін жеке пәндерді оқытқанда қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баян етеді… Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып), бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге, бірге кемелденуге тиісті. Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, әйтпесе осы жолдан тайма деп оқытушыға міндет есебінде еш нәрсе ұсынбайды. Ол тек сыннан өткен ұтымды жолдарды ғана нұсқайды.

Білімдендіру (образование) көбінесе екі мақсатты көздейді: білім көбейту және ақыл күшейту.

Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек.

Ескі тілдерді үйрену арқылы бала ерте замандағы мәдениетті жұрттардың ғылымдарымен, өнерімен, әдебиетімен таныс болады. Олармен таныс болмай, кісі ақыл-ойға, ғылым-білімге жетіліп пісе алмайды…Сондықтан әлі де болса ескі тілдер маңызын жойды деуге болмайды.

Әсіресе, ғылымдардың тарихын зерттеу үшін ескі тілдер өте пайдалы…

Адамның тәрбиесіне де тілдердің пайдасы жоқ емес: тілді берік, ұғымды үйрету ақылды жетілтуге себеп, әр халықтың дүние тануы тілінен көрінеді. Жат жұрттың тілін үйренумен бірге адам сол жұрттың жан дүниесімен таныс болады. Бөтен жұрттардың дүниеге көзқарасын, өзге сыр-сипаттарын білу ақылды байытады. Жат пікірді білу – жат пікір, жат сезім, жат наным дариясына жүзумен тең…

Бұған қарсы білім берудің өзегіне деректі пәндерді салу керек деушілер… адамның жалпы жетілуіне, ақылдың күшеюіне көзбен көріп, тәжірибемен тексеріп білетін пайдалы, деректі білім жаратылыс (естествознание) пен шама тілі (математика) болу керек дейді.

Ана тілі. Оқылатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусарып орап алатын пән – ана тілі екендігі даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі. Ана тілін үйрену - сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді.

…Әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән мақсатын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн. Балаға тілді дұрыс қолдандыру – әр оқытушының, әр мектептің міндеті…Білім тану жолы мен тіл үйрену жолын айыру дұрыс емес.

Сондықтан біздің ұсынымыз:

1. Басқа пәндерден тіл оқуы айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін.

2. Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын – тілге үйренсін.

3. Баланың тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу тыңдаудан, сөйлеуден соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген-білгені туралы әңгіме құрып, содан кейін оқуға, жазуға үйретілсін.

4. Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін.

5. Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген- білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.

…Адамның жан қуаттарының жетілуіне, ақыл көзінің шарасын ұлғайтуға тарихтың маңызы күшті екендігінде сөз жоқ…Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен байланысып жатыр: тұрмыс жүйесі, әлеумет ғылымы, заң, пәлсафа, әдебиет, мәдениет, өнер - бәрі тарихтан қозғайды не тарихпен байланысы бар. Әр ғылымның тарихы бар. Ол тарих жалпы адамның тарихымен байланысты.

Тарих оқыту шәкірттердің ескілікке сезімін оятады, яғни өткен заманда қай жұрттың қандай маңызы болғандығын, әр халық, әр заман өз тұсында бағаланатындығын, қазіргі өмір мен өткен күннің байланысы барлығын білерлік сана туғызады. Өз жұртының тарихын білмей, жұртын айбарлы, берекелі, дәулетті қылуға кімнің, ненің себебі тигендігінен хабардар болмай, ақылды жетілту, білім беру мүмкін емес дейді кейбір тәрбиешілер.

Бастауыш мектепте тарих оқыту керек пе? Керек болса, қандай түрде, қай шамада оқыту керек? Бұл таласта жүрген мәселе. Бұрынғы, соңғы замандағы пікірлермен таныс болу мұғалімге қажет.

