Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






МЫР ҚАРАШТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ




ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙЛАР

Каукенова А

Бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштаған ағартушы, ақын Қарашев Ғұмар қазақтың қоғамдық-әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, ізгіліктік, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған, артына мол мәдени мұра қалдырған философ, өз бетімен ғылым-білім биігіне көтерілген әмбебап ғұлама болатын. Сондықтан да оның шығармашылық қызметі мен қоғамдық-саяси, пәлсапалық еңбектері зерттеушілер назарынан тыс қалмай, ол туралы мәліметтер оқтын-оқтын болса да баспасөзде басылып жатты.

1958 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген «Антология казахской поэзий» деп аталатын үлкен жинақта оның «Покинувшей невесте» және «Не понимаю» деп аталатын өлендері беріліп, ол «қазақтың ірі ақыны» деп бағаланды. Сонымен қатар 1965 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» басылымының ІІ томында Ғ.Қараштың шығармаларына біршама талдау жасалынды. Осы зерттеуде ол туралы «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі – Ғ.Қарашев» деп баға берумен қатар «оның творчестволық мұрасы әр алуан, әрі мол. Оның мұрасын, соны тудырған дәуірдің күрделі шындығымен байланысты, тұтас күйде алып, сын тұрғысынан қарай талдап тексеру, байыптылықпен игеру қажет» деп тұжырым жасалды.

Ғ.Қараштың бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.Зиманов пен зерттеуші-ғалым М.Ысмағұлов көп үлес қосты. Олар 1962 жылы Мәскеуде шыққан «Философская энциклопедия» атты үлкен еңбекте былай деп жазды: «...казахский поэт, публицист, мыслитель... подвергал критике некоторые догмы ислама, ратовал за реформу школы, призвал к сближению с русским народом. Философской основой его творчества становится стихиный материализм».

1966 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» монографиялық еңбегінде ақынның әдеби мұраларынан талдау жасаған ол «Ғ.Қарашевтың творчестволық мұрасы мол, әрі қайшылықты. Бірақ оның сол мұрасы әлі күнге дейін толық жиналған да, түбегейлі зерттелген де емес» деп баға берген. Сондай-ақ, Ғ.Қараштың ақындық қырын зертеп, кандидаттық диссертация қорғағандардың бірі – Тәжімұратов Мақсат Әнесұлы.

Ғ.Қараш өмірі мен шығармашылығынан шетел ғалымдары тарапынан М.Олкотт, Т.Дж.Виннер, А.Беннигеен біршама зерттеді. Ғ.Қарашқа қатысты бірқатар мәлімет туысқан республикалар зерттеуінде де ұшырасады, олар қолжазба түрінде жеке мұрағаттарда, кітапхана қорларында жинақталған.

Ақынның Жәңгерей Бөкеевпен араласуы орыс тілін еркін меңгеруге көмектеседі. Зерек, білімге құштар Ғұмар А.Некрасовтың «Соғыс қаһары» өлеңін аударып, Л.Толстой философиясымен танысады.

Халыққа қызмет етуді өмірдің мақсат-мұраты санаған ақын елге нақты қызмет етіп, әлеуметтік өмірге белсене араласып, ағартушылық жолына бет бұрды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен тараған «Айқап», «Мұғалім», «Шора» журналдары мен «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрыстылығы» газеттерінде жарияланған өлең, мақалаларынан Ғ.Қараштың ағартушылық ой-пікірлері айқын көріне бастайды.

Қараштың 1910-1913 жылдарды пәлсапалық, ағартушылық толғаныс түріндегі қара сөбен жазылған үш кітабы жарық көрді. Соның бірі - «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910). Ақын бұл кітабында адам өмірінде және өз дәуіріндегі әлеуметтік ортада кездескен көптеген маңызды мәселелерді қарастырды. «Дұрысты бұрыстан айыру, сол туралы түсініктерді ажырата білу – азамат ойының негізгі міндеті» санаған Ғ.Қараш Латын-әпендіге жазған хатында жауап ретінде моралдық-әлеуметену жағдаяттар жөнінде өз ой-пікірін айтуды мақсат еткен.

Ғұмардың ислам діні жөніндегі көзқарасын өлеңдері мен кітап күйінде жарияланған пәлсапалық ой-толғамдарынан, мақалаларынан айқын тануға болады. «Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстаса, біз надан, жалқау боп қаранғылықта қалмаған болар едік... Діннің өзі адамдарды дұрыс сақтай алады, дұрыс жолға бағыттайды». Міне, ислам дінінің тәрбиелік маңызын Ғұмар осылай байыптайды.

Ғұмар өмірінде жылғыз жүріп жол табу емес, ірі, іргелі мақсаттар жолында қауымдастықты артық санайды. Ол ұлттық тәлім-тәрбие үшін ана тіліндегі мектептер мен ұстаздардың, оқулықтардың қажеттігі туралы толғанған.

Шындықты ту етіп, келешеккке сеніммен қарау, ұлт келешегі үшін пәрменді қаракет ету, білім-ғылымды дер кезінде игеру, ғылымға еңбекпен келу, өзін тани білу имандылық кепілі екендігі туралы саралы ойлар айтады. Ал Қарашың «Өрнек» жинағы күнделікті өмірге, адам бойындағы әдет-дағды, кісілік сыр-сипат туралы зерделі толғаныстарынан тұрады.

Қарастырған мәселелерінің негізгісі - иман. Ғұмар иманды адамның басты қасиеті санайды. Иманды адам шапағат, қайыр етуге, ізгі іс жасауға ұмтылады және онысын қарыз етпейді. Ғұмар өлеңдерінде жеріне жеткізе жалқаулық пен тоғышарлықты, амал-әрекетсіздікті санайды. Ол «әрекет ету – құдай жолына бой ұсыну, іссіздік – азу, өнер-білімнен құр қалу, бақсыға түнеу, ақылмен барламай қияли қал кешу – дүниелік ғылыми пәндерден хабарсыздық, надандық белгісі» - дейді.

Ғ.Қараш «Бәдел-хажы» кітабында қөкейкесті мәселелерді көтереді. «...Ақшаны беделге ысырап қылғанын, ол ақшамен шәкірт оқыту керек, мұғалім сақтап, мектеп тәрбиелеу керек. Ол ақшаны мұқтаж көрші һәм жақындарға беріп, аштықтан, жалаңаштықтан сақтау керек» деген батыл да пайдалы пікір айтады.

Ағартушы ойшыл Ғ.Қараш «Бұ қай заман» аталған мақаласында ғылым мен өнердің мәнін тереңірек ұғындыруды мақсат еткен. Ол санаулы дүниелік пәндерді атай келіп «Бұл пәндерді оқудағы мақсат оларда баян етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам баласына түрлі жақтан пайда келтіру болады. Бұларды ғарабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл, я болмаса французша оқып біл - бәрі бір тек мағынаны біл де, халыққа пайда келтір» дейді. Демек, Қараш ғылым - бүкіл адамзаттың игілігі, сондықтан қай тілде болсын ғылымды меңгеру мұрат дейтін озық ой ұсынады. Өмір жарысында ертеден кешке дейін есінеп, жата бермей, талпыныс жасап, өнер білім алып қалу туралы көкейкесті ойларын «Тіршілік таласы» мақаласында өрбіте түседі. Мұның бәрі Ғ.Қараштың өз кезеңінің озық ойлы білімдары болғанын дәлелдей түседі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных