ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жауды көрсе шыдамайКөзін салар қияға, - дейді. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі халықты ерлік күреске шақырып тұр. Өлеңді жеке оқушыға оқытып, идеялық мазмұнын айқындап, тақырыптық мәні ұғындырылады. Aвтор үлестірмелі кеспе қағаздар мен түсті сигнал белгілері бойынша жеке оқушы өздерінің қорытынды пікірін ортаға салғанын, онда оқушы Махамбет шығармашылығын жауынгерлік жыр үлгісі деп қабылдайтындығын, мазмұндық өзегі саясатқа, отаншылдық сезіміне негізделген ақын жырлары дыбыстық жағынан ерекше екендігін, нақты дәлелденген пікірлерді ескере отырып, Махамбет жырларының ерекшелігі:
- жауынгерлігі, оның Отансүйгіштік рухы өзге халықтардың еркіндік, тәуелсіздік үшін күрескен ақын перзенттермен үндес жатқандығында (мысалы: венгер ақыны Ш.Петефи, поляк ақыны А.Мицкевич т.б) - тарихилығы, өмірде болған оқиғалармен етене байланыстылығы. Жауынгер ақынның кез-келген шығармасы жас жеткіншектерді жақсы қасиеттерге баулып, жаман әдеттерден жирендіруге негізделген деп қорытындыладым. Негізгі сызба үлгісіндегі 3 блок бойынша өткен сабақты қорытқанда найза ұшында белгіленген «Қазақстан-2030» бағытын ақын өлеңдерімен байланыстыра айтуға болады. Мәселен, ақынның «Ереулі атқа ер салмай» өлеңінің идеясын ашу мәнінде елді ерлік күреске үндеп, оның жаныңа күш-қуат берерін баяндай отырып, «Қазақстан – 2030» негізге алып, оқушыларды өз Отанымыздың ішкі саяси тұрақтылығын сақтай білуге ұмтылдыра аламыз. Демек, қолда қару болмаса да, сол найза екпініндей білім қажеттілігін оқушыларға үлгі етіп, түсіндіруге болады. Яғни, жас жеткіншектерді патриоттық рухта тәрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет етуге баулуда Махамбет өлеңдерінің маңызы ерекше. Осы тұрғыдан қарағанда, Махамбет өлеңдерін оқу-тәрбие ісінде ретімен пайдаланып отыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы деп түсінемін.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|