…Тарихи мағлұматтар балалар әр тараулы білім алып, әзірленгеннен кейін, жазуға, оқуға әбден төселген соң, тарихи оңай әңгімелерді ұғынарлық болғаннан кейін, төңіректегі тұрмыс пен табиғаттан, жағрафиядан едәуір, білім алғаннан кейін үйретілетін болса, міне, осы шарттар табылған уақытта, тарихты оқытуға болады. Осындай дайындық балаларда 4 класта болуға лайық. Сондықтан тарихта шын мағынасында емес, тарихи хабарлар есебінде 4 кластан бастап оқыту дұрыс.

…Енді қандай тарих оқыту керек? Жалпы тарих, жат халықтың тарихы оқытылу дұрыс емес: бөтен жұрттың тұрмысында өзгешелік, жаттық бар: киімі, ойы, әдет-ғұрпы, кәсібі, өнері – бәрі жат. Сондықтан ұғу қиын…

Жиып-теріп келгенде ең қолайлы, ең пайдалы тарих жергілікті халықтың өз тарихы болуы керек. Тарих оқытқанда ең керекті, ең басты оқиғалар көзделу керек. Басқа жұрттың тарихынан жергілікті тарихқа керекті, өткен һәм қазіргі заманға қатысы бар жерлерін ғана алү керек. Өз жұртының тарихын білуге өмірдің өзі, күндегі көрген-білген, алған әсер, тарихи ескерткіштер баланың ынтасын тартып, қызықтырып отырады. Бұл жалпы тарихты ұғуға өте пайдалы. Көбінесе, тарихта халықтың әлеуметтік тұрмысынан суреттер болғаны жөн.

Өнер. Адам баласының мәдениет тарихында өнер көрнекті орын алған болса, бұл күнгі мәдениетті өмірінде өнердің зор маңызы бар болса, жалпы білім беретін мектепте өнердің қандай орын алу керектігі өзінен-өзі көрінсе керек. Өнерге негіз салуға жалпы білім беруді көксеген әрбір мектеп тырысуға тиісті. Әуелі кескін өнері мен әуес өнері, яғни сурет салу, ән, күй үйретуге негіз салу керек. Суретшінің суретшілігі: нәрсені барлық сыр-сипаттарымен ұғып алып яки қиялына құйып алып, нәрсенің өзінен адармай жасап шығар. Жай адам нәрсенің бөлімдерін ғана көреді, суретші нәрсені тұтас қалпында сіңіріп, жалпы рухын ұғып алады. Нәрсені тұрған қалпында жалпы рухыме ойға тоқып, сіңіріп алу – жалпы білімнің көздеген зор мақсатының бірі. Өнердің әдемілік сезімін күшейтуге ықпалы туралы педагогика пәнінде айтылады. Сондықтан мектеп әрбір баланың өнерге ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін де тәрбие ету керек.

Мектеп программасын қайта жасау туралы осы кездегі майданға шыққан пікірлерді білу бала оқытушыларға өте керек… Табиғаттану пәні бойынша мектеп программасын балалардың ұғымына лайықтап, төңіректегі өмірді, табиғатты бала өз бетімен қолма-қол айырып танырлық түрде жасау керек. Әр жердің өзгеше тұрмыс жағдайына қарай өзіне қолайлы программасы, өзіне лайықты оқу кітабы болу керек. Оқуды күнделікті ұшырайтын балалардың өміріне жақын нәрселерден, құбылыстардан бастау тиіс. Адамның өмірі белгілі заттардың танымал нәрселердің ортасында өтеді. Мектептің міндеті: алдымен төңіректегі нәрселерге қызықтырып, баланың махаббатын арттыру… Ондай оқу алдымен мектепті жергілікті өмірмен жақындастырады, айқастырады (психологиялық қатынасқа түсіреді). Балаға ең қымбат, ең жақын нәрсе - туған жері; туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, бала махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйренеді, жолығатын мәселелерді оңай шешетін болады, білгенін өмір жүзіне пайдаланатын болады.

Төңіректегі іліммен баланың ақылын таныстырып, күшейткеннен кейін оның қиялын қияға, жат нәрсеге аударып шарықтатуға мүмкін. Неғұрлым Отан тану туралы баланың есінде терең, айқын суреттер көп болса, қиыр өмірмен, қиыр табиғатпен таныстыру да сондай жеңіл.

Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйретіп, әкімшілік, әлеумет мекемелермен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің мағынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныстырамыз.

Сонымен біздің ұстанатын жолымыз: бастауыш мектеп программасын бұрынғыдан өзгертіп, жергілікті шарттарға жанастырып, дүние тану, Отан тану пәндерін алға қою ккерек…

Екінші жағынан географияны тарихтан бөлек қарауға болмайды… Ерте замандағы «половец», «пнченег» тәрізді көшпелі жұрттардың тұрмысымен танысуға бұл кездегі көшпелі қазақ жұртының өмірін білудің пайдасы зор… Көркем әдебиеттің өзін жақсы ұғу үшін де, география мен тарихты жақсы ұғу үшін де осы пәндерді байланыстыру пайдалы. Ондай біріктіруді оқытудың алғашқы күнінен бастау керек. Баланың меңгеруіне қарай пән сабақтарының байланыстарын бірте-бірте молайтып қиындата беру керек… Бірақ мектеп программасында қалай да біріктіруге негізделсін деп ешуақытта айтпаймыз. Ол тым соқырлық болады: неше тараулы пәндерді мидай араластырып жіберу ақылға сыймайды. Бұл жолды бастауыш мектепке ғана ұсынамыз. 4-кластан әрі алған жеке-жеке мағлұматтардың басын біріктіріп, ретке салу, жүйелеу, жіктеу қажет болады…

…Ынталану жемісті іске көңілдің көтеріңкі бір халі. Адамдағы бар ынта жетіліп, тәрбиелене берсе, жаңа ынта туа бермек. Ынта қазіргі істі жеңілдеткеннің үстіне, келешек іске де құмарландыратын нәрсе болу керек… Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек. Ол жаңалық бұрынғы ойда бар нәрсені не толықтыратындай, не дәлелмен бекітетіндей, не бұрынғыны бекерге шығаратындай, болмаса күшейтетіндей бір өзгеріс кіргізетін болу керек… Әр нәрсеге ынталанушылық адам өміріндегі бұлақтың көзі. Сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу – міне, адамның өмір күштерін өркендету өнері, онымен бірге әлеуметтің рухын сіңіру өнері…

Қызықты мағлұматпен сабақты шабыттандырып, ынтасын сүйреп, мейір қандырып оқыта білген мұғалім баланың ерікті ілтипатын күшейтуге жол ашады. Ілтипат дегеніміз ойдың бір нәрсеге қадалып түйілуі яғни ойды ұзақ сол нәрсеге тоқтатып, ол нәрсеге керексіз ойларды кетіру. Оқытудың берік негізін салу үшін оқу деректеріне ілтипатты ояту керек. Ол үшін оқытушы төмендегі жобаларды есінде тұтқаны жөн:

1. Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматымен ұштастыру.

2. Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару.

3. Сабақтың алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау.

4. Қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету.

5. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру түрлі әдіс, оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу.

6. Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану.

7. Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру; оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.

Ойжүйесі мұғалімді ойлау өнеріне үйретеді, шәкіртті ой дағдысына жаттықтырады. Педагогика, оның бер жағында дидактика пәні ой жүйесінің негіздерімен жақсы таныс, оның ережелерін кемел, жетік білетін мұғалімдерге арналалы. Мұғалім ойлау жүйесіне жетік болса ғана оқытуы дұрыс жүріп, шәкірттері білімді, ойшыл адам болып шығады…

Ақыл қызметінің осы айтылған жолын, бөлімдерден бүтінді құрау жеке мағлұматтардан қорытып, жалпы ұғым, жалпы ереже, жалпы заң шығару, жалқыдан жалпыға көшу, бір сөзбен жалпылау (индукция) деп атайды… Бұған қарсы ойлаудың екінші жолы жалпы ұғым, жалпы ережеден жеке мағлұмат шығарып, тараулатады. Ойлаудың бұл жолын жалпыдан жалқыға көшу яғни жалқылау (дедукция) деп атайды.

Мысал алайық. Жер жүзіндегі заттардың бәрінде салмақ бар (жалпы ұғым). Ендеше ауанын да, тозаңның да, микробтардың да салмағы болуға тиіс (жеке ұғым).

Мектеп мейрамында балаларға неғұрлым ерік көбірек берілсе, балалар қымсынбай ойына келгенін істей алатын болса, мейрам да сонша қызықты, рухты болмақ… Мейрамның программы балалардың қалауы, тілегімен жасалуы керек. Түрлі ойындар, кітап оқу, шебер сөйлеу, ән салу, домбыра тарту, міне, көбінесе балалар мейрамының програмына кіретін байырғы номерлер. Негізінен, бірігіп, қосылып орындайтын номерлер тиімді: жеке орындау мақтаншақтық, тәкаппарлық сықылды жаман мінездерді күшейтуге себеп болады. Пьесалар қойғанда өте сақ болу керек. Әсіресе, киімін, түрін бұзып ойнайтын қиын пьесаларды қою балалардың табиғатына лайықсыз еліктеу, қылжақ, мазақ сықылды жаман әдеттер туғызады; және балалар «өнер» деген нәрсеге жеңіл, қате ұғым береді. Балалардың тұрмысына лайық қысқа пьесалар қойған орынды: орындауы қиын ұзақ пьесалар балаларды қажытады, бала мереке көру орнына мезі болады.

Балаларға мейрамның, тынығудың, қуаныштың, сыйдың ең жақсысы-азаттық. Баланы оқудан босатып, ұзақ тынықтыру саулығына бір пайдалы, екінші, азаттықтың тәрбие, құлық жүзінен де мақсаты бар. Оқудан босаған соң шәкірт өзіне өзі беріледі; мектептен алған әдетін пайдаланып, өз бетімен, өз қалауымен өмір жасайды, іс істейді. Тәрбиенің жемісі азаттық уақытында көрінеді… Егер азаттық кезде шәкірт жалқаулыққа салынып, түк істемесе, мектептің баланы жақсы дағдыға, еңбек сүюге үйрете алмағаны, қарапайым айтқанда, оқудың жұқпағаны. Азаттық – қызмет өзгерту. Мектеп баланың өз бетімен істейтін жұмысына негіз салады, бағыт береді. Мектептен тысқары жерде бала мектептің берген бағытымен жүретін болса, тәрбие ықпалы күшті болғаны да. Азаттық баланың жанына біткен ерікті икемдерін (зеректігін) сыртқа шығаруға, сүйген ісіне емін-еркін берілуге кең жол ашады. Мұғалімнің бір қырағылығы – әр баланың бойындағы сондай қабілетін, икемін тап басып білу ғой. Оларды білсе, балаға түзу бағыт сілтеу, азаттық уағындағы қызметіне жоба көрсету қиын болмайды…

…Дұрыс тәрбие беретін мектептің бір үлгісі: қасында бақша болады… Бау, бақшаның әр жақтан пайдасы көп: бақшаның көз тойдырып, көңілге рахат бергені өз алдына, балалардың саулығына пайдасы тағы бар, мінез-құлық, тәрбие жағына әсері тағы бар. Шәкірттердің, мұғалімнің кеңесіп, шүйіркелесіп, бірігіп еңбек ететін орны, көбінесе, бақша болу керек…

Ондай шаруашылықтың шәкірттердің саулығына, тәрбиесіне, шаруаға үйренуіне тиетін пайдасы бір болса, жалпы халықтың тұрмысына да зор пайдасы екі бар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